АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ДІНИ АХУАЛЫ

 

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ДІНИ АХУАЛЫ

        Атырау облысы Дін істері басқармасы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, өз жұмысын жалғастыруда.

         Қазіргі таңда Атырау облысында діни ахуал тұрақты.

Атырау облысы бойынша 37 исламдық, 3 православтық, 3 католиктік, 1 кришнаизм және 7 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген, барлығы 51 діни бірлестік және филиалдар кызмет етуде.

Облыста 47 ғибадат үйі (ғимараттары) жұмыс жасауда. Олар:                                  37 исламдық,  2 православиелік,  3 католиктік, 5 протестанттық.

Атырау облысының аумағында 20 миссионер бар (католиктік – 16, кришнайттік – 4). Олардың ішінде: Польша – 9, Филиппин – 2, Словакия – 4, Қазақстан – 4, Литва - 1 азаматтары.

Облыс бойынша діни әдебиет немесе діни заттарды сататын арнайы                              23 сауда нүктелері тіркелді (Атырау қаласында – 17, Құлсары қаласында – 2, Құрманғазы ауданында – 3 және Махамбет ауданында - 1). Облыста ресми тіркелген 8 намазхана жұмыс істеуде (қала – 6, Құрманғазы – 2).

2021 жылдың қорытындысымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 93 695 адам қамтылған 3 576 атаулы түсіндіру шаралары өткізілді.  

БАҚ-тағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыстар бойынша жыл басынан облыс тұрғындарын деструктивтік діни ұйымдар идеологиясы таралуын алдын алу және ұлттық құндылықтарды нығайту мақсатында жалпы саны: 915 789 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Теолог мамандар 2021 жыл ішінде терроризм және экстремизм бабы бойынша сотталған жазасын өтеуші 32 ерлер 116 рет, 6 әйел тұлғалармен 192 рет, барлығы 308 кездесу өткізді.

Өткен жылы оңалту, профилактикалық жұмыстар барысында барлығы                2350 рет іс-шараға 2020 тұлға тартылды.

«Шапағат» қоғамдық қорының теолог мамандары «Жусан» операциясымен елге қайтарылған 17 әйелдерге 265 рет дәріс өткізілді.

«Экстремизм және терроризм» баптары бойынша жазасын өтеушілердің әйелдерімен 56 дәріс өткізіліп, 25 әйел қамтылды.

Дін ұстанушы тұлғалармен (намазхан) 982 кездесу өткізілді, оның ішінде 889 тұлғамен профилактикалық түсіндіру жұмыстары іске асты.

Қазақстан қоғамдық құндылықтарына бейімделген 293 тұлғамен                                626 кездесу өткізіліп, нүктелі, профилактикалық оңалту жұмыстары атқарылды, 2021 жылы 226 адам Қазақстан қоғамдық құндылықтарына бейімделді.           

Теолог мамандардың және имамдардың профилактикалық, оңалту жұмыстарының нәтижесінде 2021 жылы 227 тұлға дәстүрлі діни көзқарасқа бет бұрды.

Атырау облысы Дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын басшылыққа алып өңірде дін саласындағы құқық бұзушылықтарға әкімшілік ықпал ету әрекеттерін күшейтті.

2021 жылы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптарын бұзған 67 факті анықталып, 55 - тұлғаға әкімшілік айыппұлдар салынды (2019 – 49, 2020 – 62).

Дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын 235 000-нан астам топ (группа) бұғаттауға енгізілді (2019 – 335, 2020 – 30 000).

279 493 азаматтың әлеуметтік желідегі парақшаларына зерделеу жүргізіліп, 559 азаматтың парақшасы дінтану сараптамасына жолданғанын хабарлаймыз (2019 – 4170 зерделенді, 183 сараптамаға жолданды, 2020 – 50 821 зерделенді, 1177 сараптамаға жолданды).

Ғаламтор желісінде діни теріс бағыттағы ақпараттардан тазарту бойынша жүргізілген жұмыстар өз тиімділігін көрсетуде, қазіргі таңда Атырау облысының ғаламтор желісі деструктивтік діни ағым идеологиясынан 90% тазартылды.

Тиісінше, осы тазартлыған материалдардың орнын дәстүрлі діни бағытты насихаттайтын материалдармен толтыру жұмыстарыда жүргізілуде.

Қазіргі таңда Атырау облысы аймағында әлеуметтік желілерде осы бағытта жұмыстарды жүргізетін 11 парақша жұмыс жасауда. Осының ішінде қала және аудан тұрғындарын радикалды діни идеологиясына қарсы имунитет қалыптастыру, теріс діни ағымдарды әшкерелеу бағытында youtube және Instagram әлеуметтік желілсінде «ИманЛайф» және «Шапағат подкаст» парақшалары қарқынды жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде youtube бейнехостингінде қазіргі жастардың сұранысына ие діни подкасттық портал ашылып өз жұмысын қарқынды жүргізуде.

Қазіргі таңда аталған танымдық порталда әр-түрлі тақырыптарды қамтыған 8 подкасттық бейнеөнім және діни тақырыптағы бейне материалдар түсіріліп көрермендердің назарына ұсынылды.

Облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Иман нұры», «Имам уақыты» телебағдарламасының  тікелей эфирінде, сонымен қатар, әлеуметтік желі және келесідей интернет ресурстарда: www.atr-ato.kz, www.atr.kz, www.pricom.kz, www.azh.kz, https://amin.kz/ www.durbi.kz, www.maturidi.kz, https://ken-zhyloi.kz/, https://naryntany.kz/, https://qyzylqoga.kz/, https://ser-per.kz/,  https://zh-shugylasy.kz/,  https://den-der.kz/, https://maqat-tynysy.kz/ сайттарында  қарсы материалдар жариялануда.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ДІНИ АХУАЛЫ
Дата публикации
05 января 2022