«Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша қорытынды анықтамасы.
Атырау қаласы «21» маусым 2024 жыл
«Атырау облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) және басқармаға қарасты «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Орталық)қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудегі2023 жылдағықаңтар – қараша аралығындағы қызметі туралы есеп.
«Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы м.а. Қ.Мусаевтың 2023 жылғы 28 қарашадағы №70 бұйрығына сәйкес, қайта ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:
|
1 |
Қ.Р.Мусаев |
Басқарма басшысы |
|
2 |
М.Ш.Изғалиев |
Бөлім басшысы |
|
3 |
Е.Қ.Ерғалиев |
Бас маман |
|
4 |
Вакансия |
Бас маман |
Ішкі талдау жүргізуге арналған жалпы кезең 2024 жылдың 28 мамыр 21 маусым аралығындағы жұмыс кезеңі.
Ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2)Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
3)Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
4)Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
5)Мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
6)Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
7)Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
8)Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
9)Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
10) Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.
1.Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1)Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;
2)Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы;
3) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 қазандағы№483-ІV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;
4) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.
5) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы;
6) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы
7) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңы;
8)Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы.
9)2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»
10) «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрық.
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.
Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
2.Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың ішкі құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. 2024 жылы бойынша 37 бұйрық рәсімделген (негізгі құрам бойынша – 26, жеке құрам бойынша – 13 бұйрықтар) заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
3.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың жалпы штат саны 6 бірлікті құрайды, қазіргі таңда Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маман лауазымы 1 бірлік, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап бос тұр, әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің басшы лауазымы 2024 жылғы 20 наурыздан бастап бос тұр.
Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінде 3 бірлік, 1 бөлім басшысы және 1 бас маман тұрақты қызмет атқаруда.
Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінде 2 бірлік, 1 бөлім басшысы лауазымы бос және 1 бас маман есепші тұрақты қызмет атқаруда.
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларын сақталуын бұзған фактілер анықталған жоқ.
Басқармаға қарасты Орталық құрылымы 46 қызметкерден (мекеме басшысы – 1,орынбасары – 2,заңгер – 1, Бас есепші – 1, мемлекеттік сатып алу инспекторы – 1, экономист – 1, хатшы – 1, шаруашылық меңгерушісі – 1, көлік жүргізушу – 1, техникалық қызметкер – 2, талдау және мониторинг бөлімі –4, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс әрекет ету бөлімі– 3, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бөлімі – 4, оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі – 4, интернет ресурстары және әлеуметтік желілерді зерделеу бөлімі – 4 , діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі –4 , аудандық жұмыстарды үйлестіру бөлімі – 4, Кибернадзор бөлімі – 4, ) тұрады, жалпы – 10 бос орын бар,теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ. «Ақпараттық-талдау орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос орындардың көбісі бала күтімі демалысында болғандардың орыны.
Атырау облысының Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерінің орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тұлғаларға мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақталуын қадағалау үшін ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен қызметкерлердің жеке істеріне тексеру жүргізілді.
Басқарманың 6 мемлекеттік қызметкері және Орталықтың 46 қызметкерлеріне жүргізілген талдаудың нәтижесінде, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы фактілер анықталмады.
Басқарманың қызметкерлерін талдау барысында жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) жасауы анықталған жоқ. Басқарманың қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелген жоқ.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжаттың болмауы (саясат);
2) мүдделер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі функциялар жүктелген жауапты тұлғаның болмауы;
Анықталған тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар:
1) мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжатты (саясатты) әзірлеу және бекіту;
2) жауапты тұлғаны айқындауға және оған мүдделер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі функцияларды жүктеу;
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығының 3, 4-қосымшаларындағы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру, сондай-ақ діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің 8-тармағындағы қажетті құжаттар тізбесінде «рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрлыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес болмаған жағдайда) 300 метрден кем емес қашықтықта орналастырылуы керектігі көрсетілген.
Ал бұл болса жеке кәсіпкерлердің құқықтырын шектеп, қажетті діни әдебиеттердің сатуға кедергі келтіруде. Осы мәселені шешу мақсатында «300 метрден кем емес қашықтан орналастыру керектігі» туралы талапты алып тастау қажет.
Қазіргі қоғам сұранысына сәйкес ақпараттандыру және түсіндіру бағытында www.facebook.com,www.mail.ru, www.youtube.com, @instagramсекілді әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2022 жылдан Телеграм және Тик-ток желісінде Дін істері басқармасының арнайы парақшалары ашылды.
Сондай-ақ интернет желіде террористік және діни экстремистік сипаттағы материалдарды анықтау, есепке алу, бағалау және шектеу бойынша «Аналитикалық интернет платформа» ақпараттық жүйе жобасы жүзеге асырылуда.
8.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма Атырау облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №245 Қаулысымен құрылған. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Басқарма Ережесіне сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады.
Сонымен қатар, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарыніске асырып, бағдарламаның нысаналы индикаторына қол жеткізуді және «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарын» жүзеге асырады.
Орталық облыс аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, қарсы насихат жұмысын, оңалту және радикалсыздандыру жұмысын ұйымдастырады.
10.Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Атырау облысы Дін істері басқармасы жеке және заңды тұлғаларға 12 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Бұл қызметтерден басқа жасырын мемлекеттік қызметтер жоқ.
1) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл стандартының және саясаттың дайындалып бекітілмеуі;
Анықталған тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар:
1) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» және «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастыруға келісу туралы шешім беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің «рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрлыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес болмаған жағдайда) 300 метрден кем емес қашықтықта орналастырылуы керектігі жөніндегі ережедегі 300 метр қашықтық талабын азайту немесе мүлдем алып тастау ұсыну;
|
Басқарма басшысы |
_______________ |
Қ.Мусаев |
|
Бөлім басшысы |
_______________ |
М.Изғалиев |
|
Бас маман |
_______________ |
Е.Ерғалиев |