25 қазан – Республика күніне орай Атырау облысында дін саласында жемісті еңбек етіп, аймақтағы діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту ісіне елеулі үлес қосқан бір топ қызметкерлерге Атырау облысы әкімі С.Ж.Шәпкеновтің атынан Алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты жиынды Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев ашып, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан дін саласын дамытуға, конфессияаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтау бағытындағы шаралардың жүйелі түрде жалғасып келе жатқанын атап өтті.
Мұхтар Ізғалиев дін саласында қызмет етіп жүрген мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру және қоғамдағы радикалды көзқарастардың алдын алу бағытында нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды күшейтудің қажеттігін айтты.
Жиын соңында бірқатар қызметкерлерге дін саласындағы адал еңбегі мен жоғары жауапкершілігі үшін Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды. Марапат иелеріне алдағы қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тіленді.
Атырауда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Бір шаңырақ астында – дәстүр мен келісім» атты этномәдени бірлестіктер мен конфессиялар форумы өтті. Іс-шара Абай орталығында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, “Жәрдем-Атырау” КҚ-ның ұйымдастыруымен жүзеге асып, аймақтың этномәдени, діни бірлестіктері, мемлекеттік органдар мен дін мамандары қатысты.
Форумның мақсаты – Қазақстандағы конфессияаралық келісім, діни төзімділік және ұлтаралық бірлікті нығайту, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, конфессияаралық диалогты дамыту, діни ұйымдардың арасындағы татулықты арттыруға ықпал ету.
Шараның шымылдығы ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, көпшілік назарына Атырау облысында дін саласында атқарылған жұмыстарды, оңалту және ақпараттық-түсіндіру бағытындағы нәтижелерді көрсететін арнайы бейнеролик ұсынылды.
Одан соң сахна төрінде Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би образдары арқылы әділдік пен татулықтың, ел бірлігінің мәнін терең ұғындырған сахналық көрініс қойылды. Ал «Інжу-Маржан» би ансамблінің орындауындағы «Шашу» биі
мерекенің мәнін одан әрі жандандырып, форумның шырайын кіргізді.
Форумды ашқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, рухани келісімнің қоғамдағы маңызын атап өтті:
«Бұл күн – еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың, діндер мен мәдениеттердің бейбіт өмір сүруінің, өзара түсіністік пен татулықтың нышаны. Тәуелсіз Қазақстанда жүзден астам этнос пен түрлі конфессия өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – біздің ең басты байлығымыз», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Салтанатты жиын барысында қоғамдағы рухани тұрақтылық пен діни келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары мен теологтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің, сондай-ақ Атырау облысы әкімінің Алғысхаттары табысталды. Бұл марапаттарды облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов өз қолымен салтанатты түрде табыс етті.
Ал форумның келесі бөлімінде Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хаттарын табыстау рәсімін Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жас кеңес мүшесі, “Атамекен Эко” қоғамдық қорының құрылтайшысы Арман Ғабидоллаұлы Хайруллин атқарып, өңірдің рухани дамуына, діни келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға үлес қосқан мамандарға марапаттарын табыстады. Олардың қатарында өңірдің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, дін саласының білікті мамандары, теологтар мен медиа саласының өкілдері бар.
Форумның құрметті қонағы – Рухани келісім күнінің бастамашысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, танымал композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иегері Төлеген Мұхамеджанов болды. Өнер мен руханият саласында елге еңбегі сіңген тұлға өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, бұл күннің қазақстандық қоғам үшін маңызын атап өтті. Ал өңір өнерпаздары композитордың “Отан” әнін орындады.
Форум барысында рухани бағыттағы баяндамалар мен пікірлер де тыңдалды. Орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Джамалиддинұлы Мұстафаев дін мен дәстүр сабақтастығы, бейбітшілік туралы мазмұнды ой қозғап, рухани тазалық пен имандылыққа, достыққа шақырды. Ал «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Александрович Короблев көпұлтты Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің өзара ынтымақтастығы мен достығының қоғам тұрақтылығына қосып жатқан үлесі жайында айтты.
Мереке қарсаңында облыстық колледж студенттері арасында өткен «Ұлт құндылығы – жастар көзімен» атты театрландырылған қойылым байқауында ерекше көзге түскен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері форум көрермендері алдында «Мағжан сенген – біз» атты сахналық туындысын ұсынды. Жастардың отансүйгіштік, имани бағыттағы қойылымы көрермен ықыласына бөленді.
Сахнада республикалық конкурстардың лауреаттары, сондай-ақ би ансамблі өнер көрсетіп, көпшілікке әсерлі музыкалық және би қойылымдарын ұсынды. Іс-шара соңында жүргізушілер форумның рухани маңызын қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдірді.
Шұғыла ЕҢСЕП,
Баспасөз-хатшысы
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау облысының бас имамы болып Болатбек Абу тағайындалды.
Наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы облыстық «Иманғали» мешітіне жұма намазға жиналған жамағатқа ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жолдап, тағайындау туралы бұйрықты оқып берді. Болатбек Ұласханұлы бұған дейін Қызылорда облысының, Алматыдағы «Байкен» мешітінің бас имамы қызметін атқарды. Сондай-ақ бұған дейін Атырау облысының бас имамы қызметін атқарған Алтынбек Ұтысханұлына алғыс айтып, жамағат алдында құрмет көрсетілді.
