Атырау облысының 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау), 1 аудандық маңыздағы қаладан (Құлсары), 7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.

2025 жылдың 1 наурызына халық саны – 711,8 мың адам, оның ішінде қала халқы 390,8 мың адам (54,9%) (01.03.2024 ж. халық саны –
705,9 мың адам).

2025 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың жалпы өңірлік өнімі 9 864,8 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 95,1%.

Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 11,6%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 13 958,2 мың теңге.

Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 51,8% (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 46,5%, өңдеу өнеркәсібі – 4,3%), сауда – 14,9%, құрылыс – 5,1%, көлік және қоймалау – 3,2%, ауыл шаруашылығы – 0,6%.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі
3 464,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 111,2%.

Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 3 172,6 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 111,1%.

Есепті кезеңде облыста 15,1 млн тонна мұнай (112,8%) және 7,3 млрд текше метр ілеспе мұнай газы (98,9%) өндірілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 14,4% өсіп, 233,0 млрд теңгені құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 15,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 109,8%.

Оның ішінде, мал шаруашылығында – 14,4 млрд теңге (НКИ – 110,6%) және өсімдік шаруашылығында – 463,0 млн теңге (НКИ – 100,0%)

Ірі қара мал басының саны 54,2% (233,5 мың бас), қой мен ешкі 5,3%
(610,4 мың бас), жылқы 37,6% (144,8 мың бас), түйе 16,8% (42,8 мың бас) өсті.

Есепті кезеңде облыста 10,8 мың тонна ет (107,4%), 4,0 мың тонна сүт (100,7%), 13,8 млн дана (267,3%) жұмыртқа өндірілді.

Негізгі капиталға 281,5 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 57,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 77,5 млрд теңгені құрады немесе 42,9%.

Облыста 111,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 121,5%.

Сауда көлемі 1 729,8 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,1%.

2025 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың сыртқы сауда айналымы
3 986,8 млн АҚШ долларын
құрады немесе 2024 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 77,6%, оның ішінде экспорт – 3 844,9 млн АҚШ долларын (77,6%), импорт – 141,9 млн АҚШ долларын құрады (77,9%).

Көлік және қоймалау қызметі 186,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 119,2%.

Байланыс қызметінің көлемі 4 567,9 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,3%.

2025 жылдың 1 сәуіріне шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 63 648 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,8%.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің
(63 648 бірлік) тіркелген субъектілер санындағы (68 276 бірлік) үлесі – 93,2%.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 5 389,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді (НКИ – 102,9%), осы кезеңде салада 155 321 адам жұмыспен қамтылды (100,4%).

2024 жылы облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

2025 жылдың қаңтар-наурызында 6 678 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1 960-ы тұрақты, 4 718-і уақытша.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық жалақы 620 413 теңгені құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 103,6%.

2024 жылдың 4 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 339 821 теңгені құрап,
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,8%.

2025 жылдың наурыз айындағы инфляция деңгейі (2024 жылдың желтоқсанына) 104,0%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 103,0%, азық-түлік емес тауарларға – 103,0%, ақылы қызметтерге – 106,8%.

 

Дата публикации
22 апреля 2025