Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау),1 аудандық маңыздағы қаладан (Құлсары), 7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.
2026 жылдың 1 тамызынахалық саны – 718,5 мың адам, оның ішінде қала халқы 394,3 мың адам (54,9%) (01.08.2025 ж. халық саны – 713,9 мың адам).
2026 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.
2026 жылдың қаңтар-наурызында облыстың жалпы өңірлік өнімі
3 171,2 млрд теңгені құрады.Нақты көлем индексі – 87,9%.
Республиканың жалпы ішкі өнімінің көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 9,3%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 4 424,7 мың теңге.
Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 45,9% (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 40,2%, өңдеу өнеркәсібі – 4,3%), сауда – 19,2%, көлік және қоймалау – 5,5%, құрылыс – 4,2%, ауыл шаруашылығы – 0,6%.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 10406,0млрдтеңгені құрады, нақты көлем индексі – 93,2%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 9633,5 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 90,5%.
Есепті кезеңде облыста 37,7 млн тонна мұнай(89,4%) және21,1 млрд текше метр ілеспе мұнай газы(88,4%)өндірілді.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 614,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 114,3%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 86,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,7%.
Оның ішінде, малшаруашылығында – 60,1 млрд теңге (НКИ – 103,6%)және өсімдік шаруашылығында – 23,5млрдтеңге (НКИ – 101,4%).
Ірі қара мал басының саны 6,2% (258,6 мың бас), қой мен ешкі 1,5% (619,1 мың бас), жылқы 7,0% (163,2 мың бас), түйе 1,2% (45,8 мың бас)өсті.
Есепті кезеңде облыста 31,3 мың тонна ет (103,7%), 23,6 мың тонна сүт (103,5%),39,5 млн дана (113,2%) жұмыртқа өндірілді.
Негізгі капиталға1 054,8 млрд теңгеинвестиция салынды, нақты көлем индексі – 105,6%.
Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі467,4 млрдтеңгені құрады немесе 137,3%.
Облыста 358,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 98,4%.
Сауда көлемі 5123,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 96,7%.
2026 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымы
7730,1млн АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 95,5%, оның ішінде экспорт – 7332,6млн АҚШ долларын (94,2%),импорт – 397,5млн АҚШ долларын құрады (120,2%).
Көлік және қоймалау қызметі 564,7 млрд теңгеніқұрады, нақты көлем индексі – 94,4%.
Байланыс қызметініңкөлемі 12 588,0 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,5%.
2026 жылдың 1 қыркүйегіне шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 57 492 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,6%.
Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің (57492 бірлік) тіркелген субъектілер санындағы (61 120 бірлік) үлесі – 94,1%.
2026 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 1 438,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді (НКИ – 102,0%), осы кезеңде салада 125274 адам жұмыспен қамтылды (92,4%).
2026 жылғы 2 тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.
2026 жылдың қаңтар-тамызына17665жаңа жұмыс орны құрылды, оның 10563-і тұрақты, 7102-і уақытша.
2026 жылғы қаңтар-маусымдаорташа айлық жалақы 642414 теңгені құрады немесе 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 105,4%.
2026 жылдың1 тоқсанындахалықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 323716 теңгені құрады (102,9%).
2026 жылдың тамыз айындағы инфляция деңгейі(2025 жылдың желтоқсанына)106,8%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 105,2%, азық-түлік емес тауарларға – 108,0%, ақылы қызметтерге – 108,7%.