Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы №242 «Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің

2009 жылғы 26 қазандағы №242

«Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы       6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы №242 «Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №347, 2019 жылғы 24 қыркүйектегі №200 және 2022 жылғы 22 қарашадағы №242 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережеде:

2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. СТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-1 «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы №215 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің                 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге құқықтық актілерді басшылыққа алады.»;

5-тармақтағы «Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі» деген сөздер «Цифрландыру және архивтер» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақтың 12) тармақшасындағы «Ақпарат және мұрағат» деген сөздер «Архив, құжаттама және кітап ісі» деген сөздермен ауыстырылсын;

10-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ақпарат және мұрағат уәкілетті мемлекеттік органының орталық СТК» және 11-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ақпарат және мұрағат уәкілетті мемлекеттік органының орталық СТК-ға» деген сөздер «Орталық сараптау-тексеру комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Облыс әкімі                                                                                      С.Шәпкенов

 

Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы №242 «Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
31 октября 2023