Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«31 » тамыз 2022 жыл Атырау қаласы
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушының 2022 жылғы 18 тамыздағы №209 бұйрығымен құрылған топпен 2022 жылдың 8 айы бойынша Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының 02.02.2021 жылғы №Б-20 және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 04.02.2021 жылғы №46 бірлескен бұйрықтарымен құрылған топпен Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға жоспарлы талдау жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар берілген.
Басқарма мемлекеттік нысандағы медициналық ұйымдардың мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Басқармаға қарасты 36 медициналық ұйым болса, оның 2-уі - мемлекеттік мекеме, 34 - шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, оның 25-не байқау кеңесі енгізілген.
Құрманғазы аудандық сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы үкіміне сәйкес Құрманғазы аудандық ауруханасының 2 дәрігері 317-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 (үш) жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 (екі) жыл 06 (алты) ай мерзімге және 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.
2021 жылғы 07 желтоқсандағы №81-VIІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабы 1-бөлігінің 1) тармағына сай аталған тұлғалар бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазадан босатылған.
Үкім заңды күшіне 2022 жылғы 14 тамызда еніп, бүгінгі күні үкімде көрсетілген дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру үшін Атырау облысы медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментіне жолданған.
ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес екі басшыға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде Ұсыныс түсіп, қаралған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілдерінің қатысуымен өтетін жиналыс қыркүйек айына жоспарланған.
***
Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының жаңа Ережесі ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың типтік Ережесіне сәйкес жасақталып, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №148 қаулысымен бекітіліп, Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткізілген.
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 13-бабы келесідей мәтіндегі тармақшалармен толықтырылған:
«21-1) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
21-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
21-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;».
Аталған Заң күшіне 2022 жылдың 1-шілдесінен бастап енген.
М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ (КазГЮУ) университетіне нормативтік құқықтық акті болып табылатын облыс әкімдігінің қаулы жобалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын алу үшін қарауға жолданады.
Ғылыми сараптама қорытындысымен «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің мәтіні әдеби тіл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелері барынша қысқа болуға, нақты мағынаны және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс.
Жалпы, НҚА жобасы көрсетілген талаптарды сақтай отырып әзірленді, алайда мынадай ескертулер бар:
Ереженің 11-тармағының екінші бөлігі: «Егер Басқармаға заңнамалық
актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі», - деп белгілейді. Алайда, бұл норма «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 164-бабының 3-тармағына тікелей қайшы келеді, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соқтырмайды, бірақ олар жойылуға тиіс.
Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №591 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес жасақталғандықтан, сәйкесінше ереженің 11-тармағының екінші бөлігі өзгеріссіз жазылған болатын. Алайда, ғылыми сараптама қорытындысына сәйкес аталған тармақ алынып тасталды.
Демек, аталған қаулының бұл нормасы 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңға қарама-қайшы келіп отыр.
Басқарма басшысы басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы медициналық ұйымдардың басшыларын және олардың ұсыныс негізінде орынбасарларын тағайындап, жұмыстан босатады.
Талдау барысында Басқармаға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының бос лауазымға конкурс өткізу тәртібіне қатысты төмендегідей мәселелер анықталды.
2011 жылғы 1 наурыздағы Заңның 149-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі,
ал 1-1) және 2) тармақшаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізеді және конкурс нәтижелері бойынша атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшы немесе алқалы атқарушы органның басшысы етіп тағайындауға кандидатураны тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсынады.
Іс жүзінде, байқау кеңесі енгізілген медициналық ұйым басшыларын тағайындау конкурсы 2020 жылғы 27 мамырдағы ҚР-ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке - дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес байқау кеңесімен жүзеге асырылып, байқау кеңесінің оң қорытындысын алған үміткермен еңбек шартын жасасу үшін Басқармаға үміткер құжаты мен отырыс хаттамасы ұсынылады.
