Атырау облысының 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Атырау облысының

2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.

2023 жылдың 1 қазанына халық саны – 701,4 мың адам, оның ішінде қала халқы 389,1 мың адам (55,5%).

2023 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында облыстың жалпы өңірлік өнімі 6 655,5 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,8%.

Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 14,1%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 9 563,5 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 135,8 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 114,1%.

Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 8 446,4 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 114,6%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 563,8 млрд теңгені құрады немесе 102,2%.

Негізгі капиталға 2 436,1 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 99,0%.

Облыс бойынша 558,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 83,1%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 972,5 млрд теңгені құрады немесе 105,1%.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1,8%-ға өсіп, 123,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында – 70,1 млрд теңге (102,6%) және егін шаруашылығында –
50,9 млрд теңге (100,9%).

Мүйізді ірі қара мал басы 7,0%-ға (217,2 мың бас), қой мен ешкі басы
0,2%-ға (633,2 мың бас), жылқы 6,4%-ға (117,5 мың бас), түйе 2,9%-ға (38,0 мың бас) артты.

43,8 мың тонна ет (103,4%), 62,7 мың тонна сүт (103,8%), 5,3 млн дана (26,1%) жұмыртқа өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
67 223 бірлікті құрады немесе 2022 жылдың қаңтар-қазанsмен салыстырғанда 111,2%.

2023 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегімен орташа айлық жалақы
593 864
теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,5%.

2023 жылдың 2 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 337 861 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,2%.

2023 жылғы қазан айында инфляция деңгейі (2022 жылдың желтоқсанына) 107,4%-ды құрады (ҚР – 107,9%), соның ішінде азық-түлік тауарларға – 106,6% (ҚР – 106,8%), азық-түлік емес тауарларға – 107,0% (ҚР – 107,9%), ақылы қызметтерге – 109,7% (ҚР – 109,6%).

Сауда көлемі 5 164,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 112,5%. Бөлшек сауда көлемі 381,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,7%.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыстың сыртқы сауда айналымы 20 270,8 млн АҚШ долларын құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,5%, соның ішінде экспорт – 19 345,0 млн АҚШ долларын (85,4%), импорт – 925,8 млн АҚШ долларын құрады (118,2%).

Көлік және қоймалау қызметі 588,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 99,1%. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 89,3 млн тоннаны құрады немесе 2022 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 104,4%.

Байланыс қызметінің көлемі 13 991,0 млн теңгені құрады немесе нақты көлем индексі – 111,7%.

Дата публикации
17 ноября 2023