Атырау облысының 2024 жылғы қаңтар-наурыз айындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.
2024 жылдың 1 наурызына халық саны – 705,9 мың адам, оның ішінде қала халқы 390,2 мың адам (55,3%).
2023 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың жалпы өңірлік өнімі 9 682,3 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 109,3%.
Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 12,8%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 13 887,1 мың теңге.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 641,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 100,6%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 2 426,1 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 100,3%.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 2,3% өсіп, 163,9 млрд теңгені құрады.
Негізгі капиталға 476,7 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 70,5%.
Жыл басынан 91,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 68,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 177,8 млн теңгені құрады немесе 100,4%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 20,4 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,6%.
Мал шаруашылығында – 19,4 млрд теңге (102,7%) және егін шаруашылығында – 428,3 млн теңге (100,0%).
Мүйізді ірі қара мал басының саны 3,6% (231,1 мың бас), қой мен ешкі 0,2% (643,5 мың бас), жылқы 1,4% (147,8 мың бас), түйе 2,3% (42,3 мың бас) өсті.
13,7 мың тонна ет (102,2%), 9,7 мың тонна сүт (102,3%), 5,2 млн дана (198,6%) жұмыртқа өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
63 144 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 95,2%.
2023 жылдың қортындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.
2023 жылы орташа айлық жалақы 598 935 теңгені құрады немесе
2022 жылмен салыстырғанда 115,7%.
2023 жылдың 4 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 353 132 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,0%.
2024 жылдың наурыз айындағы инфляция деңгейі (2023 жылдың желтоқсанына) 102,4%-ды құрады (ҚР – 102,6%), соның ішінде азық-түлік тауарларға – 102,3% (ҚР – 102,5%), азық-түлік емес тауарларға –
102,2% (ҚР – 101,7%), ақылы қызметтерге – 103,0% (ҚР – 103,6%).
Сауда көлемі 1 570,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 88,1%. Бөлшек сауда көлемі 113,8 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,5%.
2024 жылы қаңтар-ақпанда облыстың сыртқы сауда айналымы
5 139,7 млн АҚШ долларын құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%, соның ішінде экспорт – 4 958,5 млн АҚШ долларын (102%), импорт – 181,2 млрд АҚШ долларын құрады (83,7%).
Көлік және қоймалау қызметі 150,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 81,5%. Көліктің барлық түрімен 27,8 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 103,6%.
Байланыс қызметінің көлемі 4 445,7 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 107,7%.