Атырау облысының
2023 жылғы қаңтар-қараша айларындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.
2023 жылдың 1 қарашасына халық саны – 702,3 мың адам, оның ішінде қала халқы 389,3 мың адам (55,4%).
2023 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында облыстың жалпы өңірлік өнімі 6 655,5 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,8%.
Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 14,1%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 9 563,5 мың теңге.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 997,5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 112,1%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 9 233,3 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 112,5%.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 626,3 млрд теңгені құрады немесе 105,6%.
Негізгі капиталға 2 695,6 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 100,4%.
Облыс бойынша 631,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 82,5%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 082,6 млрд теңгені құрады немесе 106,6%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1,9%-ға өсіп, 133,3 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында – 79,6 млрд теңге (102,7%) және егін шаруашылығында –
51,0 млрд теңге (100,9%).
Мүйізді ірі қара мал басының саны 8,5%-ға (211,9 мың бас), жылқы 7,0%-ға (115,2 мың бас), түйе 3,5%-ға (37,6 мың бас) артты, қой мен ешкі басының саны өзгеріссіз (616,4 мың бас).
50,7 мың тонна ет (103,7%), 67,9 мың тонна сүт (103,9%), 5,8 млн дана (27,2%) жұмыртқа өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
66 602 бірлікті құрады немесе 2022 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 107,8%.
2023 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде орташа айлық жалақы
593 864 теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,5%.
2023 жылдың 2 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 337 861 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,2%.
2023 жылғы қараша айында инфляция деңгейі (2022 жылдың желтоқсанына) 108,1%-ды құрады (ҚР – 108,9%), соның ішінде азық-түлік тауарларға – 107,4% (ҚР – 107,5%), азық-түлік емес тауарларға – 107,7%
(ҚР – 108,5%), ақылы қызметтерге – 110,1% (ҚР – 111,5%).
Сауда көлемі 5 857,8 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 115,0%. Бөлшек сауда көлемі 422,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,5%.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың сыртқы сауда айналымы 22 427,1 млн АҚШ долларын құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,3%, соның ішінде экспорт – 21 401,8 млн АҚШ долларын (85,3%), импорт – 1 025,3 млн АҚШ долларын құрады (114,1%).
Көлік және қоймалау қызметі 647,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,4%. Көліктің барлық түрімен 98,0 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2022 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 103,4%.
Байланыс қызметінің көлемі 15 413,9 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 110,5%.