Атырау облысының 2024 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.
2024 жылдың 1 тамызына халық саны – 708,7 мың адам, оның ішінде қала халқы 390,7 мың адам (55,1%).
2024 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.
2024 жылдың қаңтар-наурызында облыстың жалпы өңірлік өнімі
3 153,5 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 98,4%.
Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 12,1%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 4 470,5 мың теңге.
2024 жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіп өнімінің көлемі 7 045,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 99,2%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 6 388,6 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 98,9%.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 525,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,1%.
Негізгі капиталға 1 303,1 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 70,6%.
Жыл басынан 416,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 113,5%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 480,7 млрд теңгені құрады немесе 65,2%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 53,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,7%.
Мал шаруашылығында – 38,8 млрд теңге (104,7%) және егін шаруашылығында – 12,0 млрд теңге (97,7%).
Ірі қара мал басының саны 41,4% (228,7 мың бас), қой мен ешкі 0,5%
(614,5 мың бас), жылқы 17,9% (136,9 мың бас), түйе 11,1% (42,4 мың бас) өсті.
Есепті кезеңде облыста 27,8 мың тонна ет (103,2%), 21,6 мың тонна сүт (103,8%), 16,1 млн дана (3,6 есе) жұмыртқа өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
62 368 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 92,7%.
2024 жылғы 2 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
2024 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық жалақы 601 843 теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,0%.
2024 жылдың 1 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 362 866 теңгені құрап,
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2%.
2024 жылдың тамыз айындағы инфляция деңгейі (2023 жылдың желтоқсанына) 105,5%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 103,8%, азық-түлік емес тауарларға – 105,9%, ақылы қызметтерге – 108,2%.
Сауда көлемі 4 367,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 92,5%. Бөлшек сауда көлемі 350,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,3%.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың сыртқы сауда айналымы
17 957,0 млн АҚШ долларын құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%, соның ішінде экспорт – 17 242,7 млн АҚШ долларын (101,8%), импорт – 714,3 млн АҚШ долларын құрады (88,1%).
Көлік және қоймалау қызметі 410,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 82,9%. Көліктің барлық түрімен 74,0 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2023 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 104,1%.
Байланыс қызметінің көлемі 11 753,3 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,3%.