«Ақылды» қалалар (Smart city) жобасы аясында табиғи монополия субъектілері қызметтерін автоматтандыру мақсатында- қалалық қызметтер порталы 2023 жылдың желтоқсан айында енгізіліп, ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап тәжірибелік қолданылуға берілді. Аталған порталда 7 табиғи монополия субъектілерінің 29 қызмет түрі бойынша өтініш беруге мүмкіндік жасалды. Атап айтқанда: «Атыраугазинвест» ЖШС, «Қаз ТрансГаз Аймақ» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы»АҚ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «АтырауЭнергосату» ЖШС, «Спецавтобаза»ЖШС, «Транстелеком» АҚ сияқты мекемелердің қызметтерін үйден шықпай ақ толықтай онлайн түрде немесе Атырау қаласы, Әбілқайыр хан 66 мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан фронт-офистің бірыңғай терезесі арқылы алуға болады.
Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының қызметтерін біріктіреді. Жоба коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақтауы бойынша оң нәтижелер береді.
Порталға https://onaykyzmet.kz cілтемесі арқылы өтуге болады.