Атырау облысының 2024 жылғы қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Атырау облысының 2024 жылғы қаңтар-мамыр айындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.

2024 жылдың 1 мамырына халық саны – 707,6 мың адам, оның ішінде қала халқы 390,5 мың адам (55,2%).

2024 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан облыстың жалпы өңірлік өнімі
14 950,4 млрд
теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 109,7%.

Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 12,8%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 21 401,2 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 305,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,0%.

Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 3 946,4 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 97,6%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 279,5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 97,6%.

Негізгі капиталға 780,7 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 65,4%.

Жыл басынан 183,4  мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 95,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 345,3 млн теңгені құрады немесе 85,2%.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 39,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,4%.    
         Мал шаруашылығында – 37,8 млрд теңге (102,5%) және егін шаруашылығында – 591,6 млн теңге (100,0%).

Мүйізді ірі қара мал басының саны 1,5% (248,7 мың бас) өсті, қой мен ешкі 5,1% (747,3 мың бас), жылқы 2% (159,1 мың бас), түйе 0,2% (44,5 мың бас) азайды.

22,5 мың тонна ет (102,1%), 30,8 мың тонна сүт (101,9%), 8,8 млн дана (217,5%) жұмыртқа өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
62 802 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 92,9%.

2024 жылғы 1 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық жалақы 604 052 теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,7%.

2023 жылдың 4 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 353 132 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,0%.

2024 жылдың мамыр айындағы инфляция деңгейі (2023 жылдың желтоқсанына) 103,6%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 103,1%, азық-түлік емес тауарларға – 103,4%, ақылы қызметтерге – 104,6%.

Сауда көлемі 2 620,2 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі 91,2%. Бөлшек сауда көлемі 190,7 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,4%.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымы
10 291,2 млн АҚШ долларын құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,7%, соның ішінде экспорт – 9 918,6 млн АҚШ долларын (94,4%), импорт – 372,6 млрд АҚШ долларын құрады (102,9%).

Көлік және қоймалау қызметі 251,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 81,5%. Көліктің барлық түрімен 46,0 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2023 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 102,1%.

Байланыс қызметінің көлемі 7 319,0 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 105,1%.

 

Дата публикации
20 июня 2024