«Алтынбек Ұтысханұлы 2019 жылдан күні бүгінге дейін абыроймен қызмет атқарды. Аталған уақыт аралығында өңірде 15 мешіт, 5 құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылып, қолданысқа берілді. Аталған орталықтардан алғашқы 8 қари түлеп шықса, 91 дін маманы қызметке тағайындалды. 2019-2020 жылдары пандемия кезеңінде қала, аудан, ауылдық дәрігерлік орталықтарға 10 ИВЛ, 83 оттегі аппараты жеткізіліп, 7000 дәрі-дәрмек берілді. Болатбек Ұласханұлы да білікті маман, дін саласында үлкен міндетерді абыроймен атқарған адам. Атырау облысы жамағатының бірлігін нығайтып, рухани ағарту мақсатында нәтижелі қызмет атқарады деп сенемін» деді наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы.
https:screenreader.tilgazyna.kz/
2024 жылғы 28 мамырдан бастап 2024 жылғы 21 маусымға дейін «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі.
Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық
актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Басқарманың ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Атырау облысы Дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асыру бойынша 2023 жылғы 15 мамырда жергілікті дін өкілдерінің басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Иманғали орталық мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы, Успен Соборы храмының басшысы А.А.Козулев пен Рим-Католиктік шіркеуінің басшысы П.Сакмар және басқарма қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында басқарма басшысы Қ.Көшқалиев сыбайлас жемқорлыққа қатысты мемлекет тарапынан тек заң жүзінде ғана емес идеологиялық тұрғыдан да қарсы күрестердің және прафилактикалық жұмыстардың жүріп жатырғанын баяндады.
Сонымен қатар, діни бірлестіктердің биік мінберлерінден жемқорлықтың алдын алу бойынша уағыз-насихаттарында келуші жамағаттарына жие-жие айтылуы керектігін қаперге салды.
Шараның қонақтары тарыпынан да ұсыныс пікірлер тыңдалды.
2022 жылғы 30 қараша күні Атырау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен
"Ұлт құндылығы –бабалар аманаты: ұлт руханиятының мәселелері атты тақырыпта" республикалық ғылыми – практикалық конференция" өтті.
Конференцияны өткізудегі мақсат – қоғамдағы діни экстремизм мен терроризм идеологиясы таралуын алдын алу; деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру; ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды насихаттау; ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, саналы ұрпақ қалыптастыру; заманауи тәрбие мен ұлттық тәрбиені ұштастыру;дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ұлықтау жөніндегі жүйелі жұмысты ілгерілету; отбасылық қатынастарды, моралдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және адам өміріндегі маңызы мен мағынасын айшықтап, жаhандану жағдайында әр халықтың өмір сүру салтына сай берекелі де ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.
2022 жылғы 28 қазан күні Атырау қаласы «АБАЙ» орталығында облыстық комиссия, Атырау облысы Дін істері басқармасы, «Жәрдем-Атырау» КҚ-дың ұйымдастыруымен «Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында әйелдер форумы және Отбасылық тәрбие, ұлттық құндылықтар туралы көрме, зергелік бұйымдар жәрмеңкесі өтті.
Форум жұмысына Мақат ауданы әкімінің орынбасары А.Шанғалаев, Мақат ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы А.Кеуелова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Утешова, Доссор кенті әкімінің орынбасары Г.Ергужиева, Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы Г.Назарова, «Айналайын баладан» қоғамдық қорының және «Шабыт» шығармашылық дамытушылық оқу орталығының жетекшісі Э.Мусина, Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны К.Серикбаева, Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы С.Кожагулова және Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» бөлімінде инспектор Н.Қуатбайқызы қатысты.
Мақсаты: Облыс тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясы алдан алу, діни ұлттық құндылықтар мен тарихи сананы жаңғырту, қазақы болмыс пен салт дәстүрге негізделген қоғамға қатысты зорлық зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын терроризм қарсы мәдениеттің қазақстандық моделін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар төмендегідей мақсаттарды көздейді:
Отбасындағы және қоғамдағы әйел рөлінің маңызын дәріптеу;
Кешегі қазақ әйелінің даналығы арқылы қазіргі заман әйелінің, анасының, әжесінің бейнесін ашып, болашақ қазақ әйелінің болмысын қалыптастыруға серпін беру;
Қазақ қыз-келіншектерін білімге, қоғамдық өмірге бағыттау және психология, тұлғалық даму, бала тәрбиесі бойынша кеңінен талқылау ;
Отбасының түтінін түтетумен қатар, іскерліктің, түрлі саланың тізгінін бірге алып жүрген белгілі қыз-келіншектермен кездесу арқылы рухани пікір алмасу;
Қоғамда белең алған әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың, әйел құқығының тапталуының алдын алуға ықпал жасау;
Отбасыға және қоғамға іріткі салатын жағдайларға тосқауыл қою.
Қатысушылар: Республика және облыс көлемінде танымал блогерлер, коуч-мамандар, журналист-жазушылар, дінтанушы мамандар, құқық қорғау органдары және ҚАЖ департаментінен әйел қызметкерлері; Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасынан үздік әйел чемпиондары (спортшылар); ЖОО-нан (Х. Досмұхамбетов Атырау мемлекеттік университет, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті) белсенді студент қыздар; Жастар ресурстық орталығы белсенді қыздар; Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің әйел жамағаты; Депутат әйелдер.