Қаланы басқару саласын цифрландыру бойынша – 2016 жылы Атырау облысының Геоақпараттық порталы (Геопортал) әзірленді. Геопортал өңір туралы пайдалы және өзекті картографиялық ақпараты бар заманауи көп функционалды веб-портал болып табылады.
Геопорталда облыс бойынша бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, шекаралар, қызыл сызықтар, жер учаскесінің орналасуы шекарасы, карта-схемалары, аэротүсірілім, инженерлік желілер, ғарыштық мониторинг, жерді пайдалану мониторингі т.б. сияқты қабаттардан тұрады. Бұл өз кезегінде жауапты мекемелерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Геопортал көмегімен Атырау облысы Жер ресурстарын бақылау департаменті тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе ҚР-ның заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне қатысты тексерулер жүргізуде.
2024 жылы Геопортал арқылы 8867 қызмет көрсетілді.
***Анықтама. Қызметтер атауы және саны:
Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу-2193;
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы -2001;
Жерге орналастыру жобаларын бекiту -1636;
Нобайлық жобаларды келiсу-1467;
Жердің нысаналы мақсатын өзгерту -960;
Құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау актісін тіркеу-350;
Еркін жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға)шығару туралы ұсыныс берген кезде жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу жолымен жер учаскесіне құқықтарды сатып алу-260.
Порталда жер учаскелерін электронды түрде беру бойынша Республикалық пилоттық жоба Атырау және Құлсары қалаларында іске асырылып, 2023 жылдың 9 қазанынан бастап портал 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2771 өтініш түсті.
Атырау жастары бағдарламасы
Геопорталды өзгерту (модификациялау) аясында 2024 жылы Атырау жастары бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау цифрландырылды.
Атырау жастары бағдарламасы - Атырау қаласы және аудан орталықтарында жұмыс істейтін жастарға қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге және жас мамандарды қолдауға бағытталған жоба болып табылады. 2024 жылы 12 тамыз - 31 тамыз аралығында Атырау облысы бойынша Атырау жастары бағдарламасы аясында 660 өтініш түсіп, жауапты жергілікті мемлекеттік органдармен қаралып,өңделді.
Сонымен қатар, осы модификациясы аясында - Атырау облысының инвестициялық картасы әзірленді. Карта кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін портал арқылы Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу, жаңалықтарды қарау, жобаларға қатысу және өз жобаларын ұсынуға мүмкіндіктер береді.
Бұдан басқа Геопортал Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, «электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ААЖ, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік деректер базасы, Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау АЖ, Қазақстан Ғарыш сапары ұлттық компаниясының АҚ ақпараттық жүйесі, «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» интеграцияланған ақпараттық жүйелерімен сияқты мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелермен интеграцияланды.
Табиғи монополия субьектілері қызметтерін автоматтандыру
«Ақылды» қалалар салу әдістемесіне сәйкес Табиғи монополия субьектілері қызметтерін автоматтандыру жобасы 2023 жылдың желтоқсан айында іске асырылып, https://onaykyzmet.kz порталы қосылды (әрі қарай – Портал).
Порталда 7 табиғи монополия субъектілерінің 25 қызмет түрі бойынша өтініш беруге мүмкіндік жасалды. Атап айтқанда: «Атыраугазинвест» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы»АҚ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «АтырауЭнергосату» ЖШС, «Спецавтобаза»ЖШС, «Транстелеком» АҚ-ның қызметтерін үйден шықпай ақ толықтай онлайн түрде алуға болады. Аталған, бағыт бойынша 498 өтініш түсіп, 369 өтініш орындалды.
Өңірлік даму бюджеті порталы
Атырау облысының даму бюджетінің порталы бюджет қаражатын ашық бөлуді және қоғамдық қатысуды қамтамасыз етеді, бұл жоспарланған іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға және қойылған мақсаттарға жетуге ықпал етеді.
Жоба аясында көлік және коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау, жаңа мектептер, ауруханалар және мәдениет мекемелерін салу, ауылдық аймақтарды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бастамалар жүзеге асырылуда.
Өңірлік ІТ хаб
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығының 53-тармағында «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісінде елдің барлық өңірлерінде технологиялық хабтар ашу тапсырылған.
Осыған орай, 2024 жылдың тамыз айында «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісінде Атырау қаласы, К.Маденов көшесі 7А мекенжайындағы ғимаратынан өңірлік хаб ашылған болатын. «Astana Hub» - орталық Азиядағы ІТ-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі болып табылады. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдай жасалуда.
Хабтың басты мақсаты – энтузиастар мен сарапшыларды біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ету және келешегі зор жобаларды жаңа деңгейге шығару. Өңірлік хаб- шетелдік мамандарды тарту, стартаптарды қолау және хакатон шараларын өткізуде.
*** Анықтама:Хабта келесі шаралар іске асырылды:
2024 жылдың қыркүйегінде қыздарға арналған She Commerce 2.0 бағдарламасы басталды, онда Astana Hub, USAID(АҚШ) және IT Park Uzbekistan қолдауымен 18 жастан 35 жасқа дейінгі қыздарға арналған тегін курс өткізілді. Бағдарламаның мақсаты қыздарға цифрлық экономика мен сауданың өзекті дағдыларын үйрету.
Digital elshi бағдарламасы аясында 2024 жылдың 6 қазанында Tesla компаниясының әзірлеушісі Ғазизбек Мұрсалимен кездесу өткізді. Онда ол өз тәжірибесімен бөлісті және үлкен жаһандық компанияларда табысты мансапты қалай құруға болатыны туралы кеңестер берді. 18-19 қазанда blockchain & AI Technology Center және Astana Hub - Decentrathon 2.0 ұйымдастырған $50.000 жүлде қорымен республикалық хакатон өткізілді. Екі күн ішінде 13 команда AI, GameDev және Telegram Mini App бағыттары бойынша кейстерді шешті.
Сонымен қатар, Atyrau Hub IT-компанияларға резиденттік бағдарламаларды, инвестициялар мен инфрақұрылымға қол жетімділікті ұсына отырып қолдау көрсетеді. Негізгі міндеттердің бірі-жергілікті стартаптар мен компанияларды халықаралық нарықтармен біріктіру. Бүгінгі таңда Атырау облысынан келген 10 IT-компания технопарктің резиденттері болып табылады.
***Анықтама. Dereknet-мұнай саласындағы цифрландыру және IT шешімдер саласындағы стартап, RikaAI- сандық шешімдерді жасау үшін ЖИ пайдаланатын стартап, AIOQU-ЖИ көмегімен оқытуды жекелендіруге арналған стартап, Ekgov-мемлекеттік салалардағы статистиканы жинау және деректерді талдау үшін жасанды интеллектті пайдаланатын стартап.
Облыстық мәслихат сессияларын цифрландыру
Бюрократиядан арылту шеңберінде мәслихат сессияларын өткізудің барлық процесі цифрландырылды, сондай-ақ, қатысушыларды тіркеу, дауыс беру процесі цифрландырылды.Сонымен қатар, жоба халық үшін онлайн трансляциялауға мүмкіндік береді.
Ауылдық елді мекендерде кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша - Атырау облысында 153 елді мекен бар, оның ішінде «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес 132 елді мекен интернет желісімен қамтылған.
Жалпы халықтың интернетпен қамтылу үлесі 99,6%-ды құрайды.
Қазіргі таңда Атырау қаласында халық көп шоғырланатын жерлерде 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 70 базалық станция қондырылды.
Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 ауылдық елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған бағыт «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-нан ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін жою бойынша түскен өтініштермен жұмыс жүргізілуде.
Осы мақсатта, облыста Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оперативтік орталығы енгізілді. Біріңғай көлік ортасына (ЕТС ГО) қосылу арқылы оқиғалар дереккөзін жеткізуші SIEM мониторинг орнатылды.
Күнделікті мониторинг жұмыстары бойынша 23 қатерлі инциденттер анықталып, оларды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.