Басқарма үміткердің құжаттарын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес ДСМ-не келісуге жолдайды.
Көрсетілген бұйрықтың 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес (тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы орган) Кәсіпорынның басшысы оң шешім алған қатысушыны тағайындау туралы ұсыныс енгізеді), келісу мерзімі көрсетілмеген, яғни Денсаулық сақтау басқармасы неше күнде келісу қажет, сонымен қатар, келісім беруден бас тартуға құқығы бар ма, әлде міндетті түрде келісу қажет пе, келісім беру кезінде қандай критерийлерді, болмаса принциптерді басшылыққа алады?
21-тармақта:
«Байқау кеңесі егер:
1) конкурстық өтінімдер қабылданбаған немесе кері қайтарып алынған;
2) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау нәтижесінде әңгімелесуге жіберілген кандидат анықталмаса немесе оң шешім алған кандидат анықталмаған жағдайда конкурсты өтпеді деп тану және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды» делінген.
Алайда, конкурс өтті деп танылуы үшін қанша үміткер құжат тапсыру қажеттілігі жазылмаған.
Сонымен қатар, аталған бұйрықта конкурсқа тапсыратын құжаттар нысаны жаңартылмаған. Мәселен, басшыларға қойылатын біліктілік сипаттамасы 26.11.2009 жылғы №791 (қазіргі уақытта күші жойылған) бұйрыққа, денсаулығы жайлы медициналық құжат нысаны 23.11.2010 жылғы №907 бұйрыққа сілтеме жасалған.
Іс жүзінде басшыны тағайындау ДСМ-нен келісім хат келіп тсүкеннен кейін жұмыс беруші актісі шығарылып келеді.
Атап айтқанда, конкурс өткізу туралы Қағидада үміткер таңдау кезінде дауыстар тең болған жағдайда, Байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылатындығы көзделген. Конкурс өткізу бойынша Байқау кеңесінің отырысы Байқау кеңесі мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде жарамды деп есептеледі (18, 19 - т.т.)
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20.02.2015 жылғы №113 бұйрығымен бекітілген Қағидасына
1-қосымшасының 4-тармағына сәйкес, Байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамнан құрылуы тиіс.
ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының ұсыныс негізінде уәкілетті органның айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешімін қоспағанда, кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын байқау кеңесі - басқару органы құрылуы мүмкін. Аталған Заңға сәйкес байқау кеңесінің құрамы тақ санды құрап, бес адамнан кем болмауы керек, құрамына Кәсіпорын басшысы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, яғни, ДСМ-нің өкілі кіруге тиіс.
Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығымен бекітілген. Соңғы өзгеріс 2018 жылы ғана енгізілген.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәртіпке сәйкес Байқау кеңесінің құрамына тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы және осы бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес конкурстық негізінде сайланатын өзге де тұлғалар кіреді.
Бұл жерде де Заң нормалары уәкілетті орган актісінің нормалары бір-біріне қайшы келеді.
Қағиданың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға Талаптарға сәйкес келетін төртеуден аз үміткер конкурстық өтінім берсе не конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, онда Конкурстық комиссия конкурсты өткізілмеді деп санайды және қайта өткізу туралы шешім қабылдайды делінген.
Сондай-ақ, көрсетілген Тәртіпте белгілі бір себептермен өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған тұлғалар байқау кеңесі құрамынан шығарылған соң саны 5-тен азайған ретте қосымша конкурстық іріктеу жүргізу тәртібі қарастырылмаған, осылайша, кейбір кезде байқау кеңесі мүшелері жұп санды құрап, кейбір ретте бестен аз болып қалады. Бұл өз кезегінде байқау кеңесінің объективті шешім қабылдауына кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жасау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі есебінде саналып отыр.
