Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі №343-VІ «Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың Қағидаларын бекіту туралы шешіміне» өзгеріс енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі №343-VІ «Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту

жөніндегі істі ұйымдастырудың Қағидаларын бекіту туралы

шешіміне» өзгеріс енгізу туралы

 

 

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысындағы жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың Қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2019 жылғы                    16 шілдедегі №343-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4475 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын;

     «Қабірлерді қарап-күту және пайдалануға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №24066 болып тіркелген) бекітілген «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен айқындалады.».

  1. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                                                                                             

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
28 октября 2021