Атырау облысының
2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.
2023 жылдың 1 қыркүйегіне халық саны – 700,5 мың адам, оның ішінде қала халқы 388,9 мың адам (55,5%).
2023 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында облыстың жалпы өңірлік өнімі 6 655,5 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,8%.
Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 14,1%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 9 563,5 мың теңге.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 8 092,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 113,5%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 7 461,2 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 113,6%.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 516,8 млрд теңгені құрады немесе 108,1%.
Негізгі капиталға 2 199,2 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 99,7%.
Облыс бойынша 494,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 84,0%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 843,4 млрд теңгені құрады немесе 100,5%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1,8%-ға өсіп, 105,3 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында – 63,4 млрд теңге (102,5%) және егін шаруашылығында –
39,7 млрд теңге (100,9%).
Мүйізді ірі қара мал басы 6,7%-ға (221,3 мың бас), жылқы 5,6%-ға (118,6 мың бас), түйе 2,4%-ға (38,4 мың бас) артты, қой мен ешкі басы 0,8%-ға (650,5 мың бас) азайды.
38,6 мың тонна ет (103,1%), 59,2 мың тонна сүт (103,9%), 5,2 млн дана (27,0%) жұмыртқа өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
67 136 бірлікті құрады немесе 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 113,6%.
2023 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
2023 жылдың қаңтар-маусымында орташа айлық жалақы
595 728 теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,8%.
2023 жылдың 2 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 337 861 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,2%.
2023 жылғы қыркүйек айында инфляция деңгейі (2022 жылдың желтоқсанына) 106,5%-ды құрады (ҚР – 107,2%), соның ішінде азық-түлік тауарларға – 106,3% (ҚР – 106,2%), азық-түлік емес тауарларға – 106,6%
(ҚР – 107,1%), ақылы қызметтерге – 107,0% (ҚР – 108,7%).
Сауда көлемі 4 540,3 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 105,9%. Бөлшек сауда көлемі 342,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,6%.
2023 жылдың қаңтар-шілде айларында облыстың сыртқы сауда айналымы 17 741,6 млн АҚШ долларын құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,1%, соның ішінде экспорт – 16 930,4 млн АҚШ долларын (87,0%), импорт – 811,2 млн АҚШ долларын құрады (120,8%).
Көлік және қоймалау қызметі 528,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,4%. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 80,1 млн тоннаны құрады немесе 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 103,8%.
Байланыс қызметінің көлемі 12 567,0 млн теңгені құрады немесе нақты көлем индексі – 112,5%.