Кәсіпорын басшыларын тағайындау туралы №ҚР ДСМ-58/2020 бұйрықтан бөлек ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына сәйкес те жүзеге асырылады. Мәселен байқау кеңесі енгізілген Кәсіпорын басшыларын конкурстық іріктеуді байқау кеңесі жүзеге асырады делінсе, №70 бұйрықтың 3-бөлімінде байқау кеңесімен үміткерлерді келісу тәртібі қарастырылған.
Қазіргі уақытта №70 бұйрықпен байқау кеңесі жоқ Кәсіпорын басшыларын конкурстық іріктеу жүзеге асырылып отыр.
Аталған бұйрықта Кәсіпорынның басшысы кәсіпорын басшысы лауазымында болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтетіндігі жазылған. Алайда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 26-бабының 6-тармағына сәйкес Кәсіпорын басшылары әрбір үш жыл сайын, бірақ тағайындалған сәттен бастап бір жылдан ерте емес кезеңде аттестаттаудан өтеді. Мұның өзі Кодекс пен уәкілетті орган бұйрығының қарама-қайшылығын көрсетеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 27-бабына сәйкес медициналық ұйымдардың басшылары үшін менеджер сертификатының болуы туралы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап талап қойылған. Және ДСМ бұйрығымен (21.12.2020 ж №ҚР ДСМ-305/2020) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес менеджер сертификаты болуы міндетті.
Алайда, күні бүгінге дейін менеджерлерді дайындайтын аккредиттелген ұйымдар жоқтығын Министрлік те растап отыр.
Оған қоса №ҚР ДСМ-305/2020 санды бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптарына «және», «немесе» деген терминдер көп. Мұның өзі бір жағынан сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратынын ескере отырып, бір термин қалдыру қажет.
Басқармамен бүгінгі күні емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделуге жолдамамен жіберілген Атырау облысының тұрғындарына тегін немесе жеңілдікпен жол ақысын ұсыну қызметі көрсетілуде.
Бұл ретте, емделушілердің жолға кеткен шығындарын өтеу ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) талаптары негізінде Атырау облыстық мәслихатының 20.04.2011 жылғы №426-IV «Азаматтарға елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы» шешімі қабылданған.
Кодекстің жаңадан қабылдануына орай облыстық мәслихаттың 21.12.2020 жылғы №481-VI шешіммен күші жойылғанымен, орнына жаңа шешім шығарылмаған.
Басқарма басшысының 2022 жылғы 7 шілдедегі №300 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделуге жолдамамен жіберілген Атырау облысының тұрғындарына тегін немесе жеңілдікпен жол ақысын ұсыну туралы ережесі» (бұдан әрі - Ереже) және емделушілердің өтініштерін қарап, қорытынды шешім шығару үшін Басқарма жанынан комиссия құрамы бекітілген.
2022 жылдың 8 айы бойынша барлығы 1640 өтініш қаралып, 93 320 574 теңге көлемінде емделушілердің жолға кеткен шығындары төленген.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ 2020 жылғы 7 қазандағы №ҚР ДСМ-116/2020 «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес М.Қарабаев атындағы Қостанай облысының оңалту орталығына травматология-ортопедия, кардиология - кардиохирургия, неврология - нейрохирургия профильдері бойынша және коронавирусты пневмонияға шалдыққан науқастар Басқарманың жолдамасы негізінде, «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ХОБЛ)», бронхиалды демікпе (бронхиальная астма) аурулары бойынша емдеуге жатқызу порталы арқылы ҚР ДСМ «Бурабай» ШЖҚ РМК-на жолданады, балалар ҚР ДСМ «Алатау» балаларға арналған клиникалық санаторий» ШЖҚ РМК-на жолданады. Қостанай облысының оңалту орталығына және «Алатау» балаларға арналған клиникалық санаторийге жолдаманы емханалар салады, ақшасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен өтеледі, ал, Бурабайға жолдама Басқармамен беріледі.
Осы орайда, жоғарыда аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге ұсыну қажет.
