Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер

басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы,                         5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                  19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының 2024 жылғы 4 сәуірдегі №24 «Атырау облысы цирфрландыру және архивтер  басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының қызметіне 2024 жыл бойынша ағымдағы жылдың 22 сәуір – 21 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Көпжанов Алмас Өтегенұлы - Басқарма басшысы, жұмыс тобының жетекшісі;

Сұлтанов Аман. Асқарұлы - басқарма басшысының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;

Табылдиев Аманат Табылдыұлы – Цифрландыру бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Ізбасова Тұраргүл Абзалқызы – Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Құмарғалиева Самал Бағытжанқызы – Архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

Жұмаева Үміт Отаралықызы - цифрландыру бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы.

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқарманың қарауындағы мемлекеттік мекемесінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

         Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы                              31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы               29 желтоқсандағы №939 қаулысы.

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;

- «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N326-I Заңы;

-«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы  № 215 бұйрығы;

- «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығы;

- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдард құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы;

-«Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығы. 

 

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы –

басқарманың жалпы штат саны 15 бірлікті құрайды, қазіргі таңда бос лауазым  1 бірлікті құрайды.

Басқарма басшысы 2023 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.

Цифрландыру бөлімінде төрт бірлік, бір бөлім басшысы, үш бас маман                 2023 жылдың қараша айынан бастап тұрақты қызмет атқаруда.

Архивтер жұмысын қамтамасыз ету бөлімінде екі бірлік, бөлім басшысы және бөлімнің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күтімі демалыста) қызмет атқаруда

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі  үш бірлік, бір бөлім басшысы, екі бас маман тұрақты қызмет атқаруда.

Жобалық басқару қызметін үйлестіру бөлімі үш бірлік бір бөлім басшысы, екі бас маман.

Басқарманың бас маман-есепшісі 2023 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.

2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың қаңтар – сәуір жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;

5) бақылау функцияларын іске асыру – басқармада бақылау функциясы іске асырылмаған;

Талдау нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;

7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері–басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан  33 өтініш келіп түсті.

Өніштердің бөлігі архив саласы, цифрландыру саласы. Архив саласы бойынша түскен өтініштерге облыстық архив мекемесіне жолданып жауаптары берілуде.

Сондай –ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс – әрекетіне шағымдану фактілері болмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар –жарияланған жоқ.

Қаржы – шаруашлық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 1 тоқсан бойынша 191 476 000,00 теңге қарастырылды, игерілгені 88% құрады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 – бабының 2 – тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Қаражатты жұмсалу барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 47- бабының 2-тармағына сәйкес, Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей, уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Көбінесе шағымдар сатып алу рәсімдерін кешіктіруге және шарттар жасасу мерзімдерін бұзуға бағытталған. Сондай - ақ, «кәсіби» шағымданушылардың пайда болуы  орын алады, олар үшін шағым мемлекеттік сатып алуды бұзудың заңсыз пайдасының құралы болды.

Шағым беру жүйесіне шектеусіз қол жеткізу үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, тапсырыс беруші мен жеңімпаз шартты орындаудың кешігуі салдарынан шығынға ұшырйды. Солай барлық шағымдарының жартысы берілген шартты жеңілдікпен келіспеуге немесе өтінімді заңсыз қабылдамауға байланысты.

Айта кету керек, шағымдар көбінесе конкурстың жеңімпазы ретінде анықтамалған жеткізушілерден келіп түседі, яғни конкурстық комиссияның хаттамалық шешімімен жеңімпаз болып анықталмаған әлеуетті жеткізушілерден. Осылайша, шағымдану сатысында конкурстық рәсімді 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімге кешіктіру. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қауіпі бар.  

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде белгілінеген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі. eGov.kz Ақпараттық жүйесіндегі техникалық ахуалдарға байланысты, архивтік анықтамаларды беру электрондық түрде жүзеге асырылмайды, бұл көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей байланысына әсер етеді.

10) прокурорлық қадағалау актілері–прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері – басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

12) Жасырын қызметтерді анықтау.

Басқармада жасырын қызметтер анықталған жоқ.

ҰСЫНЫМДАР:

1). Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заң нормаларын қатаң сақтау.

2) Цифрлық даму, инновациялар және аэрорғарыш өнеркәсібі министрлігіне мұрағаттық анықтамалар берумен байланысты техникалық ахуалдардың жою жөнінде хат  жолдау.

3) Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ішкі бақылауды жүргізу.

4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы4 желтоқсандағы Заңына өзгерістер енгізу бойынша тиісті ұсыныстармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігіне хат жолдасын.

 

 

Жұмыс тобы:

 

Көпжанов Алмас Өтегенұлы -                  

Басқарма басшысы, жұмыс тобының мүшесі;______________________

 

Сұлтанов Аман Асқарұлы

басқарма басшысының орынбасары,

жұмыс тобының мүшесі;                                  _______________________

 

Табылдиев Аманат Табылдыұлы

Цифрландыру бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі;                                  ________________________

 

Ізбасова Тұраргүл Абзаловна

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру

бөлімінің басшысы, жұмыс

тобының мүшесі;                                                _______________________

Құмарғалиева Самал Бағытжанқызы

Архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі;                                    ________________________

 

Жұмаева Үміт Отаралықызы

Цифрландыру бөлімінің бас маманы,

жұмыс тобының хатшысы.                         

Дата публикации
20 июня 2024