Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бос тұрған денсаулық сақтау ұйымының директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды

 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бос тұрған келесі денсаулық сақтау ұйымының директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:

Мекеме  атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған балалар үйі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 060003, Атырау қаласы, Оңдасынов  көшесі, 1 тел.: 8(7122) 45-37-38;

Конкурс өткізілетін күн және орны: 2024 жылғы 11 наурыз күні сағат 11.0-де Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігінің ғимараты,                3-қабат, 301 кабинетте өткізіледі. анықтама телефондары (8-7122) 27-11-23 электронды поштаның адресі: infozdrav@atyrau.gov.kz

            Мекеме қызметінің негізгі түрлері:

            Мемлекеттік лицензияға және оның қосымшаларына сәйкес төрт жасқа дейінгі дене бітімінің және психикалық дамуында кемістігі бар балаларды (тәрбиелеу жағдайларымен шарттасатын психикалық және дене дамуы тежелген балалардан басқа) психикалық бұзылуымен орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуымен тәрбиелеу және ұстауды қолдау бойынша қызметтерді көрсету.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);

      немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

      немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

      денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

      басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Білулері қажет:

          Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

      қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастырады.

  Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік мекеме қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

      Сондай-ақ тиісті мекеме басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.

 

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

    1)он сегіз жасқа толмаған;

      2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

       3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

       4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей қажетті құжаттар 2024 жылғы                      7 наурыз сағат 18.00-ге дейін келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, 310 кабинет, тел.:8/7122/27-11-23.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

       4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

6) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

 

Дата публикации
01 марта 2024
Дата обновления
01 марта 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2025
Қоғамдық денсаулық сақтау
16 октября 2025
Атырау облысының денсаулық сақтау бойынша АҚПАРАТ
16 октября 2025
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы