Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бос тұрған келесі денсаулық сақтау ұйымының директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:
Конкурс өткізілетін күн және орны: 2024 жылғы 14 маусым күні Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігінің ғимараты, 3-қабат, 330 кабинетте өткізіледі. анықтама телефондары (8-7122) 27-11-23 электронды поштаның адресі: ozdrav_atyrau@mail.ru
Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
««Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны», 060009, Атырау қаласы, Владимирский көшесі, 22б, тел.: 8(7122) 21-22-18;
Кәсіпорынның қызметінің негізгі түрлері:
Мемлекеттік лицензия мен оның қосымшаларына сәйкес ЖИТС және АИТВ жұқпасының алдын алуды, диагностикалауды және емдеуді ұйымдастыру.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Білулері қажет:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі.
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;
денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Сондай-ақ тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндемелер;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодесінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар; (еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері)
5) Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бектіліген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)»№075/е нысаны бойынша анықтама
6) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы жөніндегі құжаттардың, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстардың және т.с.с. көшірмелерін) тапсыруына болады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2024 жылдың 13 маусым сағат 18.00-ге дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының адами ресурстарды басқару және медициналық ұйымдардың кадрлық ресурстарын мониторингілеу бөліміне келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, 322 кабинет, тел.:8/7122/27-11-23.