Атырау облысының 2024 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Атырау облысының 2024 жылғы қаңтар айындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.

2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 704,1 мың адам, оның ішінде қала халқы 389,9 мың адам (55,4%).

2023 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың жалпы өңірлік өнімі 9 682,3 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 109,3%.

Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 12,8%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 13 887,1 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 875,4 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,8%.

Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 804,7 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 98,4%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 53,7 млрд теңгені құрады немесе 102,7%.

Негізгі капиталға 195,4 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 80,1%.

Облыс бойынша 30,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 61,0%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 44,1 млрд теңгені құрады немесе 102,4%.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 5,5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 94,8%. Мал шаруашылығында – 5,2 млрд теңге (94,5%) және егін шаруашылығында – 150,5 млн теңге (100,0%).

Мүйізді ірі қара мал басының саны 1%-ға (221,7 мың бас), қой мен ешкі 3,6%-ға  (582,6 мың бас), түйе 3,9%-ға (40,7 мың бас) өсті, жылқы басының саны өзгеріссіз (143,1 мың бас).

3,9 мың тонна ет (91,7%), 2,4 мың тонна сүт (102,7%), 1,8 млн дана (192,3%) жұмыртқа өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
64 692 бірлікті құрады немесе 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 100,1%.

2023 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.

2023 жылы орташа айлық жалақы 598 935 теңгені құрады немесе
2022 жылмен салыстырғанда 115,7%.

2023 жылдың 3 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 358 299 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,5%.

2024 жылдың қаңтар айындағы инфляция деңгейі (2023 жылдың желтоқсанына) 101,2%-ды құрады (ҚР – 100,8%), соның ішінде азық-түлік тауарларға – 101,4% (ҚР – 101,1%), азық-түлік емес тауарларға – 101,1%
(ҚР – 100,5%), ақылы қызметтерге – 100,8% (ҚР – 100,7%).

Сауда көлемі 555,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,1%. Бөлшек сауда көлемі 32,5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,4%.

2023 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 30 083,6 млн АҚШ долларын құрады немесе 2022 жылмен салыстырғанда 88,9%, соның ішінде экспорт – 28 735,2 млн АҚШ долларын (88,2%), импорт – 1 348,4 млн АҚШ долларын құрады (107,1%).

Көлік және қоймалау қызметі 51,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 81,6%. Көліктің барлық түрімен 9,6 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 103,9%.

Байланыс қызметінің көлемі 1 482,8 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 108,1%.

 

Дата публикации
20 февраля 2024