Қазіргі цифрлық дәуірде киберқауіпсіздік мәселесі маңызды орын алады. Әсіресе интернет арқылы жасалатын алаяқтықтардан қорғану үшін дұрыс кибергигиеналық дағдыларды қалыптастыру қажет. Кибергигиена — бұл жеке және ұйымдық деректерді қорғауға бағытталған түрлі шаралар жиынтығы, соның ішінде интернетте қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажетті ережелер мен дағдылар. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмауыңыз үшін қосымша ақпараттармен жарақтануыңызға болады. Бұл жөнінде Сіз – citizensec.kz сайтынан біле аласыз.
Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрықтары негізінде «Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Досмұхамбетов көшесі, 21.
Қызмет түрі: облыстың мемлекеттік архивіне сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастыру. Облыстың мемлекеттік архивінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану. Құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру. Облыстың мемлекеттік архивінде сақталатын Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру. Облыстың Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Кадрларды даярлаудың "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы немесе басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл жұмыс өтілі.
Конкурса қатысушылар білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (бұдан әрі-ӘРПК); «Мемлекеттік құпиялар туралы”, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын; архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлерді; архив ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені, заманауи ақпараттық технологияларды; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістерін; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін.
Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында және Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
Атырау қаласы. Әйтеке би 77, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы, Анықтам телефоны:8(7122) 76-29-10.
Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін бекітеді және 10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді өткізеді.
https://youtube.com/shorts/_Nq7Zb_M-4Y?feature=share
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны. Жаңа идеялар мен заман талаптарына ашық мемлекеттік қызметшілерді дамытатын интеллектуалды платформа болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2024-2025 оқу жылына қабылдау науқаны басталды.
Оқуға құжаттарды қабылдау онлайн форматта Академияның арнайы ақпараттық жүйесі арқылы (https://admission.apa.kz.) 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады. Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 6 магистрлік, 3 докторлық бағдарлама бойынша және өндірістен қол үзбей оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
Магистратураның білім беру бағдарламалары:
- бір жылдық күндізгі оқу – «Мемлекеттік басқару (МРА)», «Адам ресурстарын басқару (MHRM»), «Өңірлік даму (MRD)»;
- бір жарым жылдық күндізгі оқу – «Мемлекеттік саясат (MPP)», «Экономика (ME)», «Халықаралық қатынастар (MIR)»;
- мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар үшін өндірістен қол үзбей бір жылдық модульдік оқыту: «Мемлекеттік басқару (ЕМРА)», «Өңірлік даму (MRD»).
3 жыл оқу мерзімімен докторантураға қабылдау «Мемлекеттік басқару (DPA)», «Халықаралық қатынастар (DIR)», «Экономика (DE)» бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінді.
Мемлекеттік басқару академиясына түсушілер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
- мемлекеттік органның жолдамасы, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсуге үміткер мемлекеттік қызметшілер үшін;
- жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы;
- жоғары білімі туралы дипломның қосымшасымен бірге (магистратураға түсу үшін), жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның қосымшасымен бірге (докторантураға түсу үшін) сканерленген нұсқасы.
- мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификаттардың бірі - QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz) В1 деңгейінен төмен емес, бұл тармақтың шетел азаматтарына қатысы жоқ.
- MIR, DIR, DPA, DE бағдарламаларына халықаралық сертификаттардың бірі (IELTS, TOEFL IBT, TOEIC, Duolingo English Test);
- мемлекеттік қызметшілер үшін-жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат.
Докторантура үшін
- Research proposal (зерттеу жұмысы жоспарының жобасы) бағаланады;
- өтініш (ЭЦҚ қол қойылған).
Академияда білім алудың артықшылықтары:
Бағдарлама жайлы, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе төменде көрсетілген контактілер арқылы біле аласыз : +7 7122 492294, +7 7122 519492, +7 708 565 56 59.
Кәсіби құзыреттіліктеріңізді шыңдауға мүмкіндік беретін білім беру ортамызда күтеміз!
2024 жылғы 22 сәуірден бастап 2024 жылғы 21 мамырға дейін «Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі.
актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ҚР Үкіметіне «AMANAT» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту тапсырылды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейту жөніндегі Жол картасының 3 және 5 тармағының орындау мақсатында Атырау облысы әкімдігінің Жобалық офисі құрылып, «Адами капитал» базалық бағыты шеңберінде «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша жобалық топ құрамы мен жобалық топ мүшелері құрылды.
Қазіргі уақытта «Қарызсыз қоғам» жобасына байланысты оқыту-түсіндіру қызметі қолға алынды. Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюжетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді, т.б. үйренесіз.
Сондай-ақ, оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында тұрғындар заңгердің көмегіне сүйене алады, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, несиелік қарызды құрылымдау қажет.
Жоба Атырау облысында ағымдағы жылдың 5 ақпан күнінен бастау алды. Күні бүгінге дейін Махамбет ауданы бойынша 61 тұрғын, Жылыой ауданы бойынша 135, Исатай ауданы бойынша 133, Индер ауданы бойынша 156 тұрғын оқыды. Оқу аудан, ауыл тұрғындарынан кейін Атырау қаласында жалғасатын болады, оқимын деген жандар 27-60-10 телефоны арқылы жазылуға болады.
«Ақылды» қалалар (Smart city) жобасы аясында табиғи монополия субъектілері қызметтерін автоматтандыру мақсатында- қалалық қызметтер порталы 2023 жылдың желтоқсан айында енгізіліп, ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап тәжірибелік қолданылуға берілді. Аталған порталда 7 табиғи монополия субъектілерінің 29 қызмет түрі бойынша өтініш беруге мүмкіндік жасалды. Атап айтқанда: «Атыраугазинвест» ЖШС, «Қаз ТрансГаз Аймақ» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы»АҚ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «АтырауЭнергосату» ЖШС, «Спецавтобаза»ЖШС, «Транстелеком» АҚ сияқты мекемелердің қызметтерін үйден шықпай ақ толықтай онлайн түрде немесе Атырау қаласы, Әбілқайыр хан 66 мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан фронт-офистің бірыңғай терезесі арқылы алуға болады.
Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының қызметтерін біріктіреді. Жоба коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақтауы бойынша оң нәтижелер береді.
Порталға https://onaykyzmet.kz cілтемесі арқылы өтуге болады.