Архив ісін мемлекеттік реттеу
Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты облыс архив мекемелері облыстың архив қоры құжаттарының сақталуы мен мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, ведомстволық архивтерге, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың құжаттарына іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылық жүргізу, құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау, жеке және заңды тұлғаларға архивтік анықтама беру – мемлекеттік қызмет сұраныстарын орындау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.
Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №345 «Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы №84 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде және ұйымдарда ведомстволық мұрағаттарды құру туралы»қаулысына өзгеріс енгізу»қаулыларын іске асыру мақсатында облыста архив қоры құжаттарын ведомстволық сақтау сатысындағы жұмысты жетілдіру жұмыстары жалғасын табуда.
Сонымен қатар, мекеме, ұйымдардың ведомстволық сақтау мерзімі жеткен құпия құжаттарды мемлекеттік сақтауға архивке қабылдау жұмыстары жүргізіліп, құпия құжаттармен жұмыс жасайтын мамандарға әдістемелік көмектер көрсетілді.
1-бағыт. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры
құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету
Есепті кезеңде облыстың архив мекемелерінде архив қорлары құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жоспарға сәйкес құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту, істерді қалпына келтіру, түптеу, тігу, мұқабаларын рәсімдеу, залалсыздандыру жұмыстары жалғасын тапты.
Есепті мерзімде архив мекемелеріндегі - 20781 с.б. құжаттардың толықтығы, жәй-күйі тексеріліп, тексеру беті және жәй-күйінің актісі толтырылды. Архив қорындағы құжаттарды қағаз негізінде қайта жаңғырту 412 с.б. 58707 параққа және физикалық, химиялық өңдеу жұмыстары 3468 с.б. 51173 параққа жүргізілді.
2025 жылдың 1 қазан жағдайына сәйкес мемлекеттік архивтерінде 1864 қорында 867717 сақтау бірлігіндегі құжат сақталуда.
2-бағыт. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив
қорының қалыптасуы
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын жүзеге асыру, Ұлттық архив қорын толықтыру мақсатында мекеме, ұйымдардағы құжаттама қызметі мен ондағы құжаттардың сақталуы, мемлекеттік архивке уақытында тапсыру үшін ведомствалық архивтер мен мекемелердің іс жүргізуін қадағалауда біршама жұмыстар атқарылды. Ведомстволық архив құжаттарына ғылыми-техникалық сараптау, өңдеу жұмыстары жүргізуге архив мекемелері тарапынан 306 мекеме, ұйымға әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыс әкімдігі жанынан құрылған консультативті кеңесші орган Сараптау-тексеру комиссиясының 8 отырысы өткізілді. Сараптау-тексеру комиссиясы арқылы – 4943 с.б. құжат өтіп, 3064 с.б. құжат архив қорына қабылданды.
Атырау облысында 9 мемлекеттік архив жұмыс істейді: 1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық.
Мемлекеттік архивтер 10 ғимаратта орналасқан, оның ішінде
6 архивтердің балансында, қалған 4 ғимарат құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жалға алынған ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар, облыс бойынша архив қоймаларының орташа жүктелу пайызы 98 %.
3- бағыт. Дерек базасы есебін және автоматтандырылған ғылыми анықтамалық аппарат құру
Мемлекеттік архивтің қызмет көрсетудегі басты жұмысы архивтік анықтамалар беру болғандықтан, оның жұмысын оңтайландыру, қор құжаттарын тиімді пайдалану, ақпараттық іздестіру жүйесін жеңілдету мақсатында қалалық, аудандық архивтерде еңбек өтілі бойынша көп сұранысқа ие болып табылатын қорлардың жеке құрам құжаттары (бұйрықтар) бірыңғай деректер базасына енгізілуде. Есепті мерзімде 3 қор 241 с.б. 8955 бұйрық енгізілді.
2025 жылдың 9-айында ақпаратты іздестіру жүйесіне деректер дайындау мақсатында облыс архив мекемелерімен цифрлық форматқа көшірілуге алынған құжаттар жүйелі түрде жүргізіліп, 8775 сақтау бірлігіндегі 741156 парақтағы іс құжаттарының енгізілуі қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық архивтерін «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесіне қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында облыстық архив және оның филиалдарымен 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 1864 қор 7317 тізімдеме, мекеме, ұйымдардың толықтыру көздері бойынша 1012 мәлімет, 1012 істер номенклатурасы, 88 келісім шарт, 3562 с.б. аса құнды және 25284 с.б. 1625967 парақтағы құжаттары енгізілді.
4-бағыт. Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану
Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытындажеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындауда, есепті мерзім ішінде түскен барлығы – 6647 әлеуметтік-құқықтық (6409 сұраныс: 3285-қанағаттандырылды, 3124-түсіндірілді), тақырыптық (237 сұраныс: 148-қанағаттандырылды, 89-түсіндірілді), гинеологиялық (1 сұраныс: 1-қанағаттандырылды) сұраныстардың 3434 (52%) сұранысы қанағаттандырылып, қалған сұраныстың, яғни 3213 (48%) сұранысқа тиісті түсінік жауаптары берілді. Басқа салаға қатысты-943 сұраныс түсті.
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Атырау облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінен орталықтары арқылы барлығы- 95 сұраныстарға жауап берілді. Электронды портал бойынша – 4760 сұраныс түсті.
Сонымен қатар, архив мекемелеріне тікелей 1792 (Қазақстан Республикасы азаматтарынан-1623 және шет ел азаматтарынан-169) сұраныс түсіп, тиісті жауаптары берілді.
«Облыс мемлекеттік архив мекемелерінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру жөніндегі медиа-жоспарды» іске асыру мақсатында, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша барлығы 46 іс-шара өткізілді. Атап айтар болсақ: мемлекеттік архив мекемелерімен жергілікті жердегі газет беттеріне және әлеуметтік желіге 9 мақала жарияланды, 4 дөңгелек үстел, 2 семинар, 1 тікелей эфир ұйымдастырылды және 3 консультациялық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 9 бейнеролик, 7 инфографика дайындалды, 5 буклет таратылды және 6 стенд жаңартылды.
Сонымен қатар, Атырау облысы мемлекеттік архиві және аудандық архив филиалдарында «Архив және болашақ ұрпақ» жоба аясында жоспарланған бағдарлама негізінде 6 ашық есік күні ұйымдастырылып, 2263 қатысушымен қамтылып, түрлі бағытта барлығы 106 іс-шара өткізілді. Оның ішінде әртүрлі тақырыпта: 17 тақырыптық көрме, 24 тақырыптық эксурсия, 14 фотоқұжаттық экспозиция, 8 дәріс, 3 тарихи тақырыпта викторина, 1 тарихи фактілер мен оқиғаларғаи сурет салу конкурсы, архив жұмысының негізгі бағыттарына 24 шолу өткізілді. Аталған ашық есік күні бойынша 3 мақала, 1 телетүсірілім және Фейсбук әлеуметтік желісіне 11 ақпарат жарияланды.
Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытында Атырау облысы мемлекеттік архиві және филиалдарында 26-көрме, 11-кездесу, 3-дөңгелек үстел, 6-семинар, 6 экскурсия, 1-челлендж, 1-консультациялық кеңес, 3-баяндама, 1-пікірталас ұйымдастырылып, фейсбукта-325 ақпарат, жергілікті газет бетіне 32-мақала жарияланып, 32-бейнеролик дайындалды және телеарнаға 3-сұхбат берілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті сұраныстарына сәйкес, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына архив қорынан Атырау облысының Жеңіске қосқан үлесі жөнінде фотосуреттер сараланып, жолданды.
Атырау облысын ұзақ жылдар басқарып, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Атырау облысы мен Атырау қаласының және Махамбет ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Оңайбай Көшековтің 100 жылдығына «БІРІНШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ ОҢ-АҒА» атты архивішілік фотокөрме ұйымдастырылып, шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің практикант студенттері және магистранттары қатынасты.
Қоғамдағы өңірге белгілі тұлғалардың жеке қорын ашу бағытында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құжаттары жинақталып, сараланып, 16 жеке тұлғаның жеке қоры ашылды.
Атырау облысы мемлекеттік архивінде 19 мамырында «Ұлы Жеңіске үлес қосқан Атыраулық әйелдер» атты челлендж дайындалып, Маңғыстау облысы мемлекеттік архивіне жолданды.
Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығы қарсаңында аудандық архив филиалдары мемлекеттік қорда сақтауда тұрған жеке тектік құжаттарды жариялау және насихаттау мақсатында, жеке тектік құжаттар топтамасынан 111 соғыс ардагерінің жеке тектік құжаттарын фейсбук парақшасына салынды. Сонымен қатар, облыс мемлекеттік архив және оған қарасты филаидармен Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына 8 көрме-кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық Архивінің базасында «Е–архив» АЖ–де жұмыс жасау мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 20–21 ақпан аралығында өткен семинарға – 7 қызметкер қатысты. Семинар нәтижесімен бөлісу мақсатында ағымдағы жылдың 26 ақпанында облыстық мемлекеттік архив қызметкерлеріне «Е–архив» АЖ–дегі мәслелер бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың ақпан айының 18-20 аралығында Қазақстан Республикасы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында реставрация жұмыстарының негіздерін үйрену мақсатында облыстық мемлекеттік архивінің ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің архивисі іссапарда болып, іс-тәжірибе алмасты.
2025 жылға арналған іс–шаралар жоспарына сәйкес, Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасына және ҚР Ұлттық Кітаптар палатасына археографиялық экспедицияға-3 қызметкер іссапармен барды.
Шетел архивтерінен өңірге қатысты құнды құжаттарды іздестіру жөнінде а.ж. 20 сәуір – 01 мамыр аралығында облыстық мемлекеттік архивінің 3 қызметкерімен Ресей Федерациясы Астархань облыстық мемлекеттік архиві мен Н.Крупская атындағы Астрахань облыстық кітапханасына экспедиция ұйымдастырылып, ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. өңір тарихына қатысты 333 парақта құжат пен 21 газет парағын электрондық түрде алуға қол жеткізілді.
Шетел архивтерінен өңірге қатысты құнды құжаттарды іздестіру жөнінде ағымдағы жылдың 07 - 19 қыркүйек аралығында Татарстан Республикасы Ұлттық кітапханасы және Казань (Привольжск) федеральды университетінің Н.И.Лобачевский атындағы ғылыми кітапханасына археографиялық экспедиция ұйымдастырылып, ХІХ –ХХ ғ.ғ. өңір тарихына қатысты мерзімді басылымдар мен ғылыми жазбалардан 210 парақта құжат парағын электрондық түрде алуға қол жеткізілді.
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында «Мемлекеттік құпияларды қорғау» бағдарламасы бойынша 2 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті.
2025 жылдың 12-15 мамыр аралығында Жамбыл облысы және Тараз қаласының мемлекеттік архивтерінде «Құжаттарды бірынғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша - 1 қызметкер тәжірибе алмасты.
Ағымдағы жылдың 15-16 мамыр аралығында Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Мемлекеттік архив: архив саласындағы менеджмент» атты семинарға біліктілік арттыру курсына - 2 қызметкер қатысты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18-21 мамыр аралығында өткен Республикалық форумға Архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы мен облыстық мемлекеттік архив басшысы қатысты.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президент архивінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың маусым айының 10-13 аралығында өткен Астана қаласындағы VІІІ Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебіне – 2 қызметкер қатысты.
2025 жылдың 11-12 қыркүйек аралығында - Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Архивті толықтыру, архивтік құжаттардың есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету» атты семинарға біліктілік арттыру бойынша 4 қызметкер қатысты.
2025 жылдың 25-26 қыркүйек аралығында - Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалануды ұйымдастыру» атты семинарға біліктілік арттыру бойынша 3 қызметкер қатысты.
2025жылдың 11-12 кыркүйекте Алматы қаласында «Региональный центр переподготовки кадров» решение по трудовому спору» ЖШС-мен өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту курсына 3 қызметкер қатысты.
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы негізінде қабылданған құжаттаманы басқару және архив саласына қатысты нормативті-құқықтық актілерін одан әрі жүзеге асыруда тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.