Атырау облысы Жобалық кеңсесімен
2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Жобалық кеңсенің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын (әрі қарай - «Жайлы мектеп» ҰЖ) жүзеге асыру шеңберінде атқарылған жұмыстары.
«Жайлы мектеп» ҰЖ «Битрикс» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (әрі қарай – «Битрикс» АЖ).
2023 жылы «Жайлы мектеп» ҰЖ шеңберінде жалпы сомасы 44,2 млрд.тенге болатын сыйымдылығы 7 800 оқушыға арналған 9 мектептің құрылысы басталды (Атырау қаласында жалпы сомасы 29,7 млрд.тг болатын сыйымдылығы 5 400 оқушыға арналған 6 мектеп, Құрмаңғазы ауданында жалпы сомасы 8,4 млрд.тг болатын сыйымдылығы 1 200 оқушыға арналған 2 мектеп, Жылыой ауданында жалпы сомасы 6,0 млрд.тг болатын сыйымдылығы 1 200 оқушыға арналған 1 мектеп).
Құрылыс жұмыстары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның қаржысы есебінен жүргізілуде, жергілікті атқарушы органға инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту, қоғамдық инфрақұрылымды дайындау, оқу процесін ұйымдастыру сияқты жұмыстар жүктелген.
Жобалық кеңсенің жұмысы «Битрикс» АЖ-де жобаларды жүргізу барысында әдістемелік көмек көрсетумен байланысты. Сонымен қатар, Жобалық кеңсе Оқу ағарту министрілігінің жобалық кеңсесі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы байланыстырушы болып табылады. Жобалық кеңсенің Облыстық құрылыс басқармасы мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның өңірлік өкілдерімен «Битрикс» АЖ-де жұмыс атқаруда байланысы толығымен жолға қойылған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан уақытынан кешіктірілген жұмыстар орын алған жоқ.
«Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК Жобалық кеңсесімен «Жайлы мектеп» ҰЖ-ның іске асырылу барысын жоғары бағалап, Атырау облысы «Жайлы мектеп» ҰЖ-сы шеңберінде жобалық басқаруды жүзеге асыру бойынша Республика бойынша алдыңғы қатардағылардың бірі ретінде танылды.
Жобалық кеңсенің «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын (әрі қарай - «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ҰЖ) жүзеге асыру шеңберінде атқарылған жұмыстары.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ҰЖ «Битрикс» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (әрі қарай – «Битрикс» АЖ).
2023 жылы Құрмаңғазы ауданында 2 медициналық пункт (Шағырлы және Алтыншы ауылдарында) және Махамбет ауданында 1 фельдшерлік-амбулаториялық пункт (Талдыкөл ауылы) құрылыстары аяқталды. «Битрикс» АЖ-де аталған жұмыстар 99% орындалды.
Жобалық кеңсенің жұмысы «Битрикс» АЖ-де жобаларды жүргізу барысында әдістемелік көмек көрсетумен байланысты. Сонымен қатар, Жобалық кеңсе Денсаулық сақтау министрілігінің жобалық кеңсесі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы байланыстырушы болып табылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мерзімінен кешікітірілген жұмыстар болмады, Құрылыс және денсаулық сақтау басқармалары тараптарынан тиісті жұмыстар уақыты ұйымдастырылды. Бұл ретте, Құрылыс және денсаулық сақтау басқармаларының тараптарынан көрінген асқан жауапкершілікті атап өткен жөн.
«Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК Жобалық кеңсесімен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ҰЖ-ның іске асырылу барысын жоғары бағалап, Атырау облысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ҰЖ-сы шеңберінде жобалық басқаруды жүзеге асыру бойынша Республика бойынша алдыңғы қатардағылардың бірі ретінде танылды.
Жобалық кеңсесімен Мемлекет Басшысының Сайлауалды бағдарламасын (әрі қарай – МБСБ) жүзеге асыру шеңберінде атқарған жұмыстары.
МБСБ «Easy project» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Жобалық кеңсенің үйлестіруімен 57 түрлі бағыттағы KPI бойынша 41 жоба құрылды. 2023 жылдың қорытындымен 41 жобаның 20 ақталып, қалған жобалардың жүзеге асырылуы 2024 жылы жалғасын табатын болады.
2024 жылға жоспарлар.
Жүзеге асырылуы 2024 жылға жоспарланған жобалар бойынша жұмыстар «Easy project» ақпараттық жүйесінде 2024 жылдың ақпан айының ортасына дейін жалғасын табатын болады. «Easy project» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу мерзімі 2024 жылдың ақпан айының ортасына дейін болғандықтан, аталған мерзімнен кейін МБСБ-мен көзделген жобалардың барлығы «Битрикс» АЖ-не көшірілетін болады.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ҰЖ-мен көзделген жобаларды әрі қарай жүргізу және жаңа жобаларды бастау бағытында жұмыстар ұйымдастырылатын болады.