Атырау облысы Дін істері басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Атырау облысы Дін істері басқармасы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, өз жұмысын жалғастыруда.
Қазіргі таңда Атырау облысында діни ахуал тұрақты.
Атырау облысы бойынша 50 исламдық 3 православтық, 3 католиктік, 1 кришнаизм және 7 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген, барлығы 64 діни бірлестік және филиалдар қызмет етуде.
Облыста 59 ғибадат үйі (ғимараттары) жұмыс жасауда. Олар: 50 исламдық, 2 православиелік, 2 католиктік, 5 протестанттық.
Атырау облысының аумағында 16 миссионер бар (католиктік – 11, кришнайттік – 5).
Облыс бойынша діни әдебиет немесе діни заттарды сататын арнайы 36 сауда нүктелері тіркелді (Атырау қаласында – 29, Құлсары қаласында – 3, Құрманғазы ауданында – 3 және Махамбет ауданында - 1).
Облыста ресми тіркелген 18 намазхана жұмыс істеуде (қала – 13, Құрманғазы – 2, Индер – 2, Мақат - 1).
Ағымдағы жылы облыстық ақпараттық-түсіндіру тобында 162 мүшесі бар 11 топ (1 облыстық, 1 қалалық, 7 аудандық, 1 мобильді топ және арнайы профилкатикалық және қарсы насихат жұмысын онлайн/оффлайн форматында жүргізетін топ) бекітіліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығына тікелей әсер ететін аспектілер:
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
2024 жылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 104 705 адам қамтылған 552 атаулы түсіндіру шаралары өткізілді (2023 жылы 421 шара, 189988 адам қамтылды).
Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қарсы насихат бағытында жұмыстар.
БАҚ-тағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыстар бойынша облыс тұрғындарын деструктивтік діни ағым идеологиясынан сақтау және ұлттық құндылықтарды нығайту мақсатында жалпы саны: 18738 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды (2023 жылы 748304 материал).
47 подкаст және 390 тақырыптық бейнематериал "Shapagat Atyrau" YouTube-арнасында жарияланды (39,3 мың тіркелуші / 4 238 295 қаралым) және көрермендерге ұсынылды.
"Азан радиосы" YouTube арнасында 335 бейнематериал жарияланды, 423065 қаралым жиналды. Биыл 5004 көрермен тіркелді.
«Діни қызметшілерді (имамдар) тарта отырып әлеуметтік желілерде 5496 қысқа форматтағы бейне материалдар түсірілді.
Деструктивті діни ағым өкілдерін оңалту бойынша жұмыстар.
Ағымдағы жылы өңірдегі деструктивті діни ағымдардың өкілдерінің саны 4787 адамға тең (өткен жылы 4509 адам).
Жыл басынан бері 3237 адам нүктелік профилактикалық оңалту жұмыстарымен қамтылды (2023 жылы 2098 қамтылды).
495 тұлға оңалды, оның 200 қайта тексерумен расталды (2023 жылы 351 оңалды, 133 расталды).
1677 ДДА жақтаушысы қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімделді (2023 жылы 782 бейімделді).
ҚР Дін саласындағы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы тармақтарының талаптарын бұзудың 65 фактісі тіркелді, сот шешімімен ҚР ӘҚБтК 453 және 490-баптарының талаптарын бұзғаны үшін 64 іс бойынша әкімшілік айыппұл салынды, 1 істі сот тоқтатты (2023 жылы 63 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды).
Интернет кеңістігінде топтарды, аккаунттарды бұғаттау бойынша жұмыстар.
Дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын 51837 топ (аккаунт) "IronSupervision" бағдарламасына бұғаттау үшін енгізілді (2023 жылы 14106 топ енгізілді).
Есепті кезеңде әлеуметтік желілерде 349584 азаматтың парақшаларына зерделеу жүргізілді, 526 парақша дінтану сараптамасына жіберілді (2023 жылы 421219 зерделенді, 242 сараптамаға жіберілді).
«АТО» телеграм боты бойынша жұмыстар, әлеуметтік желілердегі парақшаларды деструктивті-діни топтарға тіркелудің бар-жоғын тексеру.
«АТО» телеграм боты арқылы 4951 адам өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларын деструктивті діни ағым группаларына тіркелу/тіркелмеуі бойынша тексерді (2023 жылы 1514 тексерді).
2024 жылы жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасында 12821 адам қамтылған 150 іс-шара өткізілді.
ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеуші 209 тұлғамен барлығы 433 нүктелік, оңалту жұмыстары жүргізіліп, 9 тұлға оңалды.
Спортшылармен 906 адам қамтылған 25 іс-шара өткізілді.