Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

       

Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы
№199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

ШЕШТІ:

  1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4092 болып тіркелген, 2018 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларында:

1-тараудың 1 тармағында көрсетілген   «2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» сөздері алынып тасталсын.

Келесі мазмұндағы 3-параграф 29-1-тармақпен толықтырылсын:

«29-1. Іргелес аумақтағы жасыл желектер жойылған жағдайда, қарамағында осы аумақ бар заңды немесе жеке тұлға өтемдік отырғызуды он есе мөлшерде жүргізеді.»;

3-параграф. 30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «30. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады және жиырма есе мөлшерде ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ағаштар заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштарды өтемдік отырғызу отыз есе мөлшерде жүргізіледі».

Көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:

         3-параграф.  20  тармағында  көрсетілген «Қазақстан  Республикасы                       Денсаулық сақтау министрінің  2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығы» сөздері алынып тасталсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                                                                                             

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
03 июля 2021