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған бұйрыққа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша шағымдану құқығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мен алушыға берілген.
Басқарманың жұмыс тәжірибесінде келесідей жағдай орын алған:
Өткен жылдың аяғында Қызметкермен еңбек шарты бұзылады. Алайда, қызметкер сол күні жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жедел жәрдем қызметін шақырады, содан соң дабыл парағы негізінде келесі күннен бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағын аштырады.
Содан соң Қызметкер еңбек инспекциясына шағым түсіріп, мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру тағайындалып, басқармаға жүргізілген тексеріс нәтижесімен еңбек инспекторы нұсқамасында сот арқылы шағымданбаған, заңды күшке ие еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ашылған деп жазады.
Осылайша еңбекке уақытша жарамсыздық парағының негізсіз ашылуы Басқарма басшысы бұйрығының заңды шығарылғандығына күмән тудырады. Осылайша, Басқарманың заңды мүддесіне кесірі тиді деп есептеп, Басқармамен облыстық ауданаралық әкімшілік сотына Қызметкерге берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылу мерзімін өзгерту және еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылған күнін жою туралы талап арыз жолданып, нәтижесінде сот отырысы барысында еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қағида талаптары бұзыла отырып, ашылғанымен, Қағида талаптарына сәйкес Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші немесе алушы болып табылмайтындықтан талап арыз қанағаттандырудан бас тартылды.
Негізсіз еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашу бойынша қызметкердің әрекеті тексеруші орган тарапынан жұмыс берушінің заңдылығына қатысты күмән тудырады, сәйкесінше Жұмыс берушінің мүддесіне залал келтіріп отыр.
Осы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыс берушілерге де шағым түсіру құқығын беру жөнінде өзгеріс енгізу қажет.
Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша уәкілетті органдарға басқарма басшысымен ұсыныс хаттар жолданғанын ескере келе ұсыныс хаттарды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен жолдау қажет.
Ұсынылады:
- Басқарма туралы ережеге Кодекске енгізіліп, 1 шілдеден бастап күшіне енген өзгерістер бойынша тиісті функцияларды қосу қажет (мерзімі: қазан айының 30-на дейін);
- Денсаулық сақтау министрлігіне конкурс өткізу туралы Қағидаға үміткермен еңбек шартын жасасу және бұйрық қабылдау мерзімін көрсету, келісу мерзімін өзгерту, т.б жөнінде өзгерістер енгізу үшін қайталап, облыс әкімі орынбасарымен хат жолдауға (мерзімі: қыркүйек айының 20-на дейін);
- Ұлттық экономика министрінің 20.02.2015 жылғы №113 бұйрығымен бекітілген Қағиданың талаптарына Байқау кеңесінің мүшелерінің санын көбейту немесе белгілі бір себептермен саны азайғанда қосымша конкурс өткізу мәселесі бойынша ұсыным хат жолдауға (мерзімі: қыркүйек айының 20-на дейін);
- Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну қызметін, оңалту орталықтарына жолдама беру туралы қызметті, М.Қарабаев атындағы Қостанай облысының оңалту орталығына, ҚР ДСМ «Бурабай» ШЖҚ РМК-на және ҚР ДСМ «Алатау» балаларға арналған клиникалық санаторий» ШЖҚ РМК-на жолдауды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыну;
- «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыс берушілерге де шағым түсіру құқығын беру жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ұсыным енгізу;
- ҚР ҰЭМ - нің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына басшыларды тағайындау және аттестация жүргізу бөліктеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс беруге;
- ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарын қайта қарастыру туралы уәкілетті органға ұсыныс беру;
- Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну бойынша жаңадан мәслихат шешімін қабылдау
(қазан айының 30-на дейін)
***
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Персоналды басқару
Басқармада мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 21 бірлікті құраса, оның ішінде бос лауазымдар саны 3 бірлікті (тұрақты) құрайды.
