«Ашық есік күні»
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының №1147 «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген.
Жоспардың 20-шы тармағын орындау мақсатында, Атырау облысының Цифрландыру және архивтер басқармасында (әрі қарай – Басқарма) 12.07.2024 жылы сағат 9:00-ден 18:00 аралығында «Ашық есік күні» акциясы өткізілетіндігін хабарлайды.
Осыған орай, аталған акцияға қатысып, өздеріңіздің мәселелеріңізбен жүгініп, тиісті ақпараттармен пайдалы кеңестер алуларыңызға болады.
Мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, жаңа ғимарат 5 қабат
Байланыс: 8 (7122) 76-29-14
Эл.почта: b.tsifro-arkhiv@atyrau.gov.kz