Жеке, заңды тұлғалардан түсетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Атырау облысы архиві және қалалық, аудандық филиалдары көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардың архивтік сұраныстарын, оның ішінде «Электронды Үкімет» ақпараттық жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы архивтік сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.
- Атырау облысы мемлекеттік архиві және қалалық, аудандық филиалдары бойынша 2025 жылдың I-тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 2290. Мемлекеттік корпорация арқылы- 95. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1656. Қызмет беруші арқылы (қағаз түрінде) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 539.
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы қағидасына сай қызмет атқарады.
- Мемлекеттік қызметтер сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар болған жоқ.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша:
- 2025 жылы 13 наурызда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Dender» газетінің №10 (8526) санына «Мұрағат маңызын жоғалтпайды» атты мақаланы жариялады.
- 2025 жылы 14 наурызда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ақпараттандырылу деңгейін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, фейсбук парақшасына жариялады.
- 2025 жылы 17 наурызда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бейнеролик жасап, фейсбук парақшасына жариялады.
- 2025 жылдың 19 наурызында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат" стендісіндегі материалдар жаңартылып, фейсбук парақшасына жариялады.
- 2025 жылдың 14 наурызында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша инфографикасы жасақталып, фейсбук парақшасына жарияланды.
- 2025 жылдың 14 наурызында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы буклет таратылып, фейсбук парақшасына жарияланды.
- 2025 жылдың 27 наурызында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы «Архивтік анықтамалар алу» атты мақаласын «Жайық шұғыла» газетінің №12 (6689) санына жариялады.