«Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Атырау облысы әкімдігі қаулысының жобасы

Жоба

 «Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы  №125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзегірстер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген  қаулымен бекітілген   «Атырау   облысы   Денсаулық   сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 14-тармағы келесідей мазмұндағы 6-1), 8-1), 8-2), 8-3), 8-4) және 8-5) тармақшалармен толықтырылсын:

         «6-1) мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегімен қамтамасыз етуге арналған медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады;

8-1) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;

         8-2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаларда корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

          8-3) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

         8-4) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіби құзыреттілікке аттестаттауды жүргізеді;

         8-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның іске асырылуына мониторинг және көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттануы бойынша нәтижелерді бағалауды жүргізеді;»;

         көрсетілген  қаулымен бекітілген   «Атырау   облысы   Денсаулық   сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 14-тармағына келесі өзгерістер енгізілсін:

         14-тармақтың 21) тармақшасы келесі редакияда қайта мазмұндалсын:

         «21) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады»;

         14-тармақтың 18) және 25) тармақшаларындағы «әзірлеп», «әзірлейді және» деген сөздер алынып тасталсын.

  1. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                                         С.Шәпкенов

Дата публикации
24 февраля 2026