|
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ |
АКИМАТ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|
ҚАУЛЫ |
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ |
Атырау қаласы город Атырау
Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылы 26 маусымдағы №245 «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Дін істері басқармасы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Облыс әкімі М.Досмұхамбетов
Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы « » наурыз
№ қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімиятының
2022 жылғы « » наурыз
№ қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үдерістерді жан-жақты және объективті зерделеу.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады;
2) азаматтардың діни сенім бостандығына және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау құқықтарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) діни ахуалдың дамуына, Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, заңды тұлға белгілері жоқ діни бірлестіктердің, миссионерлердің қызметіне зерделеу мен талдау жүргізеді;
4) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
5) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады;
6) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;
9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;
10) діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім береді;
11) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізеді;
12) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
13) терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
2) діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылыққа қатысты мәселелерді қарайды;
3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) діни бірлестіктермен қарым-қатынасты реттеу саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ресми түсініктемелер береді;
7) экстремизмнен сақтандыруға бағытталған келесі алдын алу шараларын іске асырады: қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, тиісті аумақтарда құрылған діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметін зерделеуді жүзеге асыру, олар туралы деректер банкін жасау, өңірлік деңгейде ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асыру, өңірдегі діни ахуалды зерделеу мен талдау жүргізу;
8) облыс аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
9) заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың өзіне жүктелген міндеттері мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
- діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;
- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
- Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;
- қызметтің бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;
- Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) Басқарманың қызметіне басшылық етеді және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өз орынбасарларының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған қажетті шараларды алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
8) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
9) Басқарма мемлекеттік басқару органы болатын мекеме мен кәсіпорындардың басшыларын заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады;
10) Басқарма басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.