Меню

Страницы

Статья

Жергілікті өзін-өзі басқару туралы ақпарат.

Атырау облысы бойынша 68 селолық округы және аудандық маңызы бар             1 қала бар, олар Құрманғазы ауданында – 19, Индер ауданында – 7, Исатай ауданында – 7, Қызылқоға ауданында – 10, Мақат ауданында – 3, Махамбет ауданында – 9, Жылыой ауданында – 7, Атырау қаласында – 7 селолық округ бар.

          2018 жылдан бастап облыс бойынша адам саны 2000 нан асатын                 47 аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтердің (бұдан әрі – а/о)                  IV-деңгейлі бюджеті енгізіліп, коммуналдық меншігі қалыптастырылды. Оның ішінде:

- Құрманғазы ауданы – 12 а/о (Құрманғазы, Азғыр, Ақкөл, Бірлік, Дыңғызыл, Еңбекші, Өрлік, Жаңаталап, Кудряшов, Мақаш, Нұржау, Сүйіндік);

- Индер ауданы – 6 а/о (Есбол, Көктоғай, Индербор, Жарсуат, Елтай, Өрлік);

- Исатай ауданы – 4 а/о (Аққыстау, Жанбай, Қамысқала, Тұщықұдық);

- Қызылқоға ауданы – 5 а/о (Миялы, Ойыл, Тасшағыл, Сағыз, Мұқыр);

- Мақат ауданы – 2 а/о (Мақат, Доссор);

- Махамбет ауданы – 6 а/о (Алға, Бақсай, Бейбарыс, Есбол, Махамбет, Сарайшық);

- Жылыой ауданы – 1 аудандық маңызы бар қала (Құлсары) және 4 а/о (Қосшағыл, Жем, Қара Арна, Жаңа Қаратон);

- Атырау қаласы – 7 а/о (Ақсай, Қайыршақты, Атырау, Кеңөзек, Дамбы, Еркінқала, Алмалы).

Бұл, өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару (бұдан әрі – ЖӨБ) органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуге ықпал етіп, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2 мың  және одан  аз адамды құрайтын 22 ауылдық округте, оның ішінде:

- Құрманғазы ауданы – 7 ауылдық  округте (Асан, Қиғаш, Көптоғай, Сафон, Теңіз, Байда, Шортанбай);

- Индер ауданы – 1 ауылдық  округте (Бөдене);

- Исатай ауданы – 3 ауылдық  округте (Забурын, Исатай, Нарын);

- Қызылқоға ауданы – 5 ауылдық  округте (Жангелді, Көздіқара, Жамбыл, Қызылқоға, Тайсойған);

- Мақат ауданы – 1 ауылдық  округте (Бәйгетөбе);

- Махамбет ауданы – 3 ауылдық  округте (Ақжайық, Ақтоғай, Жалғансай);

- Жылыой ауданы – 2 ауылдық  округте (Ақкиізтоғай, Майкөмген) жергілікті өзін-өзі басқарудың IV-деңгейлі бюджеті мен коммуналдық меншігі енгізілді.

Алдағы уақытта ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзырына берілген функцияларын уақтылы және толықтай атқаруы үшін іске асырылып отырған іс-шаралар жалғасын таба бермек.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабына сәйкес 2020 жылға облыстың  68 ауылдық округы және аудандық маңызы бар 1 қала  бюджеттері 13 170,9 млн теңгеге жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісіліп, қала, аудандар мәслихат шешімдерімен бекітілді.

2020 жылдың  1 қыркүйек  жағдайына түсімдердің жоспары 7 628,6 млн теңге, орындалысы  8 249,0 млн теңге немесе 108,1 пайызды құрады. Шығыстары  жоспары 7 628,9 млн теңге, игерілуі 7 582,3 млн теңге немесе 99,3 пайызды құрады.

Дата публикации
30 декабря 2020
Дата обновления
30 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
30 декабря 2020
Жергілікті өзін-өзі басқару туралы ақпарат.
30 декабря 2020
Мемлекеттік - жекешелік әріптестік туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы