Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссия Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Геолог емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу жариялайды.
Конкурс 2023 жылғы 5 желтоқсан сағат 11.00-де Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №301 кабинетте өткізіледі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Геолог емханасы» ШЖҚ КМК-ның орналасқан орны және пошталық мекен-жайы: индекс 060016, Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог мөлтек ауданы, Атырау-Доссор тас жолы, құрылыс 49, телефон: 8 (7122) 52 18 07.
«Геолог емханасы» ШЖҚ КМК-ның негізгі қызмті болып мемлекеттік лицензия мен оның қосымшаларына сәйкес амбулаторлық-емханалық, бастапқы медициналық-санитариялық және консультативті диагностикалық, стационар алмастыратын және IV санатты жедел медициналық көмек көрсету табылады.
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулықсақтаунемесеұйымбейінібойыншажәне (немесе) экономика/қаржыжәне (немесе) бизнес және (немесе) құқықсаласындакемінде 5 жылжұмыстәжірибесінің;
2) денсаулықсақтаунемесеұйымбейінібойыншажәне (немесе) экономика/қаржыжәне (немесе) бизнес және (немесе) құқықсаласындағыбасшылыққызметтекемінде 3 жылжұмыстәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрынсыбайласжемқорлыққұқықбұзушылықжасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттіккәсіпорынбасшысыменжақынтуыстықжәнетуыстыққатынастағыадамдыбайқаукеңесініңмүшесіретіндесайлауғаболмайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2023 жылғы 4 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін комиссияға Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №300 бөлмеге келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) ҚР Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) ҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасыныңҚұқықтық статистика жәнеарнайыесепкеалукомитетініңаумақтықбөлімшелерібергенсоттылығыжәнесыбайласжемқорлыққұқықбұзушылықтарыжоқекендігінрастайтынқұжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігінарттыру, ғылымидәрежелер мен атақтар беру, ғылымижарияланымдар, алдындағыжұмысорныныңбасшылығынанұсыным) беруінеболады.
Конкурстық ұсыным салынған конверт Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай рәсімделуі тиіс.
Ескерту: конкурс қосымша конкурс болып саналады және конкурс нәтижесімен тағайындалған БК мүшесінің өкілеттілік мерзімі негізгі құраммен бірге 2024 жылдың 14 қыркүйегінде аяқталады.
Қосымша ақпараттарды мына телефондар бойынша білуге болады: 8 (7122) 27 09 14.