2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет бекіту

«2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»

жобасына түсіндірме жазба

Осы «2024 - 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Атырау облыстық мәслихатының шешімінің жобасы Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 2024 – 2026 жылдарға арналған жергілікті бюджет параметрлері және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары негізінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

БЮДЖЕТ

Кірістер

2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет кірістерінің түсімдерін болжамдау Қазақстан Республикасының Салық және Бюджет кодекстерінің, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін есепке ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының негізінде Бюджетке түсімдерді болжамдау әдістемесіне сәйкес облыстық экономика және қаржы басқармасымен  жүзеге асырылды.

Келесі жылдарға арналған облыстық бюджет кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2022 жылғы облыстық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы есеп деректері, 2023 жылдың 9 айындағы бюджетке түскен түсімдердің серпіні негізінде ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалау ескерілді.

2024 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттердің түсімдерін есепке алмағанда) 613,7 млрд. теңге сомасында айқындалды, соның ішінде жеке облыстық – 166,4 млрд.теңге.

2025-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 664,3 млрд. теңге сомасында, соның ішінде жеке облыстық – 207,7 млрд.теңге сомасында айқындалды.

 

2024 жылғы облыстық бюджет кірістерінде үлкен үлес                                 602,2 млрд.теңгені құрайтын  (98,1%) салықтық түсімдерге тиесілі.

2024 жылға қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша 10,4 млрд. теңге көлемінде жеке облыстық бюджетте болжамдалды.

2025-2026 жылдарға арналған болжам 10,7 млрд.теңге сомасында айқындалды.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша 2024-2025 жылдарға арналған болжам жалпы алғанда 14,2 млрд.теңге
сомасында айқындалды.

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар бойынша 2024  жылға арналған  болжам  5,4 млрд.теңге сомасында айқындалды, соның ішінде жеке облыстық – 4,4 млрд. теңге.

Алымдар бойынша 2025-2026 жылдарға – 5,6 млрд.теңге сомасында айқындалды (№4 график). Сәйкесінше, жеке облыстық– 4,5 млрд.теңге.

 

Шығыстар

Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасында мемлекеттік органдардың саясатындағы жекелеген бағыттардың өзгеруі, Мемлекет басшысының жолдауларына, заңнамалық актілерге сәйкес жаңа міндеттер бойынша толықтырулар, сондай-ақ 2022 жылғы бюджеттің атқарылу нәтижелері ескерілді.

Бұл ретте бюджет шығыстарының бірінші кезектегі бағыттары мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау, білім беруді, медицинаны қолдауды қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту болып қала береді.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында Шағын және орта бизнесті, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, туристік инфрақұрылымды дамыту, экономика салаларын цифрландыру және т.б. үшін қолдау және жағдайлар жасау жалғасуда.

Жеке облыстық  бюджет шығыстарының жалпы көлемі жобамен                        2024 жылы – 618,7 млрд.теңге, 2025 жылы – 642,3 млрд.теңге және                        2026 жылы – 464,2 млрд.теңге сомасында жоспарланып отыр.

Жасақталған бюджет жобасында республикалық бюджетке алып қоюлар 2024 жылға - 168,7 млрд.теңге (2023 жылға қарағанда 13,7 млрд.теңгеге көп), 2025 жылға – 178,1 млрд.теңге (2023 жылдан 23,1 млрд.теңгеге көп) көлемінде белгіленді. 2026 жылдың республикалық бюджетке алып қоюлар сомасы келесі үш жылдық кезеңге арналған Жалпы сипаттағы трансферттер көлемін есептеу кезінде анықталады.

 

2023 жылғы облыстық бюджет 556,8 млрд.теңге көлемінде бекітілген (оның ішінде 55,2 млрд. теңге  республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді қоса алғанда). Сонымен қатар, нақтылау барысында бюджеттің жалпы көлемі                  104,2 млрд. теңгеге ұлғайтылды (оның ішінде, жергілікті кірістер мен шығыстар сомасы 53,9 млрд. теңге, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 16,8 млрд.теңге, өткен қаржы жылындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары 33,5 млрд. теңге).

Жыл басында бюджет ҚР Ұлттық экономика министрлігінің айқындалған көлеміне сәйкес қарастырылды. Жергілікті бюджеттің кірістер көлемін ұлғайтуды бюджетті нақтылау кезінде бюджет кірістерінің нақты орындалысына сәйкес қарау ұсынылады. Қолданыстағы Бюджеттік кодекстің дербестік принципіне сәйкес «жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейді» деп белгіленген.

Осыған байланысты, Атырау облысының 2024 жылға арналған бюджетіне Республикалық бюджет бекітілгеннен кейін нысаналы трансферттер мен кредиттердің сомасы, және нақтылау кезінде жергілікті бюджетті ұлғайту сомалары қосылатын болады. Алдын ала ақпарат бойынша республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен 56 млрд.теңге түсуі күтілуде.

 

2024–2026 жылдарға арналған инвестициялық жобалар

Ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды жалғастыруға және 2024 жылы басталатын жобаларға – 60 млрд. теңге,                2025 жылы – 81,8 млрд теңге, 2026 жылы – 43,1 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Білім беру саласы бойынша – 9,0 млрд. теңге.

Денсаулық сақтау саласы бойынша – 2,0 млрд. теңге.

Мәдениет саласы бойынша – 1,7 млрд. теңге.

Спорт саласы бойынша – 3,3 млрд. теңге.

Тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына - 0,8 млрд. теңге.

Коммуналдық нысандар – 1,5 млрд. теңге.

Қоршаған ортаны қорғау нысандары – 1,2 млрд. теңге.

Төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдары – 0,7 млрд.теңге.

Сумен жабдықтауға – 2,3 млрд. теңге.

Газбен жабдықтауға – 0,9 млрд. теңге.

Электрмен жабдықтауға –  8,1 млрд. теңге.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға – 21,3 млрд.теңге.

Өзгелер – 7 млрд. теңге.

 

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

2024 жылға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан және республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы даму трансферттер алдын ала ақпарат бойынша 56 млрд.теңге көлемінде жоспарланды:

Көлік инфрақұрылымын дамыту (ҚР Көлік министрлігі) – 2,3 млрд. теңге, оның ішінде:

Құрманғазы ауданы "Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш" автомобиль жолын қайта жаңғырту.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысына (ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) – 6,9 млрд. теңге:

Атырау қаласы Самал ы/-нан  9 қабатты  6 ірі панелді тұрғын үй алаңын абаттандыру және ИКИ (уч. 6,7 га) құрылысы – 396,5 млн.теңге;

Құрманғазы ауданы Кадырка ауылы ИКИ құрылысына – 483,2 млн.теңге;

Атырау қаласы Қайнар ы/а ИКИ құрылысы, газ, электр, сумен жабдықтау – 1 532,9 млн.теңге;

Құрманғазы ауданы Орлы ауылы ИКИ құрылысы, су, электрмен қамту – 375,5 млн.теңге;

Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылы (Шипажай м/а) ИКИ құрылысы, газ, электрмен қамту – 200,0 млн.теңге;

Атырау қаласы Самал ы/а ИКИ құрылысы (су, газ, электрмен қамту) – 1 096,4 млн.теңге;

Атырау қаласы Жұлдыз-3 ы/а ИКИ құрылысы (сыртқы су, газ, электрмен қамту) -  2 833,0 млн.теңге.

Тұрғын үй сатып алуға (209 пәтер) – 2,7 млрд.теңге.

Атырау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге –                 1,4 млрд. теңге.

Исатай ауданы Томан ауылының су тазарту имаратын қайта жаңғыртуға – 335,07 млн.теңге.

Булану алаңдарын тазарту, өзен сулылығын арттыру (ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі) – 9,3 млрд.теңге:

Атырау қаласы оң жақ жағалауындағы кәріздік тазалау имаратын қайта жаңғырту – 4 473,9 млн.теңге;

Атырау қаласында «Квадрат» сарқынды сулардың буландырғыш тоғанын тазарту – 1 744,5 млн. теңге;

Атырау облысының шегіндегі Жайық, Қиғаш өзендерінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту (№2, 1 кезең) – 3 000,0 млн. теңге.

Газдандыру, подстанция (ҚР Энергетика министрлігі) – 1,6 млрд. теңге:

Қызылқоға ауданының Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай елді мекендерінің газ құбыры желілерін салу –                       500,0 млн.теңге;

Атырау қаласы кәріздік тазалау имаратын 110/10 кВт подстанция құрылысы – 1 123,8 млн.теңге.

 

Моноқалаларды дамыту (ҚР Ұлттық экономика министрлігі) –                   2,4 млрд. теңге:

Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы автомобиль жолдарының қайта жаңғырту (3 кезең, 31,9 шақырым).

 

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Атырау қаласының автокөлік жолдарының құрылысын және қайта жаңғырту жұмыстарына -                2,2 млрд.теңге.

 

«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы (ҚР Ұлттық экономика министрлігі) –
1,6 млрд. теңге:

Құрманғазы ауданы бойынша:

15 елді мекенге спорт алаңдарының құрылысы  – 688,3 млн.теңге;

Көптоғай ауылы 48 орындық спорт кешені құрылысы – 180,0 млн.теңге;

Көптоғай ауылы электр желілерін қайта жаңғырту – 168,0 млн.теңге;

Қызылқоға ауданы бойынша:

Қарабау ауылы көше жарығы құрылысы - 25,0 млн.теңге;

Миялы ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту - 307,0 млн.теңге.

Қарабау ауылы спорт кешені құрылысы – 100,0 млн.теңге;

Қоныстану ауылы спорт кешені құрылысы - 100,0 млн.теңге;

 

Әлеуметтік қамсыздандыру (ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі) – 4,0 млрд. теңге:

Атырау қаласынан 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысы.

Атырау қаласында Нұрсая, Өркен ықшам аудандарынан ауысымына 250 қабылдауы бар емхана  құрылысына - 1,0 млрд.теңге.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жоба аясында орта білім беру нысандарының құрылысына ҚР Ұлттық қорынан 2023 жылға 20,4 млрд.теңге жоспарланып отыр (ҚР Білім және ғылым министрлігі).

 

 

Дата публикации
31 января 2024