Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 2026 жылдың I-тоқсаны бойынша талдамалық анықтамасы
Жеке, заңды тұлғалардан түсетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Атырау облысы архиві және қалалық, аудандық филиалдары көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардың архивтік сұраныстарын, оның ішінде «Электронды Үкімет» ақпараттық жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы архивтік сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.
- Атырау облысы мемлекеттік архиві және қалалық, аудандық филиалдары бойынша 2026 жылдың I-тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 1733. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 814. Қызмет беруші арқылы (қағаз түрінде) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 919.
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы қағидасына сай қызмет атқарады.
- Мемлекеттік қызметтер сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар болған жоқ.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша:
- 2026 жылғы 4 ақпанда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Махамбет аудандық бөлімі қызметкерлерімен консультациялық кеңес өткізді.
- 2026 жылғы 5 ақпанда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы Facebook парақшасына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу бойынша бейнеролик жариялады.
- 2026 жылғы 5 ақпанда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы Facebook парақшасында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі туралы бейнеролик жариялады.
- 2026 жылғы 5 ақпанда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы Facebook парақшасына «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі туралы инфографика жариялады.
- 2026 жылдың 12 ақпанында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы «Жайық шұғыласы» газетінің №6 санында «Архив – азамат құқығының кепілі» атты мақаласын» жариялады.
- 2026 жылдың 5 наурызында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі туралы тұрғындарға ақпарат беру мақсатында брошюра жасақтап, түсіндіріліп, таратылды.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалының 2026 жылғы 10 наурызында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат» стенділері мен мәліметтері жаңартылды.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалының 2026 жылғы 10 наурызында Facebook парақшасына «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі туралы түсіндірме бейнеролик жарияланды.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы 2026 жылғы 11 наурызында Facebook парақшасында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі туралы тікелей эфир өткізді.
Бас маман А.Джумагалиева