Бекітемін
Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы А.Көпжанов
__________________________
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары _______________________________________
|
р/с№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шара |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 47- бабының 2-тармағына сәйкес, Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей, уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. Шағымдану сатысында конкурстық рәсімді 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімге кешіктіру. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қауіпін қадағалау |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы4 желтоқсандағы Заңына өзгерістер енгізу бойынша тиісті ұсыныстармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігіне хат жолдасын. |
Цифрландыру бөлімінің бас маман |
20.09.2024 |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде белгілінеген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі. eGov.kz Ақпараттық жүйесіндегі техникалық ахуалдарға байланысты, архивтік анықтамаларды беру электрондық түрде жүзеге асырылмайды, бұл көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей байланысына әсер етуін бақылау |
Цифрлық даму, инновациялар және аэрорғарыш өнеркәсібі министрлігіне мұрағаттық анықтамалар берумен байланысты техникалық ахуалдардың жою жөнінде хат жолдау |
Архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
29.12.2024 |