2022 жыл басынан 4 қызметкермен жеке арыздарына сәйкес, еңбек шарттары бұзылды.
Аталған мерзім ішінде 5 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған, мерзімінен бұрын алынған.
Бүгінгі күні (01.07.2022ж жағдайымен) медицина кадрларының тапшылығы 220 бірлікті құрады. Аса қажет деп танылған мамандықтар бойынша қажеттілік: 24 анестезиолог-реаниматолог, 23 акушер-гинеколог, 14 инфекционист, 12 педиатр, 62 жалпы тәжірбиелі дәрігер қажет.
Бұл ретте, а.ж. басынан бері дәрігерлер тапшылығы 19 бірлікке ұлғайды (2021 жылдың қорытындысы бойынша - 201.).
Басқармаға бағынысты 36 медиицналық ұйым бар. Оның 3-уі («Атырау облыстық офтальмология ауруханасы» ШЖҚ КМК 2018 жылғы 17 қазандағы №2 шартымен, «№2 қалалық емханасы» 2018 жылғы 24 желтоқсанда МЖӘ серіктестігі жобасымен, «Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы» ШЖҚ КМК 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Б/Н/253/4 шартына сәйкес) сенімгерлік басқаруға берілген.
25 медициналық ұйым басшылары тағайындалған болса, олардың 4-уі зейнеткерлік жаста.
ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, конкурстық рәсімдер Байқау кеңестері арқылы өткізілсе, 1 мекеменің басшысының бос орнына үміткерлердің конкурстан өтпеуіне орай, басшы орнында міндетін атқарушы отыр.
Медициналық ұйым басшыларының бір лауазымда 5 жылға жуық немесе одан да ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқаны бойынша мониторинг жүргізілді, 5 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта қызмет етіп келе жатқан бастапқы медико-санитариялық ұйымда - 2, стационарлық ұйымда - 2, мамандандырылған ұйымдарда - 5.
Жыл басынан 4 медицина ұйымы басшылары жұмысқа қабылданды.
Кәсіпорындардағы Байқау Кеңестерінің қортындысымен ҚР ДСМ келісімімен 3 медицина ұйымы басшылары тағайындалып, 1-уіне ДСМ келісім бермеуіне орай тағайындаудан бас тартылды.
Бір лауазымда бірнеше жыл ұзақ отыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келетінін ескеріп, қазіргі уақытта қолданыста денсаулық сақтау ұйымдары басшыларына ротациялау заңнамалық актімен реттелмегендіктен, ротация жасау жөнінде нормативті-құқықтық актінің қабылдануы аса қажет болып отыр.
Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 11 медиицна ұйымдарының басшыларына тәртіптік шаралар қолданылған. Мерзімінен бұрын түсірілгендер болмаған.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тапсырмасына сәйкес, Агенттіктің аумақтық департаменттерімен Заңның нормаларының сақталуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг нәтижесімен мемлекеттік қызметкерге теңескен мемлекеттік орган басшысы ретінде кәсіпкерлік субьектісі тіркелгендіктен, бір басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аталған бұзушылықтардың алдын алу мақсатында медицина ұйымдары басшыларына ескерту хат жіберілген.
Ұсынылады:
-қызметкерлердің жазасын мерзімінен бұрын алу уақытын ҚР Еңбек Кодексіне көрсету туралы уәкілетті органдарға ұсыныс беру (мерзімі: 10-қыркүйекке дейін);
- 5 жылдан жоғары бір лауазымда отырған медициналық ұйымдар басшыларының ротациялауды заңдастыру туралы уәкілетті органға облыс әкімінің орынбасарымен ұсыныс жолдау (мерзімі: қыркүйек айының 20-на дейін).
***
Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Басқармамен және облыстағы медициналық ұйымдармен 19 түрлі медициналық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде жоғарыда аталған қызметтердің тек 3-уі ғана толық электронды, 15-і баламалы (электронды/қағаз) және 1-уі қағаз түрінде көрсетіледі.
