Мемлекеттік қызмет көрсету
бойынша ақпарат
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың І жартыжылдығында барлығы 3 162 323 қызмет, соның ішінде 3159991 жеке тұлғаға, 2332 заңды тұлғаға қызмет қызмет көрсетілді.
Сонымен бірге, «Мониторинг» ақпараттық жүйеде мерзімі бұзылу қаупі туындаған қызметтер мәліметі күн сайын жүктеліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, орындалысы туралы скриншоттар жинақталып, бақылауда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 595 шара ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, қажетті құрылғылары жоқ немесе электрондық порталды қолдануда көмек қажет ететін тұрғындар үшін «Электрондық үкімет» порталына қолжетімділікті арттыру мақсатында (әкім аппараттарында, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында) 170-тен астам өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан ашылған сервистік әкімдіктер арқылы қызметтер көрсетілуде. Барлық қызмет көрсету бұрыштарына жауапты кеңесшілер белгіленген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 2025 жылдың І жартыжылдығында 48 қызмет көрсетуге жауапты маманның біліктілігі арттырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Е-собез», «Еңбек нарығы», «eatyrau.kz», «Е-лицензиялау», «Gosagro.kz», «Е-архив», «gosreestr», «Шетелдік жұмыс күшін тарту», «Damumed» және тағы басқа ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілуде.