Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.
2024 жылдың 1 ақпанына халық саны – 704,9 мың адам, оның ішінде қала халқы 389,9 мың адам (55,3%).
2023 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың жалпы өңірлік өнімі 9 682,3 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 109,3%.
Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 12,8%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 13 887,1 мың теңге.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 740,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,1%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 1 597,6 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 100,6%.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 107,9 млрд теңгені құрады немесе 106,3%.
Негізгі капиталға 345,4 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 77,0%.
Облыс бойынша 65,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 66,7%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 115,0 млрд теңгені құрады немесе 107,9%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 12,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,4%. Мал шаруашылығында – 11,4 млрд теңге (101,4%) және егін шаруашылығында – 298,0 млн теңге (100,0%).
Мүйізді ірі қара мал басының саны 4,0% (225,6 мың бас), жылқы 2,0%
(145,4 мың бас), түйе 2,2% (41,3 мың бас) өсті, қой мен ешкі басының саны өзгеріссіз (606,0 мың бас).
8,4 мың тонна ет (102,4%), 5,1 мың тонна сүт (97,9%), 3,4 млн дана (197,6%) жұмыртқа өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
63 415 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпаныымен салыстырғанда 97,0%.
2023 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.
2023 жылы орташа айлық жалақы 598 935 теңгені құрады немесе
2022 жылмен салыстырғанда 115,7%.
2023 жылдың 3 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 358 299 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,5%.
2024 жылдың ақпан айындағы инфляция деңгейі (2023 жылдың желтоқсанына) 102,1%-ды құрады (ҚР – 101,9%), соның ішінде азық-түлік тауарларға – 101,9% (ҚР – 101,9%), азық-түлік емес тауарларға – 102,0%
(ҚР – 101,2%), ақылы қызметтерге – 102,6% (ҚР – 102,5%).
Сауда көлемі 1 059,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 97,1%. Бөлшек сауда көлемі 71,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,3%.
2024 жылғы қаңтарда облыстың сыртқы сауда айналымы 2 640,2 млн АҚШ долларын құрады немесе 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 109,1%, соның ішінде экспорт – 2 541,0 млн АҚШ долларын (110,3%), импорт – 99,2 млн АҚШ долларын құрады (84,2%).
Көлік және қоймалау қызметі 99,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 82,3%. Көліктің барлық түрімен 18,1 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 103,2%.
Байланыс қызметінің көлемі 2 729,4 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 108,7%.