***
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бұлтты құжат айналым (ОДО) базасы арқылы және «E-otinish» арқылы 2022 жылдың 8 айы бойынша 389 өтініш, ОДО арқылы 92 өтініш келіп түскен.
Өтініштердің ішінде азаматтық заңнамаға сәйкес келісім шарт тараптары болып табылатын медициналық ұйымдардың шарт міндемелерін орындамауы, дәрігерлердің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым, еңбек қатынастары бойынша мәселелер, т.б көтерілген.
Ұсынылады:
- медициналық ұйымдардың күту орындарында, әлеуметтік желілерінде, интернет сайттарында және БАҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде, бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберуге жататын аурулар тізбесіне жататын ауру түрлері және Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделу үшін жолдама беруге жататын аурулар тізбесі, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі және тегін кепілдік берілген медициналық көмектер тізбесі туралы, дәрігерлердің қабылдау уақыты мен дәрігерлерге онлайн жазылу мүмкіндігі туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, ақылы қызметтер туралы, т.б халықтың медициналық медициналық көмекті алумен байланысты нақты ақпараттарды жариялануын қамтамасыз ету (мерзімі: үнемі);
- учаскелік дәрігерлердің өздерінің қарау учаскесі бойынша емделушілердің назарына оларға тегін кепілдік берілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар және тегін кепілдік берілген медициналық көмектер туралы ақпараттарды жеткізуге, скринингтен уақтылы өтуіне, шаралар алуға (мерзімі: үнемі);
***
Мемлекеттік сатып алу
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы 03.01-23.06.2022 аралығында мемлекеттік сатып алу веб-порталына 98 лот жоспарланып, 1316998015,33 теңге қаражат бекітілді. Қазіргі күнде 115 келісім-шарт жасақталды.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың 18-ші сәуір №7427180-1 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу жариялаған болатын. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметке әлеуетті өнім берушілер:
1) «Өркениетті Қазақстан»;
2) «Қазақстан еріктілері лигасы ҚҚ»;
3) «Институт общественного здравоохранения» ЖММ; 4) «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциясы» Заңды тұлғалар бірлестігі ЖСН 991 240 005 539 қатысты.
Жеңімпаз болып №523401329-ГСЗ1 «Институт общественного здравоохранения» ЖММ, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциясы» Заңды тұлғалар бірлестігі айқындалды.
Алайда, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» РММ-нен 2022 жылғы 15-ші маусымда №231010000-ГСЗ-26/1175650/176649 хабарламасы келіп түсті. Хабарламада төменде көрсетілген заңбұзушылықтар анықталған:
- ұйымдастырушы КО 1-қосымшасының 3,5-тармақтарының бұзуы ұпайлар «Өркениетті Қазақстан», «Қазақстан еріктілері лигасы ҚҚ», «Институт общественного здравоохранения» ЖММ, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциясы» Заңды тұлғалар бірлестігі әлеуетті жеткізушілеріне заңсыз қолданылған. Яғни, ұпайлар қате қолданылған.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде анықталған бұзушылықтар жоюға жататындығы анық көрсетілген. Осыған орай, Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаны негізге ала отырып әлеуетті өнім берушілерге балдық жүйені қайта қарау қарастырылды. Жеңімпаз ретінде «Институт общественного здравоохранения» ЖММ танылды.
Заң бұзушылықтар камералды бақылау нәтижесінде өз уақытында сапалы орындалды.
Ағымдағы жылдың 8 айында Ішкі мемлекеттік аудитпен және тексеру комиссиясымен аудит жүргізіліп, нұсқамалар берілген.
Атап айтқанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның 2022 жылғы 18 сәуірдегі №30 бұйрығымен бекітілген 01.01.2021-31.12.2021жж аралығына жүргізілген аудиторлық қорытындысымен 94 187,9 мың теңгенің қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары аудит кезінде бухгалтерлік жазбалар беру арқылы есеп бойынша көрсету арқылы қалпына келтірілген.
