Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссия Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу жариялайды

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссия Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу жариялайды.

Конкурс 2023 жылғы 5 желтоқсан  сағат 11.00-де Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №301  кабинетте өткізіледі.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емханасы» КМК-ның орналасқан орны және пошталық мекен-жайы: индекс 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 196, телефон:  8 (7122) 27 01 84.

«№1 Атырау қалалық емханасы» КМК-ның негізгі қызмті болып мемлекеттік лицензия мен оның қосымшаларына сәйкес амбулаторлық-емханалық, бастапқы медициналық-санитариялық және консультативті диагностикалық,  стационар алмастыратын және IV санатты жедел медициналық көмек көрсету табылады.

         Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

         2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

         3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

         2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

         3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

         4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамдыбайқаукеңесініңмүшесіретіндесайлауғаболмайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2023 жылғы 4 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін комиссияға Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №300 бөлмеге келесі құжаттарды тапсыру керек:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

         2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

         3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

         4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

         6) ҚР Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

         7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

         Конкурсқақатысушыөзініңбіліміне, жұмыстәжірибесіне, кәсібидеңгейінеқатыстықосымшаақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Конкурстық ұсыным салынған конверт Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай рәсімделуі тиіс.

Ескерту: конкурс қосымша конкурс болып саналады және конкурс нәтижесімен тағайындалған БК мүшесінің өкілеттілік мерзімі негізгі құраммен бірге 2024 жылдың 6 мамырында аяқталады.

Қосымша ақпараттарды мына телефондар бойынша білуге болады:                                   8 (7122) 27 09 14.

 

Дата публикации
15 ноября 2023
Дата обновления
15 ноября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2025
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы
16 октября 2025
Атырау облысының денсаулық сақтау бойынша АҚПАРАТ
16 октября 2025
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы