Атырау облысында архив ісін дамытудың негізгі
бағыттары бойынша 2026 жылдың I-жартыжылдығында
атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Архив ісін мемлекеттік реттеу
Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты облыс архив мекемелері облыстың архив қоры құжаттарының сақталуы мен мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, ведомстволық архивтерге, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың құжаттарына іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылық жүргізу, құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау, жеке және заңды тұлғаларға архивтік анықтама беру – мемлекеттік қызмет сұраныстарын орындау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.
Сонымен қатар, мекеме, ұйымдардың ведомстволық сақтау мерзімі жеткен құпия құжаттарды мемлекеттік сақтауға архивке қабылдау жұмыстары жүргізіліп, құпия құжаттармен жұмыс жасайтын мамандарға әдістемелік көмектер көрсетілді.
1-бағыт. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры
құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету
Есепті кезеңде облыстың архив мекемелерінде архив қорлары құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жоспарға сәйкес құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту, істерді қалпына келтіру, түптеу, тігу, мұқабаларын рәсімдеу, залалсыздандыру жұмыстары жалғасын тапты.
Есепті мерзімде архив мекемелеріндегі - 23667 с.б. құжаттардың толықтығы, жәй-күйі тексеріліп, тексеру беті және жәй-күйінің актісі толтырылды. Архив қорындағы қағаз негіздегі құжаттарға физикалық, химиялық өңдеу жұмыстары 2267 с.б. 52559 параққа жүргізілді.
2026 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік архивтерінде 1870 қорында 868311 сақтау бірлігіндегі құжат сақталуда.
2-бағыт. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын жүзеге асыру, Ұлттық архив қорын толықтыру мақсатында мекеме, ұйымдардағы құжаттама қызметі мен ондағы құжаттардың сақталуы, мемлекеттік архивке уақытында тапсыру үшін ведомствалық архивтер мен мекемелердің іс жүргізуін қадағалауда біршама жұмыстар атқарылды. Ведомстволық архив құжаттарына ғылыми-техникалық сараптау, өңдеу жұмыстары жүргізуге архив мекемелері тарапынан 265 мекеме, ұйымға әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыс әкімдігі жанынан құрылған консультативті кеңесші орган Сараптау-тексеру комиссиясының 6 отырысы өткізілді. Сараптау-тексеру комиссиясы арқылы – 1003 с.б. құжат өтіп, 267 с.б. құжат архив қорына қабылданды.
Атырау облысында 9 мемлекеттік архив жұмыс істейді: 1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық.
Мемлекеттік архивтер 10 ғимаратта орналасқан, оның ішінде
6 архивтердің балансында, қалған 4 ғимарат құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жалға алынған ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар, облыс бойынша архив қоймаларының орташа жүктелу пайызы 98 %.
3- бағыт. Дерек базасы есебін және автоматтандырылған ғылыми анықтамалық аппарат құру
Мемлекеттік архивтің қызмет көрсетудегі басты жұмысы архивтік анықтамалар беру болғандықтан, оның жұмысын оңтайландыру, қор құжаттарын тиімді пайдалану, ақпараттық іздестіру жүйесін жеңілдету мақсатында қалалық, аудандық архивтерде еңбек өтілі бойынша көп сұранысқа ие болып табылатын қорлардың жеке құрам құжаттары (бұйрықтар) бірыңғай деректер базасына енгізілуде. Есепті мерзімде 3 қор 64 с.б. 2574 бұйрық енгізілді.
2026 жылдың I-жартыжылдығы бойынша ақпаратты іздестіру жүйесіне деректер дайындау мақсатында облыс архив мекемелерімен цифрлық форматқа көшірілуге алынған құжаттар жүйелі түрде жүргізіліп, 4922 сақтау бірлігіндегі 505399 парақтағы іс құжаттарының енгізілуі қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні архивтік құжаттардың 8,8% цифрландырылды. (2012-2026 жылдың I-жартыжылдығы аралығында – 77002 сақтау бірлігіндегі 6518250 парақ цифрланды).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық архивтерін «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесіне қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында облыстық архив және оның филиалдарымен 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 1870 қор 7462 тізімдеме, мекеме, ұйымдардың толықтыру көздері бойынша 1015 мәлімет, 1013 бақылау ісі, 1013 істер номенклатурасы, 88 келісім шарт, 4612 с.б. аса құнды және 33588 с.б. 2321713 парақтағы құжаттары енгізілді.
4-бағыт. Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану
Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытындажеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындауда, есепті мерзім ішінде түскен барлығы – 4028 әлеуметтік-құқықтық (3946 сұраныс: 2346-қанағаттандырылды, 1600-түсіндірілді), тақырыптық (66 сұраныс: 38-қанағаттандырылды, 28-түсіндірілді) және гениологиялық (16 сұраныс: 7-қанағаттандырылды, 9-түсіндірілді) сұраныстардың 2391 (59%) сұранысы қанағаттандырылып, қалған сұраныстың, яғни 1637 (41%) сұранысқа тиісті түсінік жауаптары берілді. Басқа салаға қатысты-233 сұраныс түсті.
Электронды портал бойынша – 1764 сұраныс орындалды.
Сонымен қатар, архив мекемелеріне тікелей 2264 (Қазақстан Республикасы азаматтарынан-2228 және шет ел азаматтарынан-36) сұраныс түсіп, тиісті жауаптары берілді.
«Облыс мемлекеттік архив мекемелерінің 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру жөніндегі медиа-жоспарды» іске асыру мақсатында, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша барлығы 26 іс-шара өткізілді. Атап айтар болсақ: облыстық, қалалық, Махамбет және Индер аудандық филиалдарымен жергілікті жердегі газет бетіне 5 мақала жарияланып, 1 тікелей эфир, 2 дөңгелек үстел ұйымдастырылды және 3 консультациялық түсіндірме және кеңес жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 6 бейнеролик, 3 инфографика дайындалды, 2 брошюра, 1 буклет жасақталды және 3 стенд жаңартылды.
Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытында Атырау облысы мемлекеттік архиві және филиалдарында 1-конференция, 8-көрме, 8-кездесу, 5-семинар, 3-дәріс, 4-экскурсия ұйымдастырылып, фейсбукта-169 ақпарат, жергілікті газет бетіне 11-мақала жарияланып, 19-бейнеролик дайындалды.
Жеке қорын ашу бағытында қоғамдағы өңірге белгілі тұлғалардың және Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құжаттары жинақталып, сараланып, 7 жеке тұлғаның жеке қоры ашылды.
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде 2026 жылдың 12-13 наурыз күндері өткен «Құжаттардың құндылығын сараптау, мемлекеттік және ведомстволық архивтерді толықтыру. Нормативтік-құқықтық база, әдістемелік қамтамасыз ету және практика» атты семинарға біліктілік арттыру бойынша 2 қызметкер қатысты.
Алматы қаласында өткен «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» ғылыми бағдарламасы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК 2026 жылғы 26 – 27 наурыз күндері «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» тақырыбында республикалық ғылыми – практикалық семинарына облыстық мемлекеттік архивінің архивисі С.Рахманова қатысты.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі аясында 19-21 мамыр аралығында Астана қаласында өткен еліміздің мәдениет қызметкерлері мен шығармашылық тұлғалардың басын қосатын ауқымды Республикалық форумға-5 қызметкер қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде 8-12 маусым - “Digital Archive EXPO” ІІІ архившілердің Халықаралық Конгресіне – 3 қызметкер және ІХ Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебіне Атырау облысы мемлекеттік архивінен - 1 қызметкер қатысты.
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы негізінде қабылданған құжаттаманы басқару және архив саласына қатысты нормативті-құқықтық актілерін одан әрі жүзеге асыруда тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.