Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы
№352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VII шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті IV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасының 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатының сомасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |