2023 жылғы желтоқсан айы
2023 жылға арналған облыс бюджетін нақтылау жобасы бойынша
түсіндірме жазба
Нақтылау барысында келесі өзгертулерді енгізу ұсынылады:
Республикалық бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы №917 «2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Атырау облысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан және республикалық бюджет есебінен 2 282,9 млн.теңге (нысаналы даму трансферттер – 2 252,1 млн. теңге және нысаналы ағымдағы трансферттер – 30,9 млн.теңге (Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге) қосымша қаражат бөлінді.
Оның ішінде, келесі бағыттардағы нысаналы даму трансферттерге қосымша қаражат қаралды:
Қызылқоға ауданының Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай елді мекендерінің газ құбыры желілерін салу - 500,0 млн. теңге;
Атырау қаласында кәрізді-тазарту имараттарына арналған 110/10кВ подстанция құрылысы - 1 009,4 млн. теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу - 775,6 млн. теңге;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №1036 «2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №987 қаулысына өзгерістер мен толқтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес 1 121,9 млн. теңге қосымша қаражат қаралды, оның ішінде:
ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау - 247,5 млн.теңге;
халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға - 374,4 млн. теңге;
Атырау облысының шегіндегі Қиғаш өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсартуды жалғастыру – 500,0 млн.теңге.
Сонымен бірге, су тазарту қондырғысын қайта жаңғыртудан үнемделген 38,5 млн.теңге қысқартылды.
Жергілікті бюджет есебінен:
Облыстық басқармалардың ұсыныстарына сәйкес келесі қаражатты қысқарту ұсынылады.
Оның ішінде:
Даму бюджеті бойынша 7 528,9 млн.теңге (мемлекеттік сатып алу қорытындысымен қаражаттың үнемделуі – 313,2 млн. теңге, игерілмейтін – 7 215,7 млн. теңге) көлемінде қаражатты қысқарту көзделіп отыр.
Қысқартудың басты себептерінің бірі - мемлекеттік сатып алу қорытындысымен қаражаттың үнемделуі; жобаға түзетулер еңгізілуіне орай, құрылыс жұмыстарының тоқтатылуы; жобаның мерзімінде аяқталмауы; құрылыс материалдарының тапшылығы; жұмыстардың өндірістік кестеден кешігуі.
Салалар бойынша:
Білім беру – 3 084,4 млн.теңге ( игерілмейтін – 3 084,4);
Денсаулық сақтау – 1 577,2 млн.теңге (үнемделген – 35,5; игерілмейтін – 1 541,7);
Мәдениет 678,9 млн.теңге (үнемделген – 22,6; игерілмейтін – 656,3);
Спорт – 574,3 млн.теңге ( игерілмейтін – 574,3);
Тұрғын үй және ИКИ құрылысы – 1 248,2 млн.теңге (үнемделген – 77,2; игерілмейтін – 1 171,0);
Газбен жабдықтау – 2,5 млн.теңге (үнемделген – 2,5);
Электрмен жабдықтау – 61,0 млн.теңге (үнемделген – 56; игерілмейтін – 5);
Төтенше жағдайлар – 5,8 млн.теңге (үнемделген – 0,8; игерілмейтін – 5);
Қоршаған ортаны қорғау – 9,2 млн.теңге (игерілмейтін – 9,2);
Өзгелер – 203,4 млн.теңге (үнемделген 54,6; игерілмейтін 148,8).
Ағымдағы бюджет бойынша 9 190,1 млн.теңге (мемлекеттік сатып алу қорытындысымен қаражаттың үнемделуінен – 855,3 млн. теңге, игерілмейтін – 8 334,8 млн. теңге) көлемінде қаражатты қысқарту ұсынылады. Оның ішінде:
Салалар бойынша:
Білім беру – 3 168,8 млн.теңге (игерілмейтін 3 168,8);
Денсаулық сақтау – 974 млн.теңге (үнемделген 209,1; игерілмейтін 764,9);
Мәдениет және ішкі саясат – 467,8 млн.теңге (үнемделген 3,6; игерілмейтін 464,3);
Спорт – 1 290,4 млн.теңге (үнемделген 36,8; игерілмейтін 1 253,6);
Қорғаныс, төтенше жағдайлар – 1 159,6 млн.теңге (үнемделген 231,5; игерілмейтін 928,1);
Коммуналдық шаруашылық – 678,2 млн.теңге (игерілмейтін 678,2):
Әлеуметтік қамсыздандыру – 918 млн.теңге (үнемделген 160,7; игерілмейтін 757,3);
Өзгелер – 533,3 млн.теңге (үнемделген 213,7; игерілмейтін 319,7);
тағы басқа басқармалардың ағымдағы және күрделі шығыстарынан.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің сұраныстарына сәйкес инвестициялық жобалар бойынша келесі шығындарды қаржыландыру ұсынылады:
Білім беру саласына – 278,0 млн. теңге, оның ішінде:
Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы 250 орындық өнер мектебенінің құрылысын жалғастыруға;
Индер ауданы Ынтымақ, Құрылыс ауылдарынан 50 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ жасақтау (түзету);
Жылыой ауданы Майкөмген ауылынан 300 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ жасақтау (түзету).
Денсаулық сақтау саласына – 106,1 млн. теңге, оның ішінде:
Құрманғазы ауданы Алтыншы, Шағырлы, Кадырка, Махамбет ауданы Талдыкөл ауылдарынан медициналық пункт құрылысын аяқтауға;
Құрманғазы ауылы Құрманғазы аудандық 250 келушіге арналған аудандық емхана мен 75 орындық аудандық аурухана арасына өткел құрылысын аяқтауға;
Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылынан дәрігерлік амбулаторияға жалғама құрылысына ЖСҚ жасақтау.
Спорт саласына – 691,1 млн. теңге, оның ішінде:
Атырау қаласы Бірлік және Химпоселок мөлтек аудандарынан көпсалалы спорт алаңы құрылыстарын жалғастыруға;
Мақат кентіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын қайта жаңғырту жұмысын аяқтауға;
Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылынан спорт кешенінің құрылысын жалғастыруға;
Жылыой ауданы Аккиізтоғай, Тұрғызба ауылдарынан шағын футбол алаңы құрылысын аяқтауға;
Тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына – 937,6 млн. теңге, оның ішінде:
Исатай ауданы Жанбай, Қызыл үй, Нарын ауылыдарнан электр, су құбыры желілерінің құрылысын аяқтауға;
Индер ауданы Аққала ауылынан ИКИ (газбен жабдықтау) құрылысын аяқтауға;
Атырау қаласынан 39 пәтер сатып алуға.
Төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдары – 700,0 млн.теңге;
Газбен жабдықтауға – 9,6 млн. теңге, оның ішінде:
ҚР ҰҚҚ ШҚ 2016 әскери бөлімінің "Евразия" шекара заставасына газбен жабдықтау желісінің құрылысын аяқтауға.
Сумен жабдықтауға – 1 649,6 млн. теңге, оның ішінде:
Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекеніндегі жазғы су құбырын жәй жөндеу;
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға (Атырау қаласында сумен жабдықтау және су бұру объектілеріне сорғылар сатып алуға; Натрий гипохлориті өндіретін қондырғыны сатып алу және іске қосуға; Арнайы техника мен автокөлік сатып алуға).
Электрмен жабдықтауға – 463,8 млн. теңге, оның ішінде:
Мақат кентіндегі көше жарығы құрылысы және бұрыңғы көше жарығына қайта жөңдеу жұмыстары;
Индер ауданы Бөдене ауылындағы Далабаев көшесінің көше жарығын қайта жаңғырту;
Индер ауданы Өрлік ауылы кіре беріс жол көшелерін жарықтандыру құрылысы;
Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында димирлеу негізінде "Эконом" көше жарықтандыру жүйесі және орнату бойынша қызмет көрсету;
Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылына көше жарығын құрылысын аяқтауға.
Өзгелер – 1 205,1 млн. теңге, оның ішінде:
Жылыой ауданы Құлсары қаласында "№ 2 Ересектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" ғимаратын қайта жаңғырту;
Исатай, Мақат, Қызылқоға, Махамбет аудандарының денсаулық сақтау мекемелері үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы;
Есбол ауылдық округіне ҰОС оралмаған Боздақтар обелискімен саябағын жәй жөндеуді аяқтау;
Индер ауданы Көктоғай ауылындағы орыс зиратын қоршауды аяқтау.
Сонымен қатар, нақтылау кезінде облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстары бойынша басқа да ағымдағы қосымша шығындары және ішкі өзгертулері де ескеріледі.