Мекеменің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде сомасы 146,1 мың теңгенің басқа да активтері көрсетілмеген.
Атырау облысы Тексеру комиссиясының 2022 жылғы 4 мамырдағы №1 нұсқамасына сәйкес Басқармаға жүргізілген аудит нәтижесімен 359 748,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 4 657,4 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 315 612,2 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 39 478,6 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік бұзушылықтар саны 40 бірлік. Өтелуге жататын 4 657,4 мың теңгенің аудит барысында 382,6 мың теңгесі өтелген. Бүгінгі күні нұсқама кезең-кезеңмен орындалуда.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 20 шілдедегі шешімімен Атырау жоғары медициналық колледжіне мемлекеттік тапсырыс бойынша артық төленген (оқудан шығарылған студенттер үшін) 26 826 500 теңгені жергілікті бюджет есебіне өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылғы 4 мамырдағы №4 нұсқамасының 1-тармағының күшін жойып, негізсіз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылды.
Талап қоюшы Атырау облысы Денсаулық басқармасы «Атырау жоғары медицналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жауапкер «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2022 жылғы 4 мамырдағы №2 нұсқаманың 1- тармағының күшін жойып, жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылған.
Медициналық құрылғыларды сатып алуға қатысты тендер қорытындысымен келіспеген әлеуетті өнім берушінің талап арызы негізінде ӘРПК – не сәйкес 3 сот отырысы өткен:
2022 жылдың 16 ақпанында Басқармамен медициналық құрылғыларды сатып алу тендерін өткізу туралы хабарландыру жарияланған. 23 ақпанда ҚР ДСМ-нен медициналық техникаларды «СҚ-Фармация» ЖШС базасында орталықтандырылып сатып алуға көшкенге дейін медициналық техникаларды сатып алуды тоқтата тұру туралы хат келген.
Халық сұранысын қанағаттандыру, оларды уақтылы және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне жарияланған тендерді одан әрі ҚР Үкіметімен бекітілген Қағидаға сәйкес өткізіліп жатқаны және орын алған мәселе шешім шығаруға ықпал ету туралы 28 ақпанда және 16 наурызда облыс әкімі орынбасарларымен хаттар жолданған.
Жоғарыда аталған хаттан басқа уәкілетті органдармен Бірыңғай дистрибьютормен медициналық құрылғыларды орталықтандырып сатып алу рәсімін реттейтін нормативтік құқықтық құжат қабылданбаған.
Медициналық құрылғыларды сатып алу ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 4 маусымдағы №375 қаулысымен жүзеге асырылады. Аталған қаулының нормаларына сәйкес сатып алу рәсімін тоқтату негіздемелері көрсетілмеген. Көрсетілген қаулыға тек 2022 жылғы 11 мамырда ғана бағасы 20 000 000-ға дейінгі медициналық құрылғылар бюджет әкімшісінің келісімімен Тапсырыс берушілермен алныатындығы, ал 20 000 000-нан астам соманы құрайтын медициналық құрылғылардың бірыңғай дистрибьютормен орталықтандырылып сатып алынатындығы көрсетілген. Енгізілген өзгеріс тек 4-маусымда ғана күшіне енген.
Өткізілген тендер бойынша мамырда бір әлеуетті өнім берушінің арызы негізінде Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексеру жүргізіліп, арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.
Өтініштің қаралуымен келіспеген әлеуетті өнім беруші Басқарманы және ДСМ-нің әрекеттеріне шағымданып Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік ауданарлық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылды, аталған шешімге берілген апелляциялық шағым 22 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.
Ұқсас талаппен Басқарманы, Ішкі мемлекеттік аудит департаментін, Ішкі мемлекеттік аудит Комитетін сотқа беріп, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік ауданаралық сотының 2022 жылғы 18 тамыздағы шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сондай-ақ, аталған қаулыға өзгерістер еніп, сатып алуды қағаз нысанынан электронды нысанға көшіріп, веб портал арқылы сатып алу көзделген болатын. Алайда, тиісті өзгерістер енгізілгенімен, веб портал әлі күнге дейін іс жүзінде жүзеге асырылмағандықтан қайтадан қағаз нысанға ауыстыру туралы шешім қабылданып, тиісті өзгерістер енгізу туралы қаулы жобалары тиісті сараптамалардан өтуде.
Бұл ретте, сатып алуды өткізуге жауапты маман тиісті заңнамалық актіге енгізілген өзгерістерді жіті қадағалап отыруы тиіс.
Ұсынылады:
- есеп жүргізумен және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын жауапты мамандардың белгілі бір реттеуші заңдарға өзгерістер енуімен байланысты біліктілігін арттырып отыру, жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу және мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарды салалас мемлекеттік органдардың тиісті бөлімдеріне тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасуға жіберіп отыру
(мерзімі - жоспарға сәйкес)
- уәкілетті органдармен жүргізілген тексеру қорытындыларындағы заңбұзушылықтарды болдырмауға, алдын алуға шаралар алуға
(мерзімі - үнемі)
***
Сот отырыстары туралы
2022 жылдың өткен мерзімі бойынша Басқарма тарап ретінде 18 бірінші сатыдағы сот отырысына, 6 апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысқан. Оның ішінде 8 іс бойынша жауапкер, 2 іс бойынша талапкер, 8 іс бойынша мүдделі тұлға ретінде қатысқан. Оның ішінде 4-уі ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 тамыздағы №ҚР ДСМ-93/2020 санды бұйрығымен (11.10.2021 жылғы №102 бұйрықпен күші жойылған) коронавирустық инфекциямен күресуге жұмылдырылған медициналық қызметкерлерді көтермелеу ақысының азаюымен байланысты.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы шығарылымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы талаптарының орындалуы.
Облыс көлеміндегі медициналық ұйымдардың басым көпшілігінде баспасөз қызметіне жауапты мамандар айқындалған. Баспасөз мамандары жоқ ұйымдарға баспасөзге жауаптылық негізгі қызметкерлерге қосымша жүктелген. Баспасөз қызметінің міндетіне медициналық ұйымдарда болып жатқан жаңалықтар мен жайттар туралы интернет ресурс пен әлеуметтік желілер арқылы халықты ақпараттандырып отырады.
Облыстағы медицина саласына қатысты мақалалар орын алған.
Мысалы, төмендегі БАҚ сілтемелері:
http://youtu.be/bKBmW75Y7V0
https://youtu.be/mvvzViggrt0
https://youtu.be/5e3bXqwu7pA
Ұсынылады:
-БАҚ шығарылымдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, жарияланған сыни шығарылымдарда көрсетілген фактілерге жедел әрекет жасауды қамтамасыз етуге, баспасөз қызметіне жауапты мамандардың қызметін күшейту, Басқарманың және басқармаға бағынысты кәсіпорындардың ресми интернет ресурстарын, әлеуметтік желілерін халыққа және қоғамға тиімді ақпараттармен жаңартып отыру (мерзімі: үнемі);
- Басқармаға бағынысты ұйымдардың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстарын сапалы жүргізіп, нәтижесін Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық департаментіне жолдануын қамтамасыз ету (мерзімі: жоспарға сәйкес).
А.Рсқалиева
Басқарманың бөлім басшысы;
Г.Нургалиева
Басқарманың бөлім басшысы
Б.Ташенова
Басқарманың бас маман заңгер;
А.Айткалиева
Басқарманың бас маманы;
Н.Супалдиярова
Басқарманың бас маманы
Басқарма басшысының
уақытша міндетін атқарушы
__________________
Қ.Абдалиев