GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
12 октября 2026
10 – қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні!

10 – қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні

Атырау облысы Аумақтық Кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай мерекелік шара өтті.

Шара барысында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы М.Жақыповпен бірқатар азаматтарды  марапаттау рәсімі болды.

Солардың бірі – Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Елеусинова Шынар Максутовна өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін кәсіподақ қозғалысының үздік өкілдерінің бірі ретінде «Өз ісінің маманы» медалімен марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!   

18 сентября 2026
Қазақстанда этносаралық "өшпенділік тілінің" алдын алуға арналған "QazNetEtiquette" Әдеп кодексін халық арасында кеңінен тарату.

Қазақстанда этносаралық "өшпенділік тілінің" алдын алуға арналған "QazNetEtiquette" Әдеп кодексін халық арасында кеңінен тарату.

 

 

"KONRAD ADENAUER STIFTUNG» және «MediaNet» мекемелерімен дайындалған.

16 сентября 2026
Жастарға бағдар!

Жастарға бағдар!

 Қазіргі таңда «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі «Әкімдікте бір күн» жобасы аясында қоғамдық белсенді жастары мемлекеттік мекемелерде тағыламдамадан өтуде.

Тағылымдаманың мақсаты – қатысушыларды жергілікті атқарушы органдарының жұмысымен таныстыру, оларға іс жүзінде әкімдікте шешім қабылдау және жұмыс процесстерін көруге мүмкіндік беру.

Осы орайда, Атырау облысы жастар мәслихатының депутаты Кенжеғали Ақжол Нұрланұлы аталған жоба аясында 2026 жылғы 16 қыркүйекте Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының қызметімен танысты. 

Тағыламдама барысында басқарманың қызметкерлері Ақжол Кенжеғалиды мекеме жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып, өңірдегі экономикалық даму, бюджет саясаты туралы мағлұмат берді.  

 

     

20 августа 2026
Мемлекеттік қызмет жауапкершілік жүктейді!

Мемлекеттік қызмет жауапкершілік жүктейді! 

2026 жылғы 20 тамызда Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Ахметованың басқаруымен өткен жиынға Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының, сондай-ақ, басқармаға қарасты Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының «Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қарау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де қатысты.

Жиында мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы айрықша жауапкершілігі туралы айтылып, соған орай олардың ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары талаптарын қатаң ұстану қажеттігі аталып өтті.

Соның ішінде, еңбек тәртібін сақтау, киімнің іскерлік стилін ұстану, азаматтармен қарым-қатынаста қарапайым және әдепті болу мәселелеріне назар аударылып, осы бағытта пікір алмасу болды.

Пікір алмасу барысында алдағы Құрылтай депутаттары сайлауы туралы әңгіме қозғалып, басқарма қызметкерлері бұл науқанға белсенді қатысатындарын айтты.             

 

 

20 августа 2026
Азаматтарды қабылдау!

Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 21 тамызы сағат 10:00-11:00 аралығында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы Атырау қаласы Әйтеке би көшесі 77 мекен жайында орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығында» жеке қабылдау жүргізеді.

10 июля 2026
Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері "Елтану" жобасы аясында эссе байқауына қатысты!

Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері "Елтану" жобасы аясында эссе байқауына қатысты!

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен республикада «Елтану» ағартушылық жобасы іске асырылуда. Осы жобаның аясында таяуда Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында эссе байқауы өтті.

    Шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің елдің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық әлеуетін дамыту.

    «Адал азамат – Әділеттті Қазақстанның тірегі», «Құрылтай және Елтану: менің Қазақстаным», «Абай мұрасы – мәңгілік рухани қазына» тақырыптарын қамтыған эссе байқауына Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік  әріптестік бөлімінің басшысы Шмалиев Ермек Серікұлы және экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Бозакаева Венера Алдиарқызы қатысып, жоба аясындағы іс-шараға белсенді атсалысты.

  

10 июля 2026
Мәртебелі марапат!

               Мәртебелі марапат!

Таяуда адам құқықтары мәселесіне арналған жиын өтті. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі аталған шара барысында бірқатар азаматтарды Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі болды. Солардың бірі – Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Махсұт Мәдиұлы көп жылғы адал еңбегі, жауапты көзқарасы, жоғары кәсіби шеберлігі үшін марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!   

 

24 июня 2026
Үздік қызметшілердің ата-аналарына алғыс!

Үздік қызметшілердің ата-аналарына алғыс!

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында қалыптасқан жақсы дәстүрдің бірі - кәсіби жетістіктерімен көзге түсіп жүрген жас мемлекеттік қызметкершілердің ата-аналарына құрмет көрсету.         

Осы орайда бүгін Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының бас маманы Теміртас Жаннаның әкесі Қалыбек Теміртасұлы анасы Бибігүл Қабекенқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен  табыстау шарасы өтті.

Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Тлеуғалиева Самал Қайратқызы аталған қызметкердің кәсіби шеберлігін, адами қасиеттерін атап өтіп, осындай азаматты тәрбиелеп өсірген анасы Бибігүл Қабекенқызына шынайы алғысын айтты.

Өз кезегінде басқармаға Б.Қабекенқызы басқарма басшылығына, ұжымына ризашылықтарын білдіріп, табысты еңбек тіледі.

23 июня 2026
Мемлекеттік қызмет: мәртебе және жауапкершілік!

Мемлекеттік қызмет: мәртебе және жауапкершілік! 

 

Мемлекеттік қызметтің мәртебесін мемлекеттік қызметшілер айқындайтыны ақиқат.

Осыған орай, 22 маусым күні Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі өкілі Ф.Ахметованың басқаруымен бірқатар облыстық басқармалардың ұжымдары үшін арнайы жиын өткізіліп, бұл шараға Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері де қатысты.  

Жиында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» заң жобасына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар жан-жақты талқыланды.

Аталған заң жобасы аясында көзделген жаңашылдықтардың маңыздылығы атап өтіліп, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту, әдеп қағидаларын сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін жақсарту мәселелеріне айрықша назар аударылды.                

23 июня 2026
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні!

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні!

 

23 маусым - Мемлекекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада өңіріміздің өркендеуіне үлес қосып, мемлекеттік саясатты іске асыруда қажырлы еңбек етуші қызметкерлер марапатталды.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде орындап, кәсіби біліктілігімен және еңбексүйгіштігімен ерекшеленген басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне, атап айтқанда, Багитов Максот Урынбаевичке, Кусаинова Гульбакыт Бактыгереевнаға, Муратова Рухиля Узакбаевнаға, Аубекерова Назымгуль Кожбановнаға, Ризуанова Назгуль Бакыткалиевнаға Атырау облысы әкімінің алғыс хаты табысталды.

Салтанатты жиында мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызды рөлі атап өтіліп, сала қызметкерлеріне алдағы жұмыстарына табыс және жаңа жетістіктерге ие болуға тілек білдірілді.

Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы