Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер

басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы,                         5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                  19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының 2025 жылғы 2 мамырдағы №27 «Атырау облысы цирфрландыру және архивтер  басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының қызметіне 2024 жыл бойынша ағымдағы жылдың 21 мамыр – 31 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Көпжанов Алмас Өтегенұлы - Басқарма басшысы, жұмыс тобының жетекшісі;

Сұлтанов Аман. Асқарұлы - басқарма басшысының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;

Табылдиев Аманат Табылдыұлы – Цифрландыру бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Ізбасова Тұраргүл Абзалқызы – Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Құмарғалиева Самал Бағытжанқызы – Архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Жұмаева Үміт Отаралықызы - цифрландыру бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы.

2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың қаңтар – сәуір жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;

5) бақылау функцияларын іске асыру – басқармада бақылау функциясы іске асырылмаған;

Талдау нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;

7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері–басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан  86 өтініш келіп түсті.

Өтініштердің бөлігі архив саласы, цифрландыру саласы. Архив саласы бойынша түскен өтініштерге облыстық архив мекемесіне жолданып жауаптары берілуде.

Сондай – ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс – әрекетіне шағымдану фактілері болмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар –жарияланған жоқ.

Қаржы – шаруашлық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 1 057 926 000,00 теңге қарастырылды, игерілгені 98% құрады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 – бабының 2 – тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Қаражатты жұмсалу барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.

 

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Жыл сайын бекітілген бюджетке сәйкес қаражатты тимімді әрі толық игеру қажет. Алайда іс жүзінде көптеген келісім шарттар жылдың соңында жасасады. Мемлекеттік сатып алу бойынша тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету мерзімі келісім шартқа сай 90 күнге созылады. Жеткізуші (поставщик) тапсырыс берушіге тауарлармен қызметтерді мерзімнің соңғы күніне, яғни кедесі қаржы жылына тақап жеткізеді. Соның салдарынан жеткізген тауарға немесе көрсетілген қызметке уақытылы тексеріс жүргізілмей қалады. Бұл жағдай қаражаттың игерілмеуі немесе игерілмегенімен сапасыз есептелу қаупін тудырады.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қауіпі бар.  

10) прокурорлық қадағалау актілері–прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері – басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

12) Жасырын қызметтерді анықтау.

Басқармада жасырын қызметтер анықталған жоқ.

ҰСЫНЫМДАР:

  1. Игеру көлемін есептеу кезінде 4-тоқсанда жасалған келісім шарттарды жеке қарастыру және есепке тек жеткізілген және қабылданған тауарды немесе қызметті қосу.

 

 

Жұмыс тобы:

 

Көпжанов Алмас Өтегенұлы -                  

Басқарма басшысы, жұмыс тобының мүшесі;______________________

 

Сұлтанов Аман Асқарұлы

басқарма басшысының орынбасары,

жұмыс тобының мүшесі;                                  _______________________

 

Табылдиев Аманат Табылдыұлы

Цифрландыру бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі;                                  ________________________

 

Ізбасова Тұраргүл Абзаловна

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру

бөлімінің басшысы, жұмыс

тобының мүшесі;                                                _______________________

Құмарғалиева Самал Бағытжанқызы

Архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі;                                    ________________________

 

Жұмаева Үміт Отаралықызы

Цифрландыру бөлімінің бас маманы,

жұмыс тобының хатшысы.                               ________________________

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
25 июня 2025