Атырау облысында архив ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Атырау облысында архив  ісін дамытудың негізгі

бағыттары бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Архив ісін мемлекеттік реттеу

 

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты облыс архив мекемелері облыстың архив қоры құжаттарының сақталуы мен мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, ведомстволық архивтерге, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың құжаттарына іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылық жүргізу, құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау, жеке және заңды тұлғаларға архивтік анықтама беру – мемлекеттік қызмет  сұраныстарын орындау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.

         Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы   20 қыркүйектегі  №345«Облыс әкімдігінің2011 жылғы 28 наурыздағы №84 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде және ұйымдарда ведомстволық мұрағаттарды құру туралы»қаулысына өзгеріс енгізу»қаулыларын іске асыру мақсатында облыста архив қоры құжаттарын ведомстволық сақтау сатысындағы жұмысты жетілдіру жұмыстары жалғасын табуда.

      Сонымен қатар,  мекеме, ұйымдардың ведомстволық сақтау мерзімі жеткен құпия құжаттарды мемлекеттік сақтауға архивке қабылдау жұмыстары жүргізіліп, құпия құжаттармен жұмыс жасайтын мамандарға әдістемелік көмектер көрсетілді.

 

1-бағыт. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры

құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету

 

Есепті кезеңде  облыстың архивмекемелерінде архив қорлары құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жоспарға сәйкес құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту, істерді қалпына келтіру, түптеу, тігу, мұқабаларын рәсімдеу, залалсыздандыру жұмыстары жалғасын тапты.

Есепті мерзімде  архив мекемелеріндегі  - 17392с.б.  құжаттардың толықтығы, жәй-күйі тексеріліп, тексеру беті және жәй-күйінің актісі толтырылды. Архив қорындағы құжаттарды қағаз негізінде қайта жаңғырту 1067с.б. және физикалық, химиялық өңдеу19334с.б. жұмыстары жүргізілді.

2024 жылғы 1 қаңтар жағдайына сәйкес мемлекеттік архивтердің                           1853 қорында 859824сақтау бірлігіндегі құжат сақталуда.

 

2-бағыт. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив

қорының қалыптасуы

 

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив  қоры және архивтер туралы»  Заңын  жүзеге  асыру,  Ұлттық  архив  қорын  толықтыру   мақсатында мекеме, ұйымдардағы құжаттама қызметі мен ондағы құжаттардың сақталуы, мемлекеттік архивке уақытында тапсыру үшін ведомствалық архивтер мен мекемелердің іс жүргізуін қадағалауда біршама жұмыстар атқарылды. Жыл  ішінде  ведомстволық архив құжаттарына ғылыми-техникалық сараптау, өңдеу жұмыстары жүргізуге архив мекемелері тарапынан методикалық көмектер көрсетілді.

Облыс әкімдігі жанынан құрылған консультативті кеңесші орган Сараптау-тексеру комиссиясының7отырысы өткізілді.Сараптау-тексеру комиссиясы  арқылы   – 8905 с.б.құжат өтіп, 6586с.б. құжат архив қорына қабылданды.

Атырау облысында  9  мемлекеттік архив жұмыс істейді: 1 облыстық,                  1 қалалық және 7 аудандық.

Мемлекеттік архивтер 10 ғимаратта орналасқан, оның ішінде
6 архивтердің балансында, қалған 4 ғимарат  құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жалға алынған ғимараттарда орналасқан.

Сонымен қатар, облыс бойынша архив қоймаларының орташа жүктелу пайызы 98 %.

 

3- бағыт. Дерек базасы есебін және автоматтандырылған ғылыми анықтамалық аппарат құру

 

Мемлекеттік архивтің қызмет көрсетудегі басты жұмысы архивтік анықтамалар беру болғандықтан, оның жұмысын оңтайландыру, қор құжаттарын тиімді пайдалану, ақпараттық іздестіру жүйесін жеңілдету мақсатында қалалық, аудандық архивтерде еңбек өтілі  бойынша көп сұранысқа ие болып табылатын қорлардың жеке құрам құжаттары (бұйрықтар) бірыңғай деректер базасына енгізілуде.

Есепті мерзімде ақпаратты іздестіру жүйесіне деректер дайындау  мақсатында облысархив  мекемелерімен цифрлық форматқа көшірілуге алынған құжаттар жүйелі  түрде жүргізіліп, 39 қор 12543 сақтау бірлігіндегі 561243 парақтағы іс   құжаттарының  енгізілуі қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні архивтік құжаттардың 6% цифрландырылды.(2012-2023 жыл аралығында  – 160 қор 49594 сақтау бірлігіндегі 3915608  парақ цифрланды).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық архивтерін «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесіне қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында облыстық архив және оның филиалдарымен  1849 қор8008тізімдеме,  мекеме, ұйымдардың толықтыру көздері бойынша 1221 мәлімет және 621 істер номенклатурасыжәне 43 қордан 10120 с.б. тұрақты, 1 қордан 61 с.б. жеке құрам құжаттары енгізілді. 

 

4-бағыт. Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану

Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытындажеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындауда, есепті мерзім ішінде  түскен барлығы–8630 әлеуметтік-құқықтық (8215сұраныс:3743-қанагаттандырылды, 4472-түсіндірілді), тақырыптық (415сұраныс:236-қанағаттандырылды,179-түсіндірілді) сұраныстардың 3979 (46%) сұранысы қанағаттандырылып, қалған сұраныстың, яғни 4651(54%)  сұранысқа  тиісті түсінік жауаптары берілді.Басқа салаға қатысты-316сұраныс  түсті.

 «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Атырау облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінен орталықтары  арқылы барлығы-846сұраныстарға жауап берілді. Электронды портал бойынша–6118сұраныс түсті. Сонымен қатар, архив мекемелеріне тікелей 1666 (Қазақстан Республикасы азаматтарынан-1348 және шет ел азаматтарынан-318) сұраныс түсіп, тиісті жауаптары берілді.

         «Облыс мемлекеттік архив мекемелерінің 2023жылға арналған  мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін  арттыру жөніндегі  медиа-жоспарды» іске асыру мақсатында, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»  мемлекеттік қызмет көрсету  сапасын арттыру мәселелері  бойынша  барлығы 63іс-шара өткізілді. Атап айтар болсақ:мемлекеттік  архив мекемелерімен  жергілікті жердегі газет бетіне және әлеуметтік желіге 12 мақала жарияланып,  9 семинар, 4 онлайн жәрмеңке ұйымдастырылды. Сонымен қатар,                           10 бейнеролик,9 инфографика дайындалып, 8 стенд жаңартылып,  8 буклет-брошюра таратылып, 3 брифинг өткізілді.

Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытында Атырау облысы мемлекеттік архиві және филиалдарында 40-көрме, 6-кездесу,  27-семинар,  4-дөңгелек үстел, 3 экскурсия және 2 тарихи сабақ  ұйымдастырылып, интернет, фейсбукта-270 ақпарат, жергілікті газет беттеріне  18 мақала жарияланып, 1 бейнеролик, 1 телетүсірілім дайындалды.

Сонымен қатар, Атырау  облысы  мемлекеттік архиві және аудандық архив филиалдарында «Архив және болашақ ұрпақ» жоба аясында жоспарланған бағдарлама негізінде 9 ашық есік күні ұйымдастырылып, 4414 қатысушымен қамтылып,  түрлі бағытта барлығы 309 іс-шара өткізілді.  Оның ішінде әртүрлі тақырыпта: 57 тақырыптық көрмелер, 61 тақырыптық эксурсиялар, 67 фотоқұжаттық экспозициялар,  11 дәріс,  40 тарихи тақырыпқа викториналар, архив жұмысының негізгі бағыттарына 53 шолу  өткізілді.  Аталған ашық есік күні бойынша 8 мақала, 1 телетүсірілім және Фейсбук әлеуметтік желісіне 10, облыстық мемлекеттік архивінің ресми сайтына 1 жазба ақпарат жарияланды.

Атырау облысы мемлекеттік архивінің Қызылқоға аудандық филиалымен «Аналар- асыл жандар» тақырыбында ауданда партия, үкімет қызметтерінде қызмет атқарған еңбек ардагерлерінің  жеке тектік қор құжаттарынан көрме ұйымдастырылды.

Қоғамдағы өңірге белгілі  тұлғалардың жеке қорын ашу бағытында  отыз екі жеке тұлғаның құжаттары жинақталып және сараланып, Сараптау-тексеру комиссиясынан өткізіліп, архивте жеке қоры ашылды.

         Атырау облысы мемлекеттік архиві Наурыз мерекесіне орай,  Исатай аудандық филиалында «Амал келді – жыл келді» атты ардагер архившілермен кездесу мерекелік шарасын және архив ісінде «Е-архив» жүйесі бойынша  мемлекеттік қызмет көрсету бағытында әдістемелік көмек беруді ұйымдастырды.  Өткізілген шара туралы  аудандық «Нарын таңы» газетінде және фейсбук желісінде жарияланды.

Атырау облысы мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба аясында «Архив – өлке тарихының дерегі сақталатын орын» атты тақырыптық тарихи сабақ өтті. Тарихи сабақтың мақсаты - заманауи білім беруде жастарды жан-жақты дамыту. Тарихи сабаққа                                  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің магистранттары, ІІ курс студенттері қатысты. Сонымен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасымен бірлесе Ұлы Жеңіс күніне орай, «Жеңісті жақындатудағы Атыраулықтар үлесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ұлы Жеңіс тақырыбында дөңгелек үстелге студенттер, университет ғалымдары, тарихшылардың қатысып, аға буынның теңдесіз ерлігі туралы, жас ұрпаққа зұлмат соғыстың зардаптарын ұғындыру бойынша баяндамалар жасалды.

Атырау облысы мемлекеттік арxивінің оқу залында Х.Досмұxамедов атындағы университеттің магистранттары зерттеу практикасынан өтіп,  жеке тақырыптары бойынша қор құжаттарымен танысып, архив қызметкерлері тарапынан магистранттарға әдістемелік кеңестер берілді.

         Сонымен қатар, Атырау мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенттеріне өндірістік практика барысында  жоспарлы эксурсия жүргізілді.

Архив, құжаттама және кітап ісі комитетімен өткізілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының нормаларын түсіндіру жөніндегі семинар-кеңес хаттамасының орындау мақсатында басқармаға қарасты облыстық мемлекеттік архиві және оның филиалдарымен жинақтау көздерінің тізіміндегі 155 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жауапты мамандарына «Архив ісі және іс жүргізу» бойынша нормативтік құқықтық актілерін түсіндіруге байланысты семинар ұйымдастырылды.

          «Архив 2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын орындау аясында облыстық мемлекеттік архив қызметкерлерімен Орынбор облысы мемлекеттік архивіне, Башқұртстан  Республикасының Ахмет Заки-Валиди атындағы Ұлттық кітапханасына, РФ Мәскеу қаласындағы  РГАДА және АВПРИ  архивтеріне, Астрахань облысы мемлекеттік архивіне, Санкт-Петербург Ресей мемлекеттік  тарихи архивіне өңір тарихына қатысты деректер зерттеу, жинақтау мақсатында археографиялық экспедиция  ұйымдастырылды.

      Сондай-ақ,  Батыс Алашордашылар тарихына қатысты  өңір тарихын зерттеу бойынша Батыс Қазақстан мемлекеттік мемлекеттік архивіне археографиялық экспедиция ұйымдастырылды.Халел Досмұхамедұлының өміріне, шығармашылығына қатысты архивтік құжаттары және жеке суреттері,  құжаттардың көшірмелері алынып, көрме ұйымдастырылды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Атырау облыстық комиссиясы мүшелеріне архив қорларымен жұмыс жасауларына оқу залында  зерттеушілерге архив қорлары бойынша жөнсілтер, қорлар тізімдемесі, қор істері берілді.

22 желтоқсан «Архивші» күнімен тұспа-тұс келген Атырау облысы мемлекеетік архивінің 95 жылдығына орай, облыстық архивтің ұйымдастырумен «Архив – өңір тарихының қазына қоймасы» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында Атырау облысы мемлекеттік архивінің қор құжаттарынан«Сурет-тарих» атты архивтік көрме таныстырылып, Атырау облысы мемлекеттік архивінің тарихы мен тыныс тіршілігінен дайындалған бейнеролик көрсетілді.Сондай-ақ, кәсіби мереке аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен: 2 қызметкер, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» -1 қызметкер, «Алғыс хатымен» – 1 қызметкер, Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатымен» - 10 сала ардагерлері, Атырау облысы мәслихатының «Алғыс хатымен» - 4қызметкер, Атырау облыстық Ардагерлер кенесінің «Алғыс хатымен» - 6қызметкер, медалімен – 1 қызметкер, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының «Алғыс хатымен» - 10 қызметкер, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек Данқы» төсбелгісімен – 3 қызметкер, Атырау облысы мемлекеттік архивінің«Алғыс хатымен» - 10 қызметкер марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен оқыту курсына - 5 қызметкер қатысып, біліктілігін арттырды. Сонымен бірге Астана қаласында жоспарға сәйкес өткен оқыту семинарына 10 қызметкер қатысып, білімін жетілдірді. 

Ағымдағы жылдың 7-9 маусым аралығында ТМД елдері жас архившілерінің   VІ Жазғы мектебіне - 1 қызметкер қатысты.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28-29 күндері өткен «Ұлытау – түркі өркениетінің жерұйығы» атты                                     V-Республикалық «Жас архивистер» байқауынан Атырау облысы мемлекеттік архивінің архившілері II орын алды.

Қазақстан  Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы негізінде қабылданған құжаттаманы басқару және архив саласына қатысты нормативті-құқықтық актілерін одан әрі жүзеге асыруда тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.    

Атырау облысында архив ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
19 февраля 2024