Атырау облысы Дін істері басқармасының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Атырау облысы Дін істері басқармасы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, өз жұмысын жалғастыруда.
Қазіргі таңда Атырау облысында діни ахуал тұрақты.
Атырау облысы бойынша 56 - исламдық, 3 - православтық, 3 - католиктік, 7 - протестанттық және 1 - кришнаизм бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген, барлығы 70 діни бірлестік және олардың филиалдар қызмет етуде.
Атырау облысының аумағында 13 миссионер (Католиктік – 8; Кришнаиттік – 5).
Облыс бойынша діни әдебиет немесе діни заттарды сататын 36 арнайы сауда нүктесі (29-Атырау қаласында, 3-Құлсары қаласында, 3 - Құрманғазы ауданында және 1 - Махамбет ауданында) тіркеліп қызмет атқаруда.
Облыста ресми тіркелген 24 намазхана (18 - Атырау қаласында,
3 - Құрманғазы ауданында, 2 - Индер ауданында және 1 - Мақат ауданында).
Ағымдағы жылы облыстық ақпараттық-түсіндіру тобында 158 мүшесі бар 10 топ (1 облыстық, 1 қалалық, 7 аудандық, 1 мобильді топ және арнайы профилкатикалық және қарсы насихат жұмысын онлайн/оффлайн форматында жүргізетін топ) бекітіліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығына тікелей әсер ететін аспектілер:
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
2025 жылы 200 000-ға жуық адам қамтылған 5000 атаулы түсіндіру іс-шара өткізілді (2024 жылы 107 570 адам қамтылып, 616 іс-шара).
Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қарсы насихат бағытында жұмыстар.
БАҚ-тағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыстар бойынша облыс тұрғындарын деструктивтік діни ағым идеологиясынан сақтау және ұлттық құндылықтарды нығайту мақсатында жалпы саны: 1) БАҚ – 141 (баспада – 72 мақала және теледидарда – 69 бағдарлама); 2) Интернет ресурстарында 738 (514 ақпараттық хабар, 165 мақала, 28 сұхбат, 31 радиобағдарлама); 3) Әлеуметтік желілерде 21 592 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Қоғамда діни экстремизм мен радикализм идеологиясына төзбеушілікті және дәстүрлі кұндылықтарды насихаттау мақсатында «Азан» интернет радиосы жобасы іске асырылуда. Радио эфирінен 5330-ға жуық бағдарламалар мен хабарлар таратылып, студияға 440-ке жуық спикер шақырылды. Сондай-ақ «Aзан» интернет-радиосының «Youtube» арнасында 735-ге жуық видео хабарлар жарияланды.
ҚР Дін саласындағы заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы тармақтарының талаптарын бұзудың 65 фактісі тіркелді, сот шешімімен ҚР ӘҚБтК 453 және 490-баптарының талаптарын бұзғаны үшін 38 әкімшілік айыппұл салынды.
Интернет кеңістігінде топтарды, аккаунттарды бұғаттау бойынша жұмыстар.
Әлеуметтік желілердегі 412 871 парақша зерделенді. Нәтижесінде мазмұнында діни материалдар анықталған 625 парақша дінтану сараптамасына жолданды (2024 ж. 349584 зерделенді, 526 сараптамаға жолданды).
Қауіпті және күмәнді топтарда тіркелген 35424 азаматқа ескерту жасалып, 14 528 азамат осы топтардан шығарылды.
Сонымен қатар, 5 369 діни парақша арнайы бағдарлама арқылы бұғатталды.