Атырау облысы бойынша 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер ЕСЕБІ

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарымен  2024 жылы                             126 бақылау іс-шаралары жүргізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты   824  бұзушылық фактісі анықталды. Тексеру нәтижесімен алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында                         396 ұсыныс  беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 2024  жылы барлығы  6 857 487 қызмет, соның ішінде   6 852 876 жеке тұлғаға, 4611 заңды тұлғаға қызмет көрсетілді.

          Есепті кезең ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тартудың жалпы саны –904, оның ішінде электронды түрде берілгені –888, қағаз түрінде -16.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша          1159 шара ұйымдастырылған, соның ішінде семинар - жиналыс - 295, бұқаралық ақпарат құралдарында  199 мақала жарияланып,   48 тікелей эфир,    60 ашық есік күні, 19 қоғамдық кеңес отырысы, 15 дөңгелек үстел  өткізілген,  475 фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерде ақпарат орналастырылған. Атырау қаласы мен аудандарда 48 мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде тұрғындарға барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды және ЭҮП бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, қажетті құрылғылары жоқ немесе электрондық порталды қолдануда көмек қажет ететін тұрғындар үшін «Электрондық үкімет» порталына қолжетімділікті арттыру мақсатында (әкім аппараттарында, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында) 170-тен астам өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан ашылған сервистік әкімдіктер арқылы қызметтер көрсетілуде. Барлық қызмет көрсету бұрыштарына жауапты кеңесшілер белгіленген.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 2024 жылдың                                  19-23 ақпан, 19-23 тамыз, 13-15 қараша аралығында  «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары»  тақырыбында  55 қызмет көрсетуге жауапты маманның біліктілігі арттырылды.                 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Е-собез», «Еңбек нарығы», «eatyrau.kz», «Е-лицензиялау», «kezekte.kz», «Gosagro.kz»,                        «Е-архив»,  «gosreestr», «Шетелдік жұмыс күшін тарту», «Damumed» және тағы басқа ақпараттық жүйелері  арқылы көрсетілуде.

Орын алған проблемалық мәселелер бойынша тиісті орталық атқарушы органдарға  ұсыныс хаттар жолдануда.

 

 

Атырау облысы бойынша 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер ЕСЕБІ
Дата публикации
10 февраля 2025