Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы Сараптау-тексеру комиссиясының жұмыс РЕГЛАМЕНТІ

Бекітілді

Атырау облысы Цифрландыру

және архивтер басқармасының

2023 жылғы «23» қазандағы №17

бұйрығына қосымша

 

 

 

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы

Сараптау-тексеру комиссиясының жұмыс

РЕГЛАМЕНТІ

 

  1. Басқарманың Сараптау- тексеру   комиссиясы  отырысына дайындық

және өткізу (бұдан әрі-СТК).

  • СТК қызметі Басқарманың жұмыс жоспарымен қарастырылады.

СТК отырысы қажетіне қарай, айына екі рет шақырылуы мүмкін.

СТК-ның кворумы оның құрамының жартысынан көбі қатысса, құқылы болып саналады.

  • Комиссия шешімі   СТК   мүшелерінің   мәжіліске  қатысқан  көпшілік

дауысымен әр мәселе (құжат) бойынша бөлек қабылданады. Дауыс теңбе-тең бөлінген кезде төрағаның дауысымен шешім қабылданады. Комиссия мүшелерінің және басқа да қатысушылардың жеке пікірлері хаттамада немесе оған қосымша құжаттарда көрсетіледі.

  • СТК төрағасы  отырыстың   күн  тәртібін, өткізу орны мен  уақытын,

қаралатын мәселелер кезектілігін, баяндамашылар мен отырысқа қатысушыларды анықтайды.

  • СТК отырысында қарауға жататын жекелеген  мәселелерді дайындауға кеңесшілер мен сарапшылар ретінде мемлекеттік архивтер мен өзге мүдделі ұйымдар мамандарын шақыруға болады.
  • СТК-ға қарауға жолданатын құжаттар әр айдың 1-нен 15-не дейінгі мерзімде Басқармаға тапсырылуы тиіс.
  • Әр айдың 17-і күні материалдар сарапшыларға қарауға тапсырылып, СТК хатшысына сарапшылар (бір апта ішінде) 24-не дейін мерзімге жазбаша түрде қорытынды ұсынуы қажет.
  • СТК-ға түскен материалдар бойынша сарапшылар қорытындысымен келісіледі.
  • Сараптау қорытындысы белгіленген мерзімге дайын болмаған жағдайда, сарапшылар жазбаша түрде СТК төрағасына қарау мерзіміне өзгерістер енгізу немесе мәселені күн тәртібінен алу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
  • СТК-ның материалдары мен құжаттары СТК мүшелеріне әр айдың                        25 күні ұсынылады. СТК мүшелері қажет болған жағдайда ұсынылған материалға жазбаша түрде ұсыныстар мен ескертпелер енгізуі мүмкін.
  • СТК отырысы мемлекеттік тілде жүргізіледі.
  1. СТК материалдарын ресімдеу, оларды көбейту және жіберу.
  • СТК хатшысы төрағаның нұсқауы бойынша күн тәртібін, шақырылғандар тізімін, отырысқа әзірленген материалдарды көбейтуді ұйымдастырады, СТК отырысын өткізу орны және уақытын хабарлайды, оларды сарапшылар қорытындысы және ұсыныстармен таныстырады.
  • Әр СТК отырысы хатшымен хаттамаланады. Отырыстың ресімделген хаттамасы бұйрықпен бекітіледі.

СТК хаттамасына төраға мен комиссия хатшысының қолы қойылады.

  • СТК-дан өтпей  қалған  құжаттар  5 (бес) жұмыс күн ішінде мүдделі  заңды және жеке тұлғаларға хатпен кері қайтарылады.
  • Хатшы СТК жұмысы туралы есепке алу мен есептілікті жүзеге асырады, құжаттаманы жүргізеді және оның сақталуын қамтамасыз етеді.
  • СТК хатшысының орындаушылардан комиссия отырысында қаралуға жататын құжаттарды уақытылы ұсынуды талап ету құқығы бар.
  • СТК-на мекемелер ұсынылған құжаттардың түпнұсқасы тапсырылуы қажет. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі-ЭҚАБЖ) бағдарламасы бар мекеме, ұйымдарға ЭҚАБЖ–мен қатар қағаз түріндегі нұсқасын қатар  жіберу қажет.
  • Сараптау- тексеру комиссиясына   ұсынылған    құжаттардың  мәтінін

мемлекеттік тілде ұсыну, қажет болған жағдайда орыс тілінде ұсынылуы қажет.

  • СТК-на ұсынылган құжаттар өткеннен кейін бекіту және келісу туралы

мөрлері соғылады

  • Басқарманың және мемлекеттік архив мекемесі қызметкерлерінің СТК-дағы жұмыстары жылдық жұмыс жоспарында қаралады және қосымша ақы төлеуге жатпайды.

 

         

 

 

 

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы Сараптау-тексеру комиссиясының жұмыс РЕГЛАМЕНТІ
Дата публикации
31 октября 2023