Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау), 1 аудандық маңыздағы қаладан (Құлсары), 7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.
2025 жылдың 1 сәуіріне халық саны – 712,5 мың адам, оның ішінде қала халқы 391,1 мың адам (54,9%) (01.04.2024 ж. халық саны – 706,7 мың адам).
2025 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыстың жалпы өңірлік өнімі 15 016,6 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 93,6%.
Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 11,2%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 21 227,0 мың теңге.
Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 47,3% (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 42,1%, өңдеу өнеркәсібі – 4,3%), сауда – 15,7%, құрылыс – 4,6%, көлік және қоймалау – 3,4%, ауыл шаруашылығы – 0,6%.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі
4 611,8 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 111,4%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 4 225,0 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 113,0%.
Есепті кезеңде облыста 20,4 млн тонна мұнай (114,9%) және 10,3 млрд текше метр ілеспе мұнай газы (105,7%) өндірілді.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 312,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 95,8%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 21,3 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 110,7%.
Оның ішінде, мал шаруашылығында – 19,8 млрд теңге (НКИ – 111,6%) және өсімдік шаруашылығында – 576,7 млн теңге (НКИ – 100,0%).
Ірі қара мал басының саны 54,1% (242,5 мың бас), қой мен ешкі 2,5%
(668,2 мың бас), жылқы 37,0% (149,3 мың бас), түйе 18,1% (44,6 мың бас) өсті.
Есепті кезеңде облыста 14,0 мың тонна ет (108,8%), 6,9 мың тонна сүт (102,4%), 18,3 млн дана (265,3%) жұмыртқа өндірілді.
Негізгі капиталға 380,9 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 59,6%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 114,7 млрд теңгені құрады немесе 42,0%.
Облыста 146,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 102,1%.
Сауда көлемі 2 314,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,0%.
2025 жылғы наурызда облыстың сыртқы сауда айналымы
5 835,2 млн АҚШ долларын құрады немесе 2024 жылдың наурызымен салыстырғанда 76,2%, оның ішінде экспорт – 5 627,4 млн АҚШ долларын (76,2%), импорт – 207,8 млн АҚШ долларын құрады (76,0%).
Көлік және қоймалау қызметі 252,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 120,5%.
Байланыс қызметінің көлемі 6 100,5 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,6%.
2025 жылдың 1 мамырына шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 63 406 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің
(63 406 бірлік) тіркелген субъектілер санындағы (68 488 бірлік) үлесі – 92,6%.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 5 389,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді (НКИ – 102,9%), осы кезеңде салада 155 321 адам жұмыспен қамтылды (104,9%).
2025 жылғы 1 тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
2025 жылдың қаңтар-сәуірінде 8 541 жаңа жұмыс орны құрылды, оның
3 222-і тұрақты, 5 319-ы уақытша.
2025 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық жалақы 634 234 теңгені құрады немесе 2024 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 105,0%.
2024 жылғы 4 тоқсанына халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 339 821 теңгені құрап,
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,8%.
2025 жылдың сәуір айындағы инфляция деңгейі (2024 жылдың желтоқсанына) 105,0%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 104,4%, азық-түлік емес тауарларға – 103,6%, ақылы қызметтерге – 107,7%.