Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасын құру туралы

Атырау облысы Цифрландыру

және архивтер басқармасын

құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына және «Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №11-VIII шешімінесәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) құрылсын.

  1. Басқарманың келесі құрылымы бекітілсін:

1) басшы;

2) бас маман-есепші;

3) цифрландыру бөлімі;

4) архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімі;

5) жобалық басқару қызметін үйлестіру бөлімі.

  1. Басқармаға келесі функциялары берілсін:

«Атырау облысы Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің:

1) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;

2) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

3) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;      

4) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

5) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің:

1) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;

2) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

3) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

4) облыстың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасауды қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

6) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

7) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалануды ұйымдастырады;

8) облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтаруды қамтамасыз етеді.

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемелер атаулары өзгертілсін және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілсін.
  2. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының қосымшасында атаулары өзгертілгенкоммуналдық мемлекеттік мекемелердің ережелері бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.
  3. «Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы», «Атырау облысы Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы», «Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» және «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Облыс әкімі                                                                                          С.Шәпкенов 

  

 

 

 

  Атырау облысы әкімдігінің

                                                                           2023 жылғы «___» _________

                                                                           №____ қаулысына

                                                                           қосымша

 

 

Атауы өзгертілген коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

№

Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қазіргі атауы

Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің өзгертілген атауы

1

«Атырау облысы индустриалдық-инновациялық даму басқармасының Атырау облысының Цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысының Цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасын құру туралы
Дата публикации
12 октября 2023