Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау),1 аудандық маңыздағы қаладан (Құлсары), 7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.

2026 жылдың 1 маусымынахалық саны – 718,3 мың адам, оның ішінде қала халқы 393,7 мың адам (54,8%) (01.06.2025 ж. халық саны – 713,5 мың адам).

2026 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.

2026 жылдың қаңтар-наурызында облыстың жалпы өңірлік өнімі
3 171,2 млрд теңгені
құрады.Нақты көлем индексі – 87,9%.

Республиканың жалпы ішкі өнімінің көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 9,3%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 4 424,7 мың теңге.

Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 45,9% (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 40,2%, өңдеу өнеркәсібі – 4,3%), сауда – 19,2%, көлік және қоймалау – 5,5%, құрылыс – 4,2%, ауыл шаруашылығы – 0,6%.

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 7810,8млрдтеңгені құрады, нақты көлем индексі – 92,9%.

Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 7255,2 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 90,7%.

Есепті кезеңде облыста 27,7 млн тонна мұнай(89,4%) және15,2 млрд текше метр ілеспе мұнай газы(100,1%)өндірілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 437,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 109,5%.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 47,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,8%.

Оның ішінде, малшаруашылығында – 45,6 млрд теңге (НКИ – 101,9%)және өсімдік шаруашылығында – 536,5млнтеңге (НКИ – 100,0%).

Ірі қара мал басының саны 5,4% (262,2 мың бас), қой мен ешкі 1,1% (646,2 мың бас), жылқы 7,1% (165,2 мың бас), түйе 2,3% (46,2 мың бас)өсті.

Есепті кезеңде облыста 24,4 мың тонна ет (101,5%), 16,4 мың тонна сүт (100,4%),30,9 млн дана (115,4%) жұмыртқа өндірілді.

Негізгі капиталға736,2 млрд теңгеинвестиция салынды, нақты көлем индексі – 104,9%.

Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі313,5 млрдтеңгені құрады немесе 119,7%.

Облыста 264,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 102,7%.

Сауда көлемі 3963,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,1%.

2026 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымы
7730,1млн АҚШ долларын
құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 95,5%, оның ішінде экспорт – 7332,6млн АҚШ долларын (94,2%),импорт – 397,5млн АҚШ долларын құрады (120,2%).

Көлік және қоймалау қызметі 459,6 млрд теңгеніқұрады, нақты көлем индексі – 90,2%.

Байланыс қызметініңкөлемі 9 358,5 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 99,9%.

2026 жылдың 1 шілдесіне шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 57 317 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,1%.

Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің (57317 бірлік) тіркелген субъектілер санындағы (61 279 бірлік) үлесі – 93,5%.

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 5 167,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді (НКИ – 88,2%), осы кезеңде салада 147919 адам жұмыспен қамтылды (93,4%).

2026 жылғы 1 тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

2026 жылдың қаңтар-маусымына9429 жаңа жұмыс орны құрылды, оның
6771-і тұрақты, 2658-і уақытша.

2026 жылғы қаңтар-наурыздаорташа айлық жалақы 652950 теңгені құрады немесе 2025 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 103,0%.

2026 жылдың1 тоқсанындахалықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 323716 теңгені құрады (102,9%).

2026 жылдың маусым айындағы инфляция деңгейі(2025 жылдың желтоқсанына)105,6%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 104,2%, азық-түлік емес тауарларға – 105,6%, ақылы қызметтерге – 108,2%

Дата публикации
22 июля 2026