Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау),1 аудандық маңыздағы қаладан (Құлсары), 7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.
2026 жылдың 1 мамырынахалық саны – 717,9 мың адам, оның ішінде қала халқы 393,6 мың адам (54,8%) (01.05.2025 ж. халық саны – 713,0 мың адам).
2026 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың жалпы өңірлік өнімі 16 564,6 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 108,0%.
Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 10,4%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 23 218,4 мың теңге.
Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 52,9% (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 47,5%, өңдеу өнеркәсібі – 4,4%), сауда – 15,4%, құрылыс – 3,0%, көлік және қоймалау – 3,8%, ауыл шаруашылығы – 0,7%.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 6251,3млрдтеңгені құрады, нақты көлем индексі – 90,8%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 5794,3 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 88,1%.
Есепті кезеңде облыста 22,1 млн тонна мұнай(86,9%) және12,0 млрд текше метр ілеспе мұнай газы(91,3%)өндірілді.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 357,4 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 110,8%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 35,4 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,5%.
Оның ішінде, малшаруашылығында – 33,7 млрд теңге (НКИ – 101,6%)және өсімдік шаруашылығында – 438,4млнтеңге (НКИ – 100,0%).
Ірі қара мал басының саны 5,2% (258,1 мың бас), жылқы 8,5% (165,7 мың бас), түйе 1,8% (47,9 мың бас) өсіп, қой мен ешкі 1,0% (704,5 мың бас)төмендеді.
Есепті кезеңде облыста 18,1 мың тонна ет (101,0%), 12,3 мың тонна сүт (100,0%),26,9 млн дана (118,3%) жұмыртқа өндірілді.
Негізгі капиталға537,0 млрд теңгеинвестиция салынды, нақты көлем индексі – 100,4%.
Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі172,0 млрдтеңгені құрады немесе 106,8%.
Облыста 163,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 86,4%.
Сауда көлемі 3307,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,3%.
2026 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымы
7730,1млн АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 95,5%, оның ішінде экспорт – 7332,6млн АҚШ долларын (94,2%),импорт – 397,5млн АҚШ долларын құрады (120,2%).
Көлік және қоймалау қызметі 364,2 млрд теңгеніқұрады, нақты көлем индексі – 87,8%.
Байланыс қызметініңкөлемі 7 709,2 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 99,0%.
2026 жылдың 1 маусымына шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 57 428 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,0%.
Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің (57428 бірлік) тіркелген субъектілер санындағы (61 428 бірлік) үлесі – 93,5%.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 5 167,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді (НКИ – 88,2%), осы кезеңде салада 147919 адам жұмыспен қамтылды (93,4%).
2026 жылғы 1 тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
2026 жылдың қаңтар-мамырына7422 жаңа жұмыс орны құрылды, оның
5295-і тұрақты, 2127-і уақытша.
2026 жылғы қаңтар-наурыздаорташа айлық жалақы 652950 теңгені құрады немесе 2025 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 103,0%.
2025 жылдың4 тоқсанындахалықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 297065 теңгені құрады (89,5%).
2026 жылдың мамыр айындағы инфляция деңгейі(2025 жылдың желтоқсанына)104,5%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 103,5%, азық-түлік емес тауарларға – 104,4%, ақылы қызметтерге